Бөлменің жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдар-жабдықтар. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


Сырлау жұмыстары.

Тұрғын үйді әрлеуге желімдіәктімайлыэмальды және су-эмульсиялы сырлар, олифа және түрлі лактар пайдаланылады. Желімді сырмен тебен, қабырғаны сырлайды да, ал әкпен бөлмейін төбесін ақтайды. Олифа, майлы және эмальды сырлар — панельесіктерезегаз пештерін және су құбырларын; су эмульсиялы сыр-төбе мен қабырғаны ақтауға ; лак сырланған есік, терезе, еденді жылтыратып өң беру үшін қолданылады.

Сырлауға арналған аспаптар мен құралдар

Сырлау және әрлеу жұмыстарын өр түрлі бояужаққыш, арнаулы бояғыш біліктер (валик) , бояубүріккіш (краскопульт), пульверизаторлар пайдаланылады. Аумақты жерлерді сырлау үшін қылы ұзын дөңгелек бояу жаққыштар, ал есік, терезе, радиаторларды сырлауға шағын бояу жаққыштар суэмульсияны пайдаланғанда малма бояу жаққыштар (ұзынша ағаш сапқа орнатылған), ал желімді және казеинді сырлар үшін әктеуге арналған бояу жаққыштар қолданылады. Флейц-кистінің қылы ұзын, талшығы жіңішке әрі қатқыл болады. Онымен сырлаған жер біртегіс әрі жылтыр болып шығады. Жаңа боялған жердің ұзына бойын флейцтің ұшымен қатты батырмай сырлайды, сонда бояу жаққыштың ізі қалмай, біртегіс болып шығады.

Сырлау кеңестері

Боялған жер күңгірт түсті болып шығуы үшін қылы ұзын құрғақ щеткамен кеппеген бояулық үстінен жайлап жүргізеді. Щетканың қылы боялған жерді бүлдірмеуі үшін бір жерге екі рет жүргізуге болмайды. Бұл үшін киім щеткасын да пайдалануға болады. Жаңа малма бояу жаққыштар мен шағын қол бояу жаққыштарын пайдаланар алдында қылының 2/3 бөлігін жіппен орап байлап алған жөн (2-сурет). Қылдың желініп тозуына орай ораманы біртіндеп тарқатып отырады. Желімді сырларға арналған бояу жаққыштарын майлы сырлы бояу жаққыштарынан гөрі бостау орайды. Оралған бояу жаққыш тығыз болады да, сыр біртегіс жағылады және қылдың арасында бояу аз тұратын болады. Малма бояу жаққыштардың қылын жоғары қаратқан күйі қағазға орап сақтайды. Желімді сырларды пайдаланғанда сырбүріккішті, шаңсорғыш пульверизаторды немесе бау-бақшаға дәрі сепкішті қолдануға болады. Ол үшін сырды алдын-ала сүзгіден өткізіп алған жөн. Сырлау жұмыстарында арнаулы біліктер кеңінен қолданылады. Білік ағаш немесе алюминий цилиндр тәріздес болып келеді де, поролон немесе жүні қырқылған қой терісімен қапталады (тері жүнінің ұзындығы 12—15 мм). Білік ағашпен сапталады. Сырлаған кезде (әсіресе, желімді бояумен) бір жердің үстінен екі рет жүргізуге болмайды, өйткені сыр баттасып қалады. Жаңа білікті пайдаланбас бұрын 5—6 сағат суға салып қояды, сонда ол жұмсарып, цилиндрге тығыз тартыла түседі.

Сырлау жұмыстары біткеннен кейін

Құралдарды скипидар, керосин, бояу сұйылтқыш немесе уайт-спириттің көмегімен мұқият тазартып, сосын сабынды немесе содалы сумен жуады. Суэмульсияға салған бояу жаққыштарды бірден жуып тастаған дұрыс, өйткені эмульсия кеуіп, қатып қалады. Сырлы араластыруға және керекті түске келтіруге шелек, банка және леген керек. Лакты-бояулы материалдардың аузын мұқият жауып, қараңғы, салқын жерде ұстаған жөн. Металл заттардағы татты кетіру үшін болат қылды щеткалар пайдаланылады. Ескі бояу қабатын арнаулы қырғыштармен кетіруге болады.

Сырлауға дайындау

Тұрғын үйді әрлеуге желімді, сумен араластырылатын эмульcияны және майлы бояулар пайдаланылады. Көптеген лакты-бояулы материалдарды магазиндерден дайын немесе жартылай фабрикаттар күйінде сатып алуға болса, енді біреулерін, мәселен желімді сырлы қолдан жасауға да (су, бор, бояғыш пигмент және желім арқылы) болады.

Тұрғын үйді сырлағанда бояулық сілтіге төзімділігін де ескерген жөн. Жаңа әктелген қабырға мен бетон ұзақ уақыт қа дейін еттілік қасиетін сақтайды, соның негізінде эмальды және майлы сырдың құрамында болатын алкидті смолалар тез бүлінеді. Металл заттарды тат пен кірден металл щеткамен тазалайды. Сыланған қабырға, металл немесе ағаш заттарды майлы бояумен сырламас бұрын, оған олифа жағыл алған жөн. Бұл бояудың сырланатын затқа жақсы жұғуына септігін тигізеді. Бұрын ақ, сырмен боялған затты қайтадан сырламас бұрын ыстық сумен жуып, қырғышпен тазалаған жөн, егер кетпесе, 3% сірке суы немесе тұз қышқыл ының ерітіндісімен сүртеді. Сыланған қабырғалары дақ пен ысты тотияйын ерітіндісімен (1 л ыстық суға 50-ден 100 г дейін тотияйын қосады), ал майлы дақтарды 2 процентті ыстық сода ер і тінді-сімен кетіруге болады. Егер қабырғалары немесе төбедегі дақ тотияйынның ерітіндісімен сүрткенде кетпесе, онда үстінен мырышты ақ бояумен сырлап жіберу керек. Төбе мен қабырғаны тотияйын ерітіндісімен бір-екі рет сүрту қажет. Ерітіндіні басқа заттарға шашыратып алмас үшін сақ болған дұрыс. Желімді бояулы пайданалар алдында сырланатын жерді тегістеп алады да, қайнатылған сабынды, тотияйын және ашудас қосып жасалған сумен жуалы. Қоспаның құрамын анықтаған кезде тотияйынның әсерімен кейбір бояулық түсі кететін ін де ескерген жөн. Бояулық түсіне қарай кей жағдайда қайнатылған сабынды немесе ашудасты қоспаны пайдаланған дұрыс.

Желімді бояу мен ақтағыш заттар

Бұларды құрғақ жартылай фабрикаттардан, пигмент бояу мен желімнен жасайды. Бұл үшін борлы ыстық суға салып (су бордың жарты салмағындай болу керек), 1—2 сағат тұндырады. Екінші бір ыдыста бояғыш затты тура осындай әдіспен дайындайды. Үшінші ыдысқа 600 г .желімді 1 шелек су ға салып езеді. Сосын езілген борға біртіндеп бояғыш зат қосып араластырады. Бояғыш затты қосқан сайын сырдың түсін айқындап отырған жөн. Ол үшін сырлы фанердің кішкене бөлігіне жағын, кепкеннен кейін керек түспей салыстырып байқайды. Бояулық қою-сұйықтығын ажырату үшін оны таяқпен араластырады, егер оны ыдыстан шығарғанда сыр таяққа тұтас жағылса, әрі біркелкі сорғалап тұрса, оның қоюлығы қалыпты деп есептеледі. Егер сыр таяққа біркелкі жағылмаса,онда колерге бор мен бояғыш зат қосып қойылтады, ал қою болған жағдайда су құяды. Колердің түсін айқындағаннан кейін оған желім қосады. Бұл сырдың сапасын арттырады. Желім шамадан тыс көп қосылса қабыршақтанады да, ал жеткіліксіз болса, жолақтанып тұрады. Желім қосқан кезде бояу алдымен қоюланалы, сосын қайта сұйылады. Бұл-бояулық пайдалануға жарамдылығының белгісі. Желімді 60% тез кебеді, ол неғұрлым тез кепсе, бояулық түсі соғұрлым қанық болады.

Суэмульсиялы бояумен сырлау

Суэмульсиямен кез келген кабырғаны және төбені сырлауға болады. Сырланатын жерді желімді немесе майлы бояумен сырланғандағы сияқты дайындайды (дұрысы майлы бояудағыдай). Құрамында тотияйыны бар қоспамен тегістеуге болмайды, өйткені ол эмульсияның сапасын төмендетеді. Пайдаланар алдында бояулы мұқият араластырады, егер қоюланса, су қосып сұйылтуға болады. Сосын бояу жаққышпен, білікпен немесе пульверизатормен жағалы. Дұрыс пайдаланған жағдайда ұзақ уақытқа жарайды. Кебу мерзімі (18— 230С температурада) 30 минуттай аспайды, 1,5—2 сағатта әбден кеуіп болады. Бояулы кептіріп барып, екі қайтара жаққан дұрыс. 1 кг эмульсия 5 м2 жерге жетелі. Сауда орындарында әр түсті бояулар сатылады.

Пайдалынған ресурстар: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%8B%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%83_%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу