Бөлменің жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдар-жабдықтар. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 В - Бөлім Үй мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлменің жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдар- жабдықтар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.5.3

Тұрмыста жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында ақауларды жоюдың тиімді тәсілдерін табу

8.2.5.4

Тұрмыста жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында заманауи материалдар мен құрал-саймандарды зерделеу, таңдау және қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • Тұрмыста жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдарды зерттеу;
  • Тұрмыста жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдар көмегімен ақауларды тиімді жою тәсілін ұсыну.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Жөндеу жұмыстарына қажетті құрал- жабдықтар мен заманауи материалдарды анықтайды;
  • Жөндеу жұмыстарына қажетті құралдар мен материалдар көмегімен жөндеу жұмыстарын тиімді жүргізу тәсілдерін көрсету және түсіндіру.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Тұрмыста жөндеу жұмыстарына қажетті заманауи материалдар мен құралдардың ерекшелігін сипаттайды, талдайды;
  • Жөндеу жұмыстарына қажетті құралдар мен материалдар көмегімен жөндеу жұмыстарын тиімді жүргізу тәсілдерін талдап сипаттайды;

Пәндік лексика және терминология:

  • Левкас - желіммен араластырған алебастр немесе бор- Levkas;
  • Штукатурка- сылақ- Plaster;
  • Декоративная штукатурка- сәндік сылақ- Decorative plaster;
  • Гибкий камень- иілгіш тас- Flexible stone;
  • «Жидкая» плитка- «Сұйық» плита- "Liquid" tile;
  • Тепловые обои- Жылы түсті түсқағаздар- Thermal wallpaper;
  • Древесный светопропускающий композит- жарық өткізгіш ағаш композит- Wood light transmitting composite;
  • Жидкие обои- Сұйық түсқағаз- Liquid wallpaper.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

  • Мен құрылыс материалды таңдаған себебім........................
  • Мен тұсқағазды....................... ...................... желімдедім.
  • Мен келесі құралдар мен ........................... Берілген тұрмыс техникасының ерекшелігі................................болып табылады

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, тарих, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру.

«Комплимeнттeр бұрқacыны» әдіcі aрқылы ынтымaқтacтық aтмоcфeрacын құру. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрып, бір-бірінe мeйірімділікпeн қaрaуғa тәрбиeлeу. Оқушылар сынып ішінде үлкен бір щеңбер құрып, өз қасында тұрған сыныптастарына комплимeнттeр aйтaды.

Мыcaлы : Ceн бүгін өтe әдіміcің...

Ceн мeйірімдіcің...

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларды жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар бейнеленген кәртішкелер көмегімен топқа бөліп аламын. Бұл әдіс сабақтың тақырыбын ашып алуға көмектеседі.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

20 мин.

10 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сұрақтар:

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырып болғаннан кейін, оқушылармен бірге жөндеу жұмыстары туралы талқылаймын.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ата- аналарыңыз пәтерлеріңізге қандай жөндеу жұмыстар түрлерін жүргізді?
  • Жөндеу жұмыстары жанұя қаражатына байланысты болады ма?
  • Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында қандай құрал- жабдықтар пайдаланды?
  • Бөлмеге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қандай материалдар қолданады?

Келесі талқылау жұмыстарын жүргізу үшін оқушыларға заманауи материалдармен құралдарды қолдану арқылы орындалған жөндеу жұмыстары туралы бейнебаян көрсетемін.

Бейнебаян көріп болғаннан кейін сұрақтар қоямын:

  • Қандай заманауи материалдармен таныстыңыздар?
  • Жөндеу жұмыстарына қандай құралдарды тиімді қолдану керек?
  • Сіздер өз бөлмелерінді қандай заманауи материалдар мен құралдар көмегімен безендірер едіңіздер? Неліктен?

Осы кезеңнен кейін тағыда заманауи материалдарға тоқталамын.

ИКЕМДІ ТАС- Эластикалық, қалыңдығы 1,5-3 мм, түрлі- түсті қиыршық мәрмәрдан және экологиялық таза полимерден тұрады. Икемді тас құмдақ, клинкер кірпіш, қатпарлы тас және басқа ұқсас материалдарды имитациялайды.

Алауошақ, хауыз бен сауналарды, ванна бөлмелері мен асүйлердің интерьерін безендіру үшін қолданылады. Бұдан басқа, бұл материал қабырғаларды және қасбеттерді жабу үшін қолданылады.

СҰЙЫҚ ПЛИТКА

Шыңдалған шыны беті бар плиткалар тек еденге ғана емес, сонымен қатар ас үйдегі үстелшелерді өңдеуге де қолданылады. Ол сенсорлықты, қадамдарды сезгіш және интерьерге даралықты беріп, дизайнды өзгертіп тұрады. Сонымен қатар, «сұйық» плита тазалауға оңай, сондай-ақ шамадан тыс діріл мен дыбыстарды басады.

ЖЫЛЫ ТҮСТІ ТҮСҚАҒАЗДАР- Температураның әсерінен өз үлгілерін өзгертетін тұсқағаздар «гүлдену» деп аталады. Олардың ішінде визуалды әсерге жауап беретін жылу бояуы бар.

Алайда, абсолютті минус тұрақты температуралық өзгерістерге жағдай жасаудың қиындығы. Мұндай тұсқағазды жылытқыштардың жанына немесе жарық күн сәулесінің түсетін жерлеріне жабыстырған дұрыс.

ЖАРЫҚ ӨТКІЗГІШ АҒАШ КОМПОЗИТ- шыны талшығы бар жіңішке ағаш панельдердің материалы өте берік және герметикалық өңдеуден өткен. Панельдер мен ағаш түрлерінің арасындағы қашықтыққа байланысты жарық тарату дәрежесі өзгереді.

СҰЙЫҚ ТҰСҚАҒАЗ - табиғи целлюлоза немесе мақта талшықтарына негізделген экологиялық таза материал. Мұндай тұсқағаздармен сіз қабырғадағы саңырауқұлақ немесе көгерудің пайда болуына жол бермейсіз. Кез-келген аймақ зақымдалған болса, қабырғаның бүкіл бетін жөндеу жүргізбей- ақ, қажетті бетін ғана орындауға болады.

Ең бастысы, бұл тұсқағаздар жөңдеу жүргізетін алаңдарды мұқият дайындауды талап етпейді, керісінше, олар қабырғадағы ақауларды жасырады.

Тапсырма. Топтық жұмыс:

Әрбір топ пәтердегі жөндеу жұмыстарының алгоритм арқылы орындалуын талқылайды.

  • Жөндеу жұмыстарын неден бастаймыз?
  • Жөндеу жұмыстарының қай түрін жасайсыз?
  • Жөндеу жұмыстарын жүргізуде қандай құралдармен материалдар түрлерін қолданасыз?
  • Пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шығындарды қалай есептейсіз?

Жұмыстарды орындап болғаннан кейін, әр бір топ өз жұмыстарын таныстырады.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • Жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңдерін біледі;
  • Сенімділікпен жұмыс түрін таңдайды;
  • Жұмыс түріне қажетті құрал-жабдықтарды тиімді таңдай алады;
  • Жөндеу жұмыстарына қажетті шығындарды дұрыс есептей алады.

https://www.youtube.com/watch?v=C2bmI0iWnUw

Ішкі қабырғаны әрлеуге арналған материалдар

https://www.youtube.com/watch?v=nxZbl1_2XVI

жөндеу жұмыстарына қажетті құрал жабдықьармен жұмыс орындау

https://www.inmyroom.ru/posts/4671-menyaem-traditsii-novye-otdelochnye-materialy

Қабырғаларды жөндеуге арналған заманауи 5 материал.

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

2 stars and a wish «2 жұлдыз және бір тілек»

Екі жұлдыз - ұнайтын екі нәрсе (жұмыс бойынша);

  • Тілек – жұмысты жақсартуды қажет ететін ұсыныстар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу