![]() |
|
![]() |
Әлем халықтарының тағамдары. Тәуелсіз зерттеулер. Көркем еңбек (қыздар), 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 В –Бөлім. Тамақтану мәдениеті | Мектеп: Атырау қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Әлем халықтарының тағамдары. Тәуелсіз зерттеулер. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.3.1 Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде АКТ қолданып) 7.2.4.1 Әлем халықтарының тағамдары мен әлемге әйгілі аспасшылардың тағамдарындағы ерекшеліктерді сипаттап, салыстыру. | ||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||
Жетістік критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Ұлттық тағамдар, дәстүрлер, рецепт, ашытқы, наурыз көже, бауырсак, шелпек, бас аспазшы. Тілдік мақсатқа байланысты талқылауға арналған сұрақтар:
Аспазшылардың тағам дайындауда ұқсастығы… | ||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және өзгелерге құрмет Әлем халықтарының тағамдарын таниды. Қазақ және әр түрл халықтарының мәдениеттеріндегі дастархан басында өзін-өзі ұстау ережелерін меңгереді. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Еңбек және шығармашылық Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, жаратылыстану, химия-тағам өнімдерінің құрамы мен ерекшеліктері. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу. Тапқан ақпаратты керектеріне жарастыру. | ||||
Бастапқы білім | Оқушылар дұрыс тамақтану негіздері, асмәзірін құрастыру, асхана жабдықтарын зерделеген. Тағам дайындауға арналған жабдықтарымен, құралдарымен ыңғайландыру саймандарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптыстырған. Оқушылар жалпы асүй жабдықтарын танысып, материалдар мен құралдарды дұрыс қолданудағы қауіпсіздік техникасымен танысты. Асханалық құрал-саймандармен, құрылғылар жұмыс істеу және оларды қолданудың қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтер мен білім алды. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 мин | Сабақ басында:
| ||||
5 мин 25 мин 15 мин 10 мин 10 мин | Оқу мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру. Әлем халықтарының тағамдары. Тәуелсіз зерттеулер. Оқушылардаң қандай елде қандай тағамдар пісіретінің сұрай?
Оқушылар таңдаған елдің ұлттық тағамдарын топта зерттейді. Зерттеу барысында олар АКТ көздерін пайдалана отырып, тағам атауларына, шығу дәстүріне, ұсыну тәсіліне, азық-түліктерді таңдау және олардың үйлесіміне, дәмдік талғамына, белгілі аспазшылардың кәсіби жұмысына, ерекшелігіне назарын аударады. Оқушылар өздерінің зерттеу нәтижелерін буклеттер/кулинарлы анықтамалар/эссе/мақалалар түрінде көрсетеді. Оқушылар таңдаған елдің тағам ерекшелігін және белгілі аспазшының тағамды дайындау ерекшелігі сипаттай отырып, өз жұмысын ұсынады. Дайын жұмысты безендіруде/дизайнында шығармашылық идеяның берілуін көрсетеді. Оқушылар берілген тағамдарды сипаттай отырып, ұлттық тағамдарының компоненттерінің халық өмірімен байланысы, ұқсастығы жайлы өзара пікір-талас жүргізеді Практикалық жұмыстарға кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Әр топ эксперимент кезінде барлық байқаған үдерістерін сұрақтар қоя отырып қорғайды.
Келесі сабақта практикалық жұмыс үшін тағамдардың түрлерін (суши, пицца, көже және т.б.) пісіретінімізді естеріне салу. | Әлем халықтарының тағамдары http://1000.menu/catalog/natsionalnaya-kuxnya Ең танымал жеті аспасшылар http://kitchenmag.ru/posts/1126-sem-samykh-izvestnykh-shef-povarov-kotorykh-nuzhno-znat-v-litso Ең танымал әлем аспасшылары http://www.gotovim.ru/library/povara/samiesamie.shtml Қазақстаннның танымал аспасшылары http://www.kazpravda.kz/articles/view/ot-povara-do-restoratora1/ | |||
Сабақтың соңы 10 мин | Рефлексия: оқушылардың назарына келесі сурет көрсетіліп, сабақ барысында түсінбеген мағұлматтары болса, сұрақтарын қойып талқылай алады. |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қабілеті жоғары оқушылар Зерттеу жұмысын толық әрі нақты орындайды. Қосымша ақпараттар қолданады. | Қалыптастырушы бағалау Өзара бағалау | Қауіпсіздік техникасы: Ноутбук немесе компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде өшіру Сергіту сәті ретінде сабақ ортасында оқушыларға жаттығу жасатуға немесе бір-біріне жақсы тілектер айтқызуға болады | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023