Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 6 СЫНЫП, САБАҚ.7.2

 

 II бөлім. Феодализм

 Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді?

 Оқыту мақсаттары:

 6.4.1.1 – қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау;

 6.2.2.2 – өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау

 Тарихи концепт: дәлел

Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. «Оркестр» жаттығуын откізіңіз. Мұғалім оқушыларға түрлі музыкалық аспаптардың атаулары жазылған карточкалар таратады. Оқушылардан жазылған аспаптарда «ойнап» үйренуді сұраңыз, үйрену барысында сыныптастардың көмегіне жүгінуге болатындығын сұраңыз. Олар музыкалық аспаптардың атауын және ол қандай дыбыс беретінін, онымен ойнайтынын анықтау керек. Мұндай «репетициядан» кейін оқушыларға «Оркестр!» деген сигнал беріп, мүмкіндігінше үйлесімді түрде аспаптда ойнап, тиісті дыбыстарды шығарып, қажетті қозғалыстарды жасауларын сұраңыз. Оркестрдің үндестігі сапалы болу үшін ойынды 2-3 рет ойнауды ұсыныныз.

Сабақтың мақсаттарына қол жеткізу үшін, оркестр тәрізді бірлесіп жұмыс істеу керектігін оқушыларға айтыңыз.

2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға орта ғасырдың архитектурасы туралы бейнероликті көрсетіңіз. Бейнероликті көріп болғаннан соң, оқушылардан сұраңыз: Роман және готика стильдерінің қандай ерекшеліктерін есте сақтадыңыз? Оқушылардың жауаптарынан кейін, сұрақ қойыныз: Сабақ тақырыбы қандай болуы мүмкін? Біз нені білеміз және нені үйренеміз?

Содан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын хабардар етеді, оқушыларға оқу мақсаттарын түсіндіреді, тарихи концептілер және бағалау критерийлермен таныстырады. Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу бағытарын анықтайды.

Зерттеу кезеңдері келесі элементтердер тұрады:

- Роман және готика сәулет стильдерінің ерекшеліктерін анықтайды;

- Орта ғасыр сәулетінің екі стилінің ерекшеліктерін салыстырады;

- Ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін анықтайды;

- Орта ғасырдағы қала өмірінің ерекшеліктерін талдайды.

3. Оқушыларды сәулет өнеріндегі стильдер туралы оқулық мәтінімен танысуды тапсырыңыз. Оқушыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз: роман және готика стильдері жазылған карточкаларын осы стильдердің ерекшеліктері бойынша екі бумаға болу қажет.

Жұмыстың соңында карточкаларды топтастырудың дұрыс нұсқасын көрсетіңіз және дескрипторларды пайдаланып оқушылар өзбетінше өз жұмысын бағалайды:

- роман стилінің кемінде 3 белгілерін дұрыс анықтайды.

- готика стилінің кемінде 3 белгілерін дұрыс анықтайды.

Карточкалардың мазмұны:

Роман стиль: XIIXVI ғасырларда пайда болды. Феодалдың тұрғын үйі - замок - бекітілген қамалдай болды. Шіркеулер де бекіністер тәрізді құрылды. Қабырғалары өнделмеген тастардан жасалды; фасадтар жалпақ рельефтермен, «жалған соқыр аркадалармен» безендірілген. Аркалардың күмбезі мықты қабырғаларға мұқтаж болған. Храмның жоспары - базилика тәрізді.

Готикалық стиль: XII-XVI ғасырларда пайда болды. Терезелер мен есіктердің күмбездері сүйір (стрельчатые) тәрізді болды. Шіркеулер бекіністерге ұқсамады. Үлкен терезелері түрлі түсті әйнектерден жасалған. Күмбезді жартылай колонналармен жабылған бағаналар треп түрады. Ғимараттың жалпы жоспары крест түрінде жасалған. Ғимараттың қасбеті екі мұнарамен безендірілген.

Оқушылардың жұмысын қорытындылай отырып, қажетті қосымша түсіндірмелер беріңіз.

Келесі сұрақ бойынша пікірталас ұйымдастырыңыз:

- Неліктен орта ғасырларда архитектуралық стильдердің өзгеруі орын алды? Бұл немен байланысты болуы мүмкін?

Егер оқушылар үшін бұл сұраққа жауап беру қиынға соқса, оларға сабақ барысында бұл сұраққа жауап ала алатындарын айтыңыз.

4. Алынған ақпараттарды біріктіру үшін оқушыларға топтық жұмыс түрін ұсыныңыз: ортағасырлық қаласы бейнеленген суретті көрсетіңіз. Осы суретті пайдаланып келесі тапқырыптар аясында оқушылар әңгіме құрастырады. Әңгімені қала тұрғындарының бірінің атынан және барлық жаңа сөздерді мүмкіндігінше қолданып жазу керек.

 Тақырыптар: «Қолөнер шеберханасы», «Қала көшесі», «Қаланың орталығы: ратуша, собор», «Қалалық өзін-өзі басқару жүйесі», «Қаладағы жәрмеңке», «Банкир қызметі», т.б.

 Жұмыс аяқталғаннан кейін топтардың өкілдері өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Басқа топтар келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  •   оқушылар өз әнгімелерінде барлық жаңа сөздерді қолданды, - оқушылар орта ғасырдағы қала тұрғындарының барлық ерекшеліктерін айқындайды.

5. Ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін оқушылардан сұраңыз.

Оқушыларға оқулық пен таратпа қағаздарды пайдаланып, қаланың пайда болу себептерін дәлелдеуді сқраңыз.

Бұл тапсырманы орындау үшін топтардың әрқайсысына қалалардың пайда болу негізгі 3 себептерінің ұсыныңыз:

1-топ: Ауыл шаруашылығымен қолөнердің бөлінуі.

2-топ: Ауыл шаруашылығындағы өнімділіктің артуы.

3-ші топ: Кейбір шаруалар тек қана қолөнермен айналыса бастады.

4-ші топ: Ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуындағы табыстар, халықтың өсуі сауда-саттықтың дамуын жеделдетті.

Тапсырманың дескрипторлары:

- Орта ғасырдағы қалалардың пайда болу себептерін дәлелдеу үшін оқушы кемінде 3 дәлел келтіреді.

 

6. Алынған ақпараттарды бекіту үшін «Соңғы жауап менікі» атты ойынды өткізіңіз:

мұғалім жаңа тақырыпқа қатысты 5 сұрақты оқиды, оқушылар бұл сұрақтарға жауап береді, бірақ мұғалім бұл сұраққа ең соңғы дұрыс жауап берген оқушыға ұпай бере алады.

Бұл арқылы әрбір сұрақ бойынша жеңімпаз анықталады. Ойынның міндетті шарты: көптеген жауаптар алуға мүмкіндік беретін және көптеген оқушыларға оз пікірлерін білдіру мүмкіндік беретін сұрақтар ашық түрде болуы керек.

Сұрақтардың мысалдары:

1) Неліктен қала тұрғындары өз сеньорымен күресті? (олар сеньорға салық төлеуден бас тартты).

2) Қалалар қалай тәуелсіздікке қол жеткізді? (сеньордан өтеуін беріп құтылу немесе

Оларға қарты соғыс нәтижесінде).

3) Қалалардың өзін-өзі басқару дегеніміз не? (түрлі санаттағы қала тұрғындарының

мүдделерін қорғауға жасалған органдар).

4) Ортағасырлық қаланың тұрғындары немен айналысты? (қолөнер, сауда, қалалық бараз алаңызда қойылымдар қоятын артістер және т.б.)

5) «Қалалық ауа адамға еркіндік береді» деген пікір нені білдіреді? (қала тұрғындары

феодалдарға тәуелді болды).

Оқушылардын жауаптарын қорытындылай отырып, қажетті түсіндірмелер жасаңыз.

7. Сабақтың рефлексиясын «Карталарды үлестіру» атты ойыны арқылы жасалуы мүмкін.

Оқушыларды тақырыпқа қатысты жаңа терминдер мен ұғымдар жазылған карточкалармен қамтамасыз етіңіз. Топтарда жұмыс жасау арқылы, оқушылар бұл сөздерді бірнеше топтарға бөлулері керек. Олар карточкалардың үлестіру критерияларын өздері таңдаулары керек.

Сөздердің мысалдары:

Қолөнер, қолөнер шеберханасы, цех, шебердің көмекшісі, шедевр, шеберлер, ратуша, цехтың Жарғысы, айырбасшыл (меняла), тауар, коммуна, хартия, бургер, қолөнер бауырластықтар, Ганза, гильдия, алым, жәрмеңке, мәр, собор, роман стилі, готика стилі.

Оқушылар бұл карточкаларды төмендегі категориялар бойынша үлестірулері мүмкін: қолөнер, қалалық өзін-өзі басқару органдар, сауда-саттық, сәулет өнері.

8. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға Жак Ле Гофтың «Балаларға айтылған орта ғасырдың тарихы» кітабын оқуды тапсыруға болады.

(https://www.ozon.ru/context/detail/id/19627674/).

 Орта ғасырдағы қала тұрғындарының өмірі туралы аталған кітап беттерінен фрагменттерді таңдап, қысқыша жазып алып, оларды келесі сабақта сынып алдында оқып беруды тапсырыңыз.

 Саралап оқыту мүмкіндіктері

 Оқу қабілеттері жөғары оқушыларға арналған тапсырма.

 

 Тапсырма 1. Тарихи дереккөзді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

 

 «Егер цехтің ережелеріне сәйкес жасалмаған жібек матасы табылса, оны жасаған шебер айыппұл төлейді, ал жасалған мата аға шеберлердің қатысуымен ұсақ болшектерге жыртылады».

 

- Бұл үзінді қандай ортағасырлық құжаттан алынған? (цехтың Жарғысынан)

- Қандай қалалық өнер саласы туралы мұнда жазылған? (мата тоқу қолөнері)

- Бұл сипаттамада сізді таң қалдырғаны нее? (дайын өнімді жою)

- Неліктен цехте қатаң ережелер орнатылды? (цехтың мүшелері - қолөнершілерінің ортақ мүдделерін қорғау үшін)

- Мұндай Жарғынын ережелерінде қандай жақсы немесе жаман жақтары болды? (олар бір мамандықтың барлық қолөнершілерінің табыстарын теңестірді, сондықтан олардың бірде-біреуіде кедейленіп кетпейді. Бірақ бұл ережелер қолөнер және қолөнершілердің шеберлігін дамытуға кедергі келтірді, өйткені цехтың Ережесінен өзгеше немесе жаңа нәрсе ойлап табуға шектау жасалды).

 Тапсырма 2: Тарихи дереккөзді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

 

 «Сізге белгілі Вальтер Кезингер бізге Кельнде келіп, жібекті ширату және айналдыруға арналған дөңгелектін құрылысын ұсынды. Бірақ қалалық кеңесінің шешімі бойынша, қаладағы көптеген колөнершілер осы қолөнер арқылы өзін-өздері асырап келеді, сол себепті бұл өнербасысты қолдануға рұқсат берілмейтін болды. Мұндай дөңгелекті қазір немесе кейінірек салудың қажеті жоқ деп шешілді».

 

Неліктен қала кеңесі өте пайдалы дөңгелекті пайдалануғк рұқсат деп ойлайсыңдар? (бұл су буымен айналдырылған доңғелекті жіп иіру машинасымен қалай жұмыс істеуді білмейтін тоқымашылар күйтіні белгілі болды. Орта ғасырда қолөнершілер цехнын Жарлығында белгіленген ережелерді қатаң сақтауға міндетті болды).

 

 Қосымша теориялық материалОртағасырлық қала туралы мәліметтер.

 

  Қала – қоныстын бір тұрі, қолөнер және сауда орталығы. Қала тұрғындары – орта ғасырдылық қоғамның бір бөлігі. Қалалардың пайда болуы мен өсуі - ауыл шаруашылығын дамыундағы табыстарының заңды салдары болып табылады. Орта ғасырдың ортағасырлық қалаларының өсуінің себебі Еуропадағы климаттың өзгеруі, ұлттар миграциясының басталуы (ұлттардың Ұлы қоныс аударуы), қолөнер мен ауыл шаруашылығындағы жетістіктер болды.

  Доңғалақ соқа, тырна, жаңа ер-тұрман (қамыт, атпен тарту) – осыларды пайдалану арқылы жер өндеу сапасы жақсарды және өнімнің көлемі артты. Адамның және жануарлардың күшін жел күшімен ауыстырған жел диірмені керемет өнертабыс болды. Сонымен қатар, жер өңдеудің озық (прогрессивтік) жүйесі - «үш өрісті жүйе» қолданыла бастады. Бұл әдіс өнімнің көлемін көбейтті. Жаңа жерлер игеріле басталды: батпақтар жойылды, суару каналдар салынды.

Алғашқы қалалар адамдар көп жиналатын немесе көп жүретін жерлдерде пайда бола бастады, мысалы, көпірлер орналасқан жерлерде. Сол себепті көптеген орта ғасырлық қалалардың атулары «көпір» - бридж (ағылшын тілінде), брук (неміс тілінде), понт (француз тілінде), «форд» - фурт (неміс), «форд» (ағылшын тілі), «бекініс, қамал» - честер (ағылшын), бург (неміс), «бөгет, тоған» - (голл. тілі) делінген бөлшектері болатын. Сеньор билігінен құтыла алған қалалар коммуна деп аталды. Қалалар корольге салық төледі.

Ауыл шаруашылығынан қолөнерден бөлініп шықты. Жаңа күрделі еңбек құралдары жасау және оларды іске қосу үшін арнайы мамандар қажет еді. Шаруалардың арасынын шеберлер қалыптасты. Бір нәрсені шебер жасай алатын адамдар ғана өздерінің өнімдерін шығара бастады және өз өнімдерін азық-түлікке алмастыра бастады. Қолөнершілердің цехтары сеньорға қарсы тұру үшін, қашып жүрген шаруаларды жұмысқа тарту, сауда жолдарының қауыпсыздығын қамтамасыз ету және басқа қалалардың қолөнершілер тарапынан бәсекелестікке қарсы тұруға құрылған.

Қала кеңесі (өзін-өзі басқару органы) қала тұрғындарымен сайланды, ол сотты, қала қазынасын қадағалап отырды. Кеңесті мэр (қала әкімі) басқарды.

Саудагерлер өздерінің қауіп-қатерлеріне өздері жауапты болыр, тәуеді түрде өз істерімен айналысты. Ол кезде жолдар жаман болды, тауарлар арбалардан түсіп қалып, заң бойынша сол түскен жердің иесіне тиесілі болатын болды. «Арбадан не құлады, сол жоғалды» деген мәтел таралды. Оларға қарақшылар мен тонаушылар шабуыл жасаған. Өз істерін қорғау үшін саудагерлер гильдияларға бірікті. Олар өздерінің тауар керуендерін қорғау үшін күзетушілерді жалдауға мәжбүр болды.

Әртүрлі елдерден келген саудагерлерге шетел валютасы қажет болды, сол себепті жәрмеңкеде ақша айырбастаушылар болды. Ақша айырбастау барысында олар белгілі бір пайыздық мөлшер алып, тез арада байып кететін болды. Көп ұзамай ақша айырбастаушылар ростовшиктерге айналды. Олар пайыздық мөлшерін алу мақсатында саудагерлерге қарызға ақша берді. Олардың қатарларынан алғашқы банкирлер пайда болды. Олардың қолында көп ақша жиналды.

Еуропа елдерінде сауда орталықтары ретінде жәрмеңкелер пайда бола бастады. Олар жылына 1-2 рет жиналып, мұнда көптеген елдерден саудагерлер келетін. Жәрмеңкеде суретшілер, артістер өз өнерін паш етіп, ақша жинады, адамдар қауышып, жаңалықтарым алмаса алды. Қалада жәрмеңке өткізу өте тиімді болды, өйткені ол қала қазынасына үлкен табыс әкелді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу