Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері. Геометрия, 7 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері
Сабақтың оқу мақсаты:
7.3.2.10 тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және қолданады
Бағалау критерийі:
Үшбұрыштың қасиеттері
Тең бүйірлі үшбұрыш
Кілттік сөздер: үшбұрыш, тең бүйірлі, бүйір қабырға, табаны, төбесі
АС, ВС – бүйір қабырғалары, АВ – табаны.
∠А және ∠В – табанындағы бұрыштары,
∠С - төбесіндегі бұрыш
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
▲Тең бүйірлі үшбұрыштың табанында жатқан бұрыштары тең болады.
▲Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген биссектрисасы әрі биіктік, әрі медиана болады.
▲Тең бүйірлі үшбұрыштың табан бұрыштарынан жүргізілген екі биссектрисасының (медианасы, биіктігінің) ұзындықтары тең болады.
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
▲Тең бүйірлі үшбұрышта бір ғана симметрия өсі бар.
Тең бүйірлі үшбұрыштың белгілері
▲Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда ол тең бүйірлі үшбұрыш.
▲Егер үшбұрыштың биссектрисасы әрі медианасы (биіктігі) болса, онда ол тең бүйірлі үшбұрыш.
Теорема: Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болады.
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
1
Теорема. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген биссектрисасы әрі биіктік, әрі медиана болады.
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Дайын сызбамен берілген есептер
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Дайын сызбамен берілген есептер
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
1 тапсырма
Тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі ВD = 6 см, АВD үшбұрышының периметрі 17 см, онда АВС үшбұрышының периметрі неге тең?
Шешуі: Р(ABD) = AB + BD + DA
17 = AB + 6 + 0,5AC;
AB +0,5AC = 9;
Өрнектің екі жағын да 2-ге көбейтеміз.
2АВ + АС = 18, P(ABC) = 18 см.
Жауабы: 18 см
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
2 тапсырма
AD, CN - АВС тең бүйірлі үшбұрышының медианалары. AD = 4 см, АВ = BC, ал ∆BCN периметрі Р = 13 см. AB табыңыз
Шешуі: Р(ВСN) = BC + СN + NB
СN = AD = 4 см – ?
13 = 0,5AB + 4 + АВ; 1,5AB = 9;
Өрнектің екі жағын да 2-ге көбейтеміз.
3АВ = 18, AB = 6см.
Жауабы: 6 см
Интернет көздері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру