АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.20.1
X бөлім. Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды?
Оқу мақсаттары:
7.1.2.2 - трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау;
7.4.2.1 - түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау
Тарихи концепт: дәлел
Саралап оқыту мүмкіндіктері
Көпшілік оқушыларға арналған тапсырма
Мәтінді оқып, оған 5 «жұқа» және 5 «қалың» сұрақтарды құрастырыңыдар.
1990 жылы африкалық мемлекеттер еуропалық және американдық елдерді, сондай-ақ құл саудасы мен отарлаудан пайда табқан компанияларға Қара құрлыққа 777 триллион долларлық өтемақы төлеуге міндеттейтін декларация қабылдады.
Құлдар туралы мәліметтер алғаш рет Қытайда б.з.д. XVIII ғасырыда жазылған.
Құлдыққа қарсы шыққан алғашқы ойшыл - Эврипид ("Гекуба" трагедиясының персрнажы).
Құлдыққа тыйым салған алғашқы монарх - парсы мемлекетінің негізін қалаушысы Ұлы Кир болды.
Еуропаға және Америкаға экспорттауға көзделген құлдардың көпшілігі Африкада қалды. Олар сатылған сәтке дейін, көп жағдайларда, еркін адамдар болғандықтан, соғыстар мен қарыздар нәтижесінде құлдыққа түсітіп болды.
Олардың алғашқы иелері ақ нәсілді саудагерлерге сатқан африкалықтар еді. Құл иелері тұрғысынан құл – ол тауар деп саналды, себебі ол сатып алу кезінде құл болған. Осы дәлел Еуропа мен Америкадағы құлдықты жоюға тырысқандардың ұзақ уақыт бойы пайдаланылды.
Оңтүстік және Солтүстік Америкаға жіберілген құлдардың шамамен 56% - ер адамдар, 30%- әйелдер, 14% - балалар болды.
XIX ғасырдың басында қара нәсілді құлдар Ямайкадағы қант құрағы плантацияларда жылына 4 мың сағат жұмыс істеді – бұл көрсеткіш заманауи зауыт жұмысшысының еңбек уақытынан үш есе көп. Мақта жазығындағы құлдар жылына 3 мың сағат жұмыс істеді.
Африкадан экспортталған құлдардың тек 10% Америка Құрама Штаттарына әкелінген. Құлдардың 90% -ы Кариб теңізі аралдарына және Оңтүстік Америкаға жеткізілді.
Трансатлантикалық құл саудасының көлемінің шамамен 38% -ын құрайтын – Бразилия, бұл ел қара құлдың ең көп саны бар ел болып саналады.
1820 жылға дейін Жаңа Әлемге ақ түстілерден гөрі көбірек қара түстілер қоныстанды. Түрлі дереккөздер қара «мигранттардың» саны ақ түстілерінің санынан 2-5 есе қобірек болғандығын көрсетеді.
Кариб теңізі мен Оңтүстік Америка аралдарындағы құлдар арасында өлім деңгейі соншалықты жоғары болды, ал туу деңгейі соншалықты төмен болғандықтан, Африкадан жаңа құлдарды әкелу арқылы еңбек тапшылығын толтыру мүмкін болды. Жаңа құлдардың көпшілігі плантацияларға сатылғаннан кейін алғашқы үш жылда қайтыс болды.
АҚШ-та өлім өте жоғары болды, бірақ бала туу деңгейі Кариб теңізінің деңгейінен 80% жоғары болды. Нәтижесінде, XIX ғасырдың ортасында Бразилия мен Кариб теңізінің британ аралдарындағы құлдардың басым бөлігі Африкада туылды, ал АҚШ-тағы құлдардың көпшілігі, кем дегенде, екінші ұрпақтағы құлдарды құрады.
1860 жылы қара американдықтар барлық тұрғындардың 13% құрады, олардың 89% - құл болды. Өз кезегінде, ерікті қара түстілердің үштен бір бөлігі өздерінің құлдары болған (көбінесе бұл рөлде өздерінің еріксіз отбасыларының мүшелері болды).
Қара түсті құлдар Америка Құрама Штаттарында алғашқы ағылшын колониялары құрұлуына дейін пайда болды. Құлдар туралы алғашқы ескерту 1519 жылға тиесілі - испандықтар оларды Флоридаға алып келді.
1852 жылы жазушы Гарриэт Бичер Стоу «Том ағаның лашығы» атты романы жарық көрді, ол ХІХ ғасырдың ең танымал романына айналды және ғасырдың ең танымал кітаптар тізімінде екінші орынға ие болды, Киелі кітаптан кейін.
Том ағаның түпнұсқасы - бұрынғы құл Джосайя Хенсон болатын. Кейінірек ол мемуарлар жазып, дәрістер жасады. Бұл кітап Америка Құрама Штаттарының солтүстігі мен оңтүстігіндегі арасындағы соғыстың (1861-1865 жж.) себептерінің бірі болған деп саналады.
Өз кезегінде, Ұлыбританияда романның жариялануы британдық қоғамға соншалықты әсер етті, нәтижелеріне Британия Оңтүсткке көмектесуден бас тартты.
АҚШ-тың құл бағалары нарықтық жағдайға байланысты өзгеріп тұрды. Мысалы, мақта бағасының көтерілуіне байланысты болды. Әдетте, ерлер әйелдерден 10-20% қымбат, ал балалар ерлердің жартысы болды.
Құрама Штаттардағы құлдардың басым көпшілігі - 95%-ы елдің оңтүстігінде жұмыс істеді (1861 жылға дейін, Америка Құрама Штаттарында құлдық жойылғанға дейін), солтүстікте құлдық болмады.
1821 жылы американдық аболиционистер Американдық Отарлар Қоғамын құрды, ол қара түстілерді Африкаға кері қарай жіберуді көздеді.
Оларды қайтару орны кейінірек Либерия Республикасы (1847 жылы құрылған) аумағы болатын болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру