Нарықтық экономика. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, презентация.


Кез келген қоғамда қандай міндеттер шешілуі тиіс?

Не өндіру - бұл қандай игіліктер, қандай сапа, қандай мөлшерде жасалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылдау.

Қалай өндіру – бұл қандай шектеулі ресурстар мен олардың комбинацияларының көмегімен, қандай технологиялардың көмегімен игіліктер жасалатыны туралы шешім қабылдау.

Кім үшін өндіру-бұл игіліктерді бөлуге байланысты проблема: өндірілген игіліктер кімге жеткізіледі және оларды экономикалық субъекті қандай мөлшерде иеленетін болады.

Нарықтық экономика

11.1.1.5 әр түрлі елдердің мысалында нарықтық экономиканың сипатты белгілерін анықтау

Нарықтық экономикаға тән ерекшеліктер:

еркін кәсіпкерлік;

өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу;

шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар;

мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы;

тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика;

Экономиканың бұл түріне тағы қандай белгілер мен ерекшеліктер тән?

Нарықтық экономика

Экономикалық шешімдер негізінен орталықсыздандырылған жолмен қабылданады. Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын ресурстарды бөлу және пропорцияларды қалыптастыру нарықтық тетіктердің көмегімен жүзеге асырылады. Олар сұраныс пен ұсыныстың қозғалысын баға мен пайда жүйесі арқылы ұстап отыр.

"Нарық" ұғымының қос мәні бар:

Біріншіден, нарық (market) алмасу, айналым саласында жүзеге асырылатын өткізу дегенді білдіреді.

Екіншіден, нарық-бұл өндіріс, бөлу, алмасу және тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Меншіктің әртүрлі нысандарын, тауар-ақша байланыстарын және қаржы-кредит жүйесін пайдалануға негізделген экономиканың жұмыс істеуінің күрделі тетігі ретінде әрекет етеді.

Жұптық жұмыс:

"Дамыған елдер" ресурсын зерттеңіз, зерттеу жүргізіңіз, нәтижелерді кесте форматына рәсімдеңіз.

Бағалау критерийлері:

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тізімін жасаңыз

Дамыған елдердің стандартына сәйкес көрсеткіштерді анықтаңыз.

Әлемде экономикалық даму деңгейі бойынша өте әртүрлі шамамен 200 ел бар

Елдер даму деңгейі бойынша дамыған және дамушы болып бөлінеді. Постсоциалистік мемлекеттер мен өзінің даму мақсатын әлі де социализм құрылысы деп ресми түрде жариялаған мемлекеттер, дамып келе жатқан елдер қатарында болды.

Әлемдік экономика көшбасшылары: АҚШ және Канада, Ұлыбритания, Германия, Италия және Франция, Жапония басшылығымен Шығыс Азия.

Соңғы жылдары Еуропалық одаққа бірнеше ел қабылданды және дамыған елдер тобы 30-ға дейін өсті.

Әлем елдерінің экономикасын сипаттау үшін белгілі көрсеткіштер пайдаланылады: жан басына шаққандағы ЖІӨ, экономиканың салалық құрылымы мен ғылымды қажетсінетін салалар және халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы.

Топтық жұмыс: құрылған көрсеткіштерден нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыз?

өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;

шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;

шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;

әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;

қоғамда теңсіздікті туғызады;

тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;

нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

Рефлексия:

Нарықтық экономикасы бар елдер қандай белгілер бойынша анықталады?

Нарықтық экономикаға балама бар ма?

Өткен материал бойынша тағы не білгіңіз келді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу