Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 7 (2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.1.1 – қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау; 6.2.2.2 – өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау | ||
Сабақ мақсаттары | ортағасырлық өнер стильдерінің ерекшеліктерін зерттеу. | ||
Бағалау критерийлері
|
Ортағасырлық өнердің ерекшеліктерін салыстырып, талдау. | ||
Тарихи концепт (фокус)
| дәлел | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Оқушылар феодализмнің басты ұғымдарының түсінігін көрсету үшін терминдерді қолдана алады. Пәнге тән лексика мен терминология: готика, роман стилі, шіркеу, витраждар, миниатюралар. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Феодализм … қалыптасты. Қожайын мен шаруа ... болды. ... азық-түлік пен заттар өндірілген кезде қалдықтар пайда болады. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі … байланысты болды. Ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері ... болып табылады. Қолөнер цехы ... қамтыды. Қолөнершілер цехтарға бірікті, себебі ... Жарғылар … қамтамасыз етті. | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, сәулет өнері | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Феодалдық қоғамның басты ерекшелітерін, әлеуметтік сатыны жалпылама біледі. | ||
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) | 1. Сәлемдесу 2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау (3 мин) | БЫМ/С Мұғалім оқушылардан роман және готикалық стильде салынған ғимараттары бейнеленген пазлдарды жинауды сұрап, олардың арасындағы айырмашылықты анықтауға тапсырма береді. (бірнеше бөліктерге қиылған суреттер) (Қосымша 1) Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
| Қосымша 1 Роман және готика стильдеріндегі ғимараттар | |||||||||||||||
Мұғалімнің түсіндіруі (5 мин) | М Мұғалім готика және роман стильдер бойынша қысқаша ақпарат береді (кезең, басты белгілері). Оқушылар дәптерге ақпаратты түсіреді.
| Презентация | |||||||||||||||
Жұптық жұмыс түрі Роман және готикалық стильдегі ғимараттарды бейнелеу (15 мин) | Ж Оқушыларға А4 форматтағы қағаз бен маркерлер таратылады. Оқушылардың мақсаты: роман және готикалық стильдегі соборларды бейнелеу. П Кейбір жұптар суреттерін қорғап, неліктен бұл стильде салынғанын түсіндіреді. Бағалау критерийлері:
| Презентация | |||||||||||||||
Жұптық жұмыс түрі Салыстырма лы кестені толтыру (7 мин) | Ж/Ж Оқушыларға салыстырмалы кестені толтыруға тапсырма беріледі:
| Презентация | |||||||||||||||
Талқылау (6 мин) | С Мұғалім ортағасырлық қаланың бейнесін көрсетіп, қаланың сол немесе басқа бөліктері қандай функцияларды атқаратындығын анықтауды ұсынады (ресурстық бағанда сілтеме). Қалада қолөнершілер мен саудагерлер қандай рөл атқарды?Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Ортағасырлық қаланың сәулеті бізге қандай ақпарат береді? | Ортағасырлық қала: http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/4038e11e-6889-4b9d-80fe-cb42e882eb0b/165.swf Презентация | |||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы (5 мин) | Төменде берілген сөйлемдерді жалғастырыңыз:: Роман стилінің ерекшелігі - бұл ... Готикалық стилінің негізгі ерекшелігі - бұл ... Сәулет өнерде діни тақырыптар көрініс табады ... Орта ғасырлық қоғамның басты құндылығы ... Зерттеу мәселесін талқылау: Қала сәулеті мен өнері ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? | Презентация |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру