Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ.7.1
II бөлім: Феодализм
Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді?
Оқыту мақсаттары:
6.4.1.1 – қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау;
6.2.2.2 – өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау
Тарихи концепт: дәлел
Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:
1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. «Жемістер» жаттығуын үйымдастырыныз. Мақсаты: ынтымақтастықты дамыту, коллаборативті ортаны құру, кездейсоқ таңдау арқылы оқушыларды топтарға бөліну. Оқушылар топтарда отырады. Олардан «алма», «банан», «мандарин», «апельсин» тізбегі бойынша саналуды сұраңыз. Мұғалім барлық «банандарға» орнындарын алмасуға шақырады. Барлық «банандар» орнынан тұрып, жаңа орынға отыру керек. Мұғалім бос қалған орындардың біреуіне отырады, ал жіргізуші ретінде орындықсыз қалған оқушы болады. Жаңа жүргізуші барлық «алмаларды» немесе барлық «мандариндерді» және т.б. орындарын алмастыруды сұрайды. Егер жүргізуші «жеміс» деп айтса, онда барлық оқушылар орындарын алмастыру қажет.
Оқушыларға ойынды көңілді ойнағандарын айтыныз, енді олар кез-келген уақытта кез-келген кездейсоқ қалыптасқан топтың мүшесі ретінде мабақ барысында жұмыс істеулері қажет.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін «Пазлдар» ойынын өткізіңіз. Әр топқа ортағасырлық сәулет өнерінің суреттерін - романскалық және готика стильдердегі ғимараттарын пазлдарға кесілген түрін таратыңыз. Оқушылар пазлды жинап болғаннан кейін, оларды осы ғимараттарды сипаттауды және қандай топтардың ғимараттарының олар жинаған және қандай белгілерімен ұқсас екенін анықтауын сұраңыз. Оқушылар архитектура стильдердің белгілерін атай отырып, оны сипаттайды.
Оқушыларға сұрақ қойыныз: Сабақ тақырыбы қандай болады? Біз не білеміз және нені үйренесміз деп ойлайсыңдар?
Содан кейін оқытушы сабақтың тақырыбын хабардар етеді, оқушыларға оқу мақсаттарын, тарихи концептіні және бағалау критерийлерін түсіндіреді. Оқушылар сабақтың тақырыбын дәпетерлеріне жазады.
Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу бағытарын анықтайды.
Зерттеу кезеңдері мынадай элементтерді қамтиды:
- Роман және готи сәулет стильдерінің ерешеліктерін анықтау;- Орта ғасыр сәулет өнеріндегі екі стильдің ерешеліктерін салыстыру;- Ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін анықтау;- Орта ғасырдағы қала өмірінің ерекшеліктерін талдау.
3. Оқушыларды архитектура сәулет стильдері туралы оқулықтың мәтінімен танысуға шақырыңыз. Олар жұппен жұмыс істеп, роман және готика стильдердің ерешеліктерін бағанды Т-кестеге енгізуді сұраңыз.
Жұмыстың соңында кестені толтырудың дұрыс нұсқасын көрсетіңіз және дескрипторларды ұсыныңыз. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Дескрипторлар:
- роман стилінің кемінде 3 белгілерін дұрыс анықтады.
- готика стилінің кемінде 3 белгілерін дұрыс анықтады.
Т-кестені толтыру мысалы:
Роман стилі | Готика стилі |
Қуатты, қалын қабырғалар | Биік, жұқа селдір (ажурные) қабырғалар |
Кішкентай терезеге ойылған орындары | Үлкен терезелер |
Дөңгелек аркалар | Үшкір аркалар |
Сыртқы бейнесі бекініске ұқсайды | Әсем сыртқы көрініс, витраждармен және мүсіндермен безендірілген |
Оқушылардың жұмысын қорытындылай отырып, қажет болған жағдайда қосымша түсіндірмелер жасаңыз. Келесі сұрақтар бойынша пікірталас өткізіңіз: - Неліктен орта ғасырда архитектура стильдердер өзгерді? Бұ мене байланысты болу мүмкін?
Егер оқушыларға бұл сұрақтарға жауап беруі қиынға соқса, онда сабақта бұдан әрі жұмыс істеу барысында олар бұл сұраққа жауап ала алатындығын айтыңыз.
4. Алынған мәліметтерді бекіту үшін оқушыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз: роман немесе готика стильдерінің барлық ерекшеліктерін көрсетіп, собордың бейнесін схема түрінде бейнелеу керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін топ өкілдері өз жұмыстарын сынып алдында ұсынады. Басқа топтар критерийлер бойынша бағалайды:
- суретте таңдалған архитектуралық стильдің кемінде 5 ерекшеліктерін көрсетілген; - суретте архитектуралық стилінің ең маңызды ерекшеліктері көрсетілген.
5. Оқушыларға ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерінің схемасын көрсетіңіз, содан кейін: «қала» ұғымының анықтамасын тұжырымдау үшін оқулықтағы мәтінді және таратпа материалдарды пайдалануды сұраңыз.
Оқушылармен келесі сұрақтарды талқыланыз:
- Қаланың пайда болуына себеп болған ауыл шаруашылығында және қолөнерде қандай өзгерістер орын алды?
- Неліктен қалалар қалыптаса бастады?
- Қалалар қай жерлерде пайда болды?
- Қалалар тұрғындары қандай іс-шаралармен айналысты?
Таныстырылымды пайлаланып, мұғалім «цех», «қолөнерші», «қолөнер шеберханасы» терминдердің түсіндірмесін ұсынады.
Оқушылар ауылға қарағанда қаланың айырмашылығы – қаланың қолөнер мен сауда орталығы орталығы болғандығы. Олар бұл қорытындыны, сондай-ақ жаңа терминдерді дәптерге жазады.
6. Алынған ақпаратты бікіту үшін «Тарихи диктант» жүргізіңіз: мұғалім сұрақтарды жылдам оқиды, оқушылар сұрақтын нөмірінің алдына жауаптарды ғана жазады.
Сұрақтардың мысалдары:
- Қаланың басты храмы (собор)
- Цехтың толық құқықты мүшесі (шебер)
- Германиядағы қалалық кеңесінің басшысы (бургомистр)
- Саудагерлер одағы (гильдия)
- Сату үшін жасалған бұйым (тауар)
- Қолөнер шеберханасындағы шебердің көмекшісі (қосшы шебер - подмастерье)
- Ақшаның үлкен сомасының қоймасы (банк)
- Қалалық кеңесінің ғимараты (ратуша)
- Қаланың белелді, бай тұрғындары (брюггер)
- Қолөнерлік өнімнің ең жақсы үлгісі (шедевр, жауһар)
Дескрипторлар. Оқушы:
- 10 жайаптарының 8 сөзін дұрыс жазды;
- диктант кезінде жұмысты тез істейді
Оқушылардың жұмысын қорытындылаңыз, қажетті түсіндірмелер беріңіз.
7. Сабақтың рефлексиясы «Бесінші сәз артық» атты ойын арқылы өткізуге болады.
Келесі сөздерді және сөз тіркестерін оқыңыз, оқушылар «артық» сөздіді, тісінікті таңдап, және не себепті осылай деп ойлайтының дәлелдейді.
Сөздердың мысалдары:
- шебер, цех, устав, қосшы шебер, серф
- феодал, коммуна, қалалық кеңес, мэрия, ратуша
- саудагер, гильдия, борыш, корве, тауар
- базар, меняла (айырбастаушы), оброк, банк, вексель
- жалақы, собор, соқалар, роман стилі, готикалық стиль
Осы және басқа да сұрақтарды талқылау барысында оқушылар ортағасырлық қала туралы алған білімдерін қорытындылайды, жинақтайды.
8. Үй тапсырмасы ретінде сіз оқушыларға Жак Ле Гофтың «Балаларға арналған орта ғасырлар тарихы» кітабын оқуды тапсыруға болады.
(https://www.ozon.ru/context/detail/id/19627674/).
Ос кітаптан орта ғасырдағы қала тұрғындарының өмірі туралы фрагменттерін дәптерге жазып алып, келесі сабақта сынып алдында оқып беруді ұсыныныз.
Саралап оқыту мүмкіндіктері
Ең қабілетті оқушыларға арналған тапсырма.
Ортағасырлық және қазіргі заманғы қаланың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайтын кестені толтырыңыз.
Салыстыруға арналған сұрақтар | Ортағасырлық қала | Қазіргі заманғы қала |
Қалалар қайда және неге пайда болады? | ||
Қаланы басқару жүйесі | ||
Қала тұрғындардың құрамы | ||
Қаланың шаруашылық өмірі |
Кестені толтырудың мысалы:
Салыстыру үшін сұрақтар | Ортағасырлық қала | Қазіргі заманғы қала |
Қалалар қайда және неге пайда болады? | Жер өңдеу техника мен технологиясының жақсарылуы, артық өнімнің пайда болуы, қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі. Қолөнершілер қолайлы жерлерге көшті: сауда жолдарының қийылысына, өзен жағалауына, ғибадатханалар мен шіркеулердің жанында, көпірлер мен өзен өткелдерінің маңында. | Өнеркәсіптің орталығы, көлік торабы, пайдалы табиғи ресурстар кенорындары және көлік бағыттарына жақын жерлерде орналасқан.Ауыл тұрғындардың қалаға көшіу. |
Қаланы басқару жүйесі | Король, қала әкімі, қалалық кеңес, сайланған билік өкілдері | Мэр, қалалық кеңес, сайланатын билік органдары, билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінеді. |
Қала тұрғындардың құрамы | Цехтарға бірлескен шеберлер, гильдияларға бірлескен саудагерлер, бауырластарға біріккен шебердің көмекшілері. Бұл өздерінің ортақ мүдделерін қорғау үшін қажет болды. Сонымен қатар қалада саудагерлер мен банкирлер де өмір сүрді. | Қалалық тұрғындар: еңбек ұжымдары, мүдделері негізінде құрылатын түрлі бірлестіктер, жастар ұйымдары. |
Қаланың шаруашылық өмірі | Қала - қолөнер, сауда және мәдени өмір орталығы. | Қала - ірі өнеркәсіптік орталығы, сауда, мәдениет, ғылым мен білімнің даму орталығы |
Қосымша теориялық материал
Ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері:
- Ауыл шаруашылығындағы жетістіктер (үш танапты егіс жүйесі, доңғалақты соқа, темір құралдары және т.б. пайда болуы)
- Ауыл шаруашылықтың қолөнерден бөлінуі. Қолөнершілердің пайда болуы. Шаруалар артық ауыл шаруашылық өнімдерін қолөнер бұйымдарына алмастырды)
ІІІ. Қала мен ауылды елді мекендер арасындағы еңбек бөлінісінің пайда болуы.
Алғашқы қалалар құрылған орындар:
1) Жолдар бойында.2) Өзен өткелендерінің жанында.3) Теңіз айлақтарында.4) Ғибадатханалар, монатырлар маңында.5) Феодалдардың замоктарының маңында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру