АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.
Деректермен жүмыс
Тапсырма 1. Деректермен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз:
- АҚШ Конституциясына өзгертулер енгізілгеннен дейін, қара нәсілшілдердің жағдайы қандай болды?
-АҚШ Конституциясына өзгертулер енгізілгеннен кейін, қара нәсілшілдердің жағдайы қандай болды?
-Неліктен Конституцияға енгізілген өзгерістер толыққанды жүзеге аспады?
Тапсырма 2. Деректерге сүйне отырып, тапсырманы орындаңыз: Неліктен 1861-1865 жж. АҚШ-тағы соғыс құлдықтан бас тартуға әкелді?
S – әлеуметтік фактор | |
T– технологиялық фактор | |
E – экономикалық фактор | |
E – қоршаған орта (экологиялық жағдай) | |
P– саяси фактор | |
L– құқықтық фактор | |
E – этникалық фактор |
Конституцияға 15-түзету
30 наурыз, 1870 ж.
1. Нәсiлдiк ерекшелiгi, терiсiнiң түсi немесе бұрын құлдықта болғандығына қарамастан, Құрама Штаттар азаматтарының сайлауға қатысу құқығы шектелмейдi, алынып тасталмайды.
2. Конгресс қазiргi заң шығаруға сәйкес осы баптың қызметiн қамтамасыз ету өкiлеттiлiгiне ие.
Constitution of the United States with
the Amendments. N. Y., 1937. P. 53.
Кентукки штатындағы негрлер петициясы
25 наурыз, 1871 ж.
Бiз, Франкфурт және оның айналасындағы жерлердiң қара түстi азаматтары, Кентукки штатында қалыптасып отырған жағдай туралы құрметтi Палатаға хабарлаймыз. Бiз бұл штатта қара түстi тұрғындардың өмiрi, бостандығы және меншiгi қорғалмай отырғанын айтамыз. Ұйымдасқан, құпия қаруланған, негiзiнен, бұрынғы бүлiкшiлдер армиясының солдаттарынан тұратын, өздерiне жасырын мiндеттеме мен ант алған заңсыз бандалар қара түстi тұрғындар арасында азаматтық қоғам дәстүрiн бұзып, террор мен күш көрсетудi қоздырып отыр, осылайша жекебас пен мүлiк қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмеуде. Құрама Штаттар конституциясында арнайы түзетулермен бiзге кепiлдiк беретiн және үкiмет қызметiнiң басты мақсаты болып табылатын құқықтардың сақталуы мүмкiн болмай отыр. Бiздiң ойымызша, сiздерге Ку-Клукс-Кланның шынайы болмысы белгiсiз, оның отрядтары қалалар мен графтықтың штаттарында түн iшiнде ешқандай себепсiз бiздiң адамдарды тонап, лтiрiп, зорлауда. Олар қара түстi адамдарды Кентукки өзенiнiң мұзын ойғызып, мұздай суға түсуге мәжбүр еттi. Штаттың заң шығару мәжiлiсi бұл жағдайды талқылауды созып, Ку-Клукс-Кланның шектен асқан озбырлығын тоқтату үшiн қандай да бiр заң шығарудан бас тартып отыр. Бiз мұндай позицияны Ку-КлуксКланға қолдау көрсетушiлiк деп бiлемiз. Ақ түстiлерге 96 байланысты штат сотының алдында бiзге куәлiк беруге рұқсат етiлмей отыр. Бiз бұлардың бәрiн ақ түстi республикашылдардың қара түстi тұрғындарға қарсы бағытталған әрекетi деп қабылдаймыз. Сондай-ақ бiз өзiмiздiң үкiмет алдындағы сiңiрген еңбегiмiз үшiн және нәсiлiмiз үшiн Демократиялық партия тарапынан аңдуға, жеккрiнiштiлiкке ұшырап отырмыз деп санаймыз. Бiздiң сансыз көп адамдарымыз өз үйлерiнен қуылуда, ал Құрама Штаттар соттары көп жағдайда бiз үшiн жабық, бiздiң құқығымызды қорғамайды. Бiз зiмiздiң түзу, адал ниеттi азаматтар екендiгiмiздi, салықты өз уақытында төлейтiнiмiздi атап туге тиiспiз, бұған қарамастан, штаттың көп жерлерiнде бiздiң адамдар сайлау учаскесiне жiберiлмейдi, дауыс беру құқығынан айырылған, ал дауыс беруге тырысқандарды өлтiредi. Адал азаматтар ретiнде бiздi қорғайтын заңдар шығаруды және азаматтық құқықтарымызды қолдану мүмкiндiгiн берудi сiздерден сұраймыз. Бұл штаттардың сенаторлары ұйымдасқан қатыгез банда бар екенiн жоққа шығаратынын бiлемiз, бiрақ бiз берген ақпараттардан Стивенсонның билiгi кезiнде қаншама озбырлық актiлерi жасалғанын кресiздер... Бұл зұлымдықтардың көзiн жою үшiн шара қолдануды сiздерден өтiнiп сұраймыз. Франкфурт және оның төңiрегiндегi жерлердегi барлық қара түстi азаматтардың жалпы мәжiлiсiнде сайланған капитан Гриванс осы петицияны 1871 жылы 25 наурызда жасады.
(Қара түстiлер комитетi мүшелерiнiң қолдары). А Documentary History of Negro People in the United States/ Ed. by Aptheker Н. N. Y., 1951. Р. 594-595.
Дереккөз: Дүниежүзi тарихы (1640—1914): Хрестоматия: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8-сыныбына арналған оқу құралы/Құраст.: Н.Алдабек, Р.Бекiш, К.Мақашева.— Алматы: Мектеп, 2012. — 168 б.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру