Бөлменің жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдар-жабдықтар. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал 2.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Бөлменің жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдар- жабдықтар» тақырыбына арналған сабақ «Үй мәдениеті» бөлімінің бесінші тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын оқушылар бөлмені жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдарды жан- жақты қарастырады.

Сабақ зерттеу және қолдану дағдысына негізделген. Коллаборативті орта қалыптастыру үшін сабақты шағын «қызықты сұрақтар» ойынмен бастау ұсынылады. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaртуға көмектеседі.

Сабақ барысы

Презентация:....

Сабақтың бастапқы бөлімінде миға шабуыл жасау үшін сыныптағы оқушыларды топқа бөліп аламын. Жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар бейнеленген кәртішкелер көмегімен топқа бөлу ұсынылады. Оқушылар кәртішкедегі бейнелер арқылы сабақтың тақырыбын анықтауына көмектеседі.

Оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырып болғаннан кейін оқушылармен бірге жөндеу жұмыстары туралы талқылау ұсынылады. Қажет жағдайда оқушылардың жауаптарына түзетулер мен өзгертулер еңгізуге болады.

Келесі талқылау жұмыстарын жүргізу үшін оқушыларға «заманауи материалдармен құралдарды қолдану арқылы орындалған жөндеу жұмыстары» туралы бейнебаян көрсету ұсынылады. Көріп болғаннан кейін оқушыларға тақырыпқа сай талдау сұрақтарын қойыңыз.

Келесі кезекте заманауи материалдарға тоқталыңыз. Бұл оқушылардың білімдерін тереңдетуге көмектеседі. Ол материадарды қай бөлмеде және қалай қолдануға болатындары туралы түсіндіріп өту ұсынылады.

Жаңа тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін, топтық тапсырмаларын беріңіз.

Тапсырма. Топтық жұмыс.

Әрбір топ пәтердегі жөндеу жұмыстарының алгоритм арқылы орындалуын талқылауды ұсыныңыз.

Ескерту: Егерде арнайы ақпарат құралдары болмаған жағдайда жұмысты топта орындау барысында ұялы телефондарынан ғаламтор ресурстарды пайдалануды ұсыныңыз.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі қолданылады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу