Төтенше жағдайда өзіңді қалай ұстау керек? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Жанды табиғат»

Мектеп:

Мерзімі: 1-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Төтенше жағдайда өзіңді қалай ұстау керек?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.2 Қолайсыз ауа-райы, геологиялық және табиғи климаттық апаттар туындаған жағдайлардағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру

3.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп – қатерді анықтау және бағалау.

3.1.4.4 Өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Төтенше жағдай ұғымын түсінідіре алады;
  • табиғи ортадағы қауіп-қатерді анықтай алады;
  • өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлай алады.

Бағалау критерийлері

  • ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерін құрастыра алады;
  • дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп – қатерді анықтайды және бағалайды;
  • табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Артық ұғымды анықтап, дәлелдей алады;
  • Табиғи төтенше жағдайлар түрлерін атай алады;
  • ауызша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады

Терминология:

  • төтенше жағдайлар;
  • Табиғи ортадағы қауіп-қатерлер

Пайдалы сөз тіркестер:

Төтенше жағдайлар табиғи, техногенді, экологиялық ....

Төтене жағдайда ең басты қағида- ...

Құндылықтарды дарыту

Қауіпсіздік – төтенше жағдайындағы қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады;

Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады.

Пәнаралық байланыстар

География: төтенше жағдайлар,табиғи апаттар;табиғи ортадағы қауіп-қатерлер

ұғымдары талданады;

Информатика: алгоритм құру дағдылары қалыптаса бастайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушыларда қолайлы, қолайсыз табиғи жағдайлар туралы

түсінік бар Ауа райының қолайсыз құбылыстарын біледі. Қауіпсіздік ережелерін құру тәжірибелері бар. Табиғи апат түрлерін ажырата алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-7

8

  • Топқа бөліну «Жыл мезгілдері»

Оқушылар топқа бөлінеді: туған күндері қыста – 1 топ; жазда -2 топ; көктемде -3 топ, күзде – 4 топ Топтағы оқушылар саны тым артық болып кетсе реттеуге болады.

  • «Артығын тап» (жеке)

Берілген сөздерде артық сөзді тап, қалған ұғымдарды бір сөзбен жалпылап айт.

Орман өрті

Қар көшкіні

Жер сілкінісі

Су тасқыны

Ұшақ апаты

Жауаптарын топта талқылау.

  • Сабақ мақсатын анықтау
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

-Төтенше жағдай ұғымын түсінідіреміз;

-табиғи ортадағы қауіп-қатерді анықтаймыз;

- табиғи ортадағы қауіпсіздігімізді жоспарлаймыз.

Слайд№1

Жеке парақтар

Слайд№3

Сабақ ортасы

9-19

20-27

28-34

  • Тапсырма «Алгоритм құрастыру» (жұпта)

Оқушылар топта қолайсыз ауа-райы, геологиялық және табиғи климаттық апаттар туындаған жағдайлардағы өзін-өзі ұстау ережелерінің кезеңдерін құрастырады. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Бағалау критерийлері:

  • ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерін құрастыра алады;
  • «Мен – зерттеушімін» іскер ойыны (топта)

Әр топ газет беттерінде жарияланған материалдар негізінде табиғи ортадағы қауіп -қатерді анықтайды, себеп-салдарын белгілейді. Жұмыс соңында оқушылар бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді.

Бағалау критерийлері:

  • дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп – қатерді анықтайды және бағалайды;
  • «Сыртқы және ішкі шеңбер» дидактикалық ойыны (ұжымда)

Ішкі шеңбердегі оқушылар «Жанды табиғат» бойынша сыртқы шеңбердегі оқушыларға сұрақ қояды. Белгі бойынша сыртқы шеңбердегі оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, оңға жылжиды. Барлық оқушылар қатысуға мүмкіндік алады. Сұрақтарды тек бір сабақ көлемінде емес, тарау тақырыптары бойынша қоюға болады.

Бағалау критерийлері:

  • табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлай алады.

Алгоритм құруға берілген қима қағаздар

Табиғи апаттық жағдайлар жарияланған газет қиындылары

(дауыл, су басу, жерсілкінісі, кенеттен қалың кар жауу,  қаркөшкіні, құрғақшылық)

таратпа жауап кестесі

Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз

Сабақтың соңы

35-40

  • Рефлексия «Бағдаршам» (жеке)

«Қызыл» – маған түсініксіз болды;

«Сары» – әлі де қайталау керек;

«Жасыл»- маған барлығы түсінікті.

Оқушылар бағдаршам көздеріне сәйкес дөңгелектерді көтереді. Ұстаз сары және қызыл көтерген оқушыларды әңгімеге тартып, кері байланыс береді.

Слайд

Бағдаршам көздері (түрлі түсті дөңгелектер)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Алгоритм құру тапсырмасында оқуда кедергісі бар жұптағы оқушыларға тірек сөздер беруге болады. Қабілеті жоғары оқушыларға «Артығын тап» тапсырмасына күрделі нұсқаларын ұсынуға болады. Мысалы: -Қар көшкіні; -Жер сілкінісі; - Дауыл; -Аяз; Смерч. (Артық сөз: Смерч, себебі Қазақстан аумағына тән емес табиғ апат)

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Алгоритм құрастыру тапсырмасында оқушылардың ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерін құрастыра алу дағдылары тексеріледі. Оқушылар осы тарауда алған барлық білімдерін «Сыртқы және ішкі шеңбер» дидактикалық ойынында көрсете алады. Сұрақтың сапасы мен жауаптың толықтығына мән беріп бағалаңыз. Барлық оқушының толық қамтылғанын қадағалау қажет. Тарау соңынан шағын аралас (жабық және ашық сұрақтардан тұратын) тест өткізуге болады.

Оқушылардың топпен жұмыс барысында еркін жүріп-тұруы денсаулықтарына пайдалы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу