Төтенше жағдайда өзіңді қалай ұстау керек? Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
- Әр топқа төтенше жағдайлардағы өзін – өзі ұстау ережелерінің кезеңдері жазылған алгоритм таратылады. Оқушылар кезеңдерді ретімен орналастырады. Орналастыру барысында алдыңғы сабақта жазылған жаднаманы басшылыққа алады.
Төтенше жағдайлардағы өзін – өзі ұстау ережелерінің алгоритмі
- Кез келген апаттық жағдайларда үрейленбеу және басқалардың үрейленуіне жол бермеу
- Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты тыңдау
- Газ, су және жарықты сөндіру
- Құжаттар салынған рюкзак немесе сөмкені әзірлеу
- Үш күнге жететін тамақ пен су алу
- Жылжымалы электр фонарды салу
- Алғашқы медициналық көмек дәрідорбасы мен медикаменттер алу;
- Жылы киім мен аяқ киім алу;
- Радио немесе теледидардан келесі ақпаратты күту.
- «Мен-зерттеушімін» іскер ойыны
Алдын-ала газеттерде жарияланған апаттар туралы материалдардың қиындылары дайындау керек.(берілетін мәліметтің көлемі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалынады)Ұсынылатын материалдардың мазмұны табиғи апаттарға қатысты болуы ескерілуі керек (дауыл, су басу, жерсілкінісі, кенеттен қалың кар жауу, қаркөшкіні, құрғақшылық).
- «Сыртқы және ішкі шеңбер» ойыны мұғалімге оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін бағалауға мүмкіндік береді.
Үлгі сұрақтар:
- Климат пен ауа райының айырмашылығы неде?
- Біз қандай климаттық белдеуде тұрамыз?
- ..... климаттық белдеуді сипатта
- Жер шарының ең тығыз халық қоныстанған жерлерін ата? Себебі неде?
- Қолайлы және қолайсыз табиғи ортаға мысал келтір.
- Адам өмір сүру үшін қандай табиғи жағдайлар болуы шарт деп ойлайсың?
- Табиғи жағдай адам қызметіне әсер етеді тұжырымымен келісесің бе? Келіссең, дәлелде.
- Табиғи апаттарға не жатады? Олардың зардабы қандай?
- Табиғи апаттарды алдын алуға бола ма?
- Табиғи апат кезіндегі сенің әрекетің? Нақты бір мысал келтір.
- Төтенше жағдай деп қандай жағдайды атайды?
- Зауытта болған жарылыс табиғи апатқа жата ма? Неліктен?
- Өзіңнің сұрағың
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?