Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды? Дүниетану, 3 сынып, презентация.


Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?

27 сабақ

7 бөлім

«Су – тіршілік бастауы»

Миға шабуыл

Топтарға бөлініңдер;

Топта ұсынылған белдеудің табиғатын сипаттаңдар (рельеф, климат және т.б.) және осы белдеудің табиғи жағдайларының адамдардың өмірі мен қызметіне әсері туралы айтыңдар.

“Волейбол” стратегиясы

-Талқылау үшін сұрақтар:

- Қандай негізгі климаттық белдеулер бар?

- Әрбір климаттық белдеудегі табиғи жағдайлар қандай?

- Қандай климаттық белдеуде адамдар қуана қоныстанар еді?

- Ертеде адамдар қандай жерлерде, қай аймақта қоныстанды? Ол аймақтың оңтүстігі мен солтүстігін таңдау себебі неде?

- Не себепті адамдар өсімдіктері бай және жануарлар әлемі мол жерлерді таңдады?

Сабақ мақсаттары

Сен:

табиғи жағдайлардың адамдардың қоныстануына әсерін анықтайсың.

Тақырып бойынша кіріспе

"Адамдардың қоныстануы және Жер халқының өсуі" атты көрсетілім

Талқылау үшін сұрақтар:

- Алғашқы адамдар қайда тұрды?

- Бұл табиғи жағдайларға байланысты болды ма?

- Неге адамдар су жанында отырықшыланды?

- Неге адамдар таудың етегінде, төбенің жанында өмір сүрді?

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=myASh5VjN1I (0.53сек дейін көрсету)

 

 

 

 

 

 

  “Картамен жұмыс” тапсырмасы

№ 1 тапсырма. Картадан өзендердің (көлдердің, теңіздердің) атауымен немесе "су" сөзімен байланысты қалаларды табыңдар.

№ 2 тапсырма. Картадан атаулары «тау», «төбе» сөздері кездесетін қала және елдімекендерді көрсетіңдер.

Тапсырма № 3. Картада елдің оңтүстігіндегі көне қалаларды табыңдар: Түркістан, Шымкент, Тараз Алматы. Неге олар осы мекенде пайда болды?

Бағалау критерийлері:

су нысандары (көлдер, өзендері және т. б.) жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді;

тау баурайында, төбешіктер жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді

Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді

https://www.tourister.ru/world/asia/kazakhstan/map

Мұғалімнің сыйлығы

«Ұлы Жібек жолы»

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=1VpDvZRW6zM

«Сондықтан ...» стратегиясы (жеке)

Тұжырымды аяқтаңдар:

Өзен-тіршілік көзі, сондықтан....

Адам ежелден таудың жанында қоныстанған, сондықтан қазір де ...

Ежелде еліміздің оңтүстіктігінде Ұлы Жібек жолы өтті, сондықтан...

Бағалау критерийлері:

- адамдардың қоныстану себептерін анықтайды.

РЕФЛЕКСИЯ: Менің пікірім

Блогер ретінде сабаққа пікірлер жазыңдар.

Сабақ маған ұнады .....

Тағы қалар едім......

Рахмет айтқым келеді........

Сонымен:

Сен:

табиғи жағдайлар адамдардың қоныстануына қалай әсер ететінін анықтадың.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу