Төтенше жағдайда өзіңді қалай ұстау керек? Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар (сабақта берілу ретімен)
- Төтенше жағдайлардағы өзін – өзі ұстау ережелерінің алгоритмі
- Кез келген апаттық жағдайларда үрейленбеу және басқалардың үрейленуіне жол бермеу
- Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты тыңдау
- Газ, су және жарықты сөндіру
- Құжаттар салынған рюкзак немесе сөмкені әзірлеу
- Үш күнге жететін тамақ пен су алу
- Жылжымалы электр фонарды салу
- Алғашқы медициналық көмек дәрідорбасы мен медикаменттер алу;
- Жылы киім мен аяқ киім алу;
- Радио немесе теледидардан келесі ақпаратты күту
- «Алгоритм құра» тапсырмасына мысал сурет: Сел кезіндегі негізгі 3 әрекет
(http://sav.21415s11.edusite.ru/selj.html)
- «Мен – зерттеушімін» іскер ойыны (топта) таратпа жауап парағы:
Топ№ | Мүшелері: |
Мақала аты: | |
Мақала авторы: | |
Мақала туралы өзге де деректер: | |
Табиғи апат түрі: | |
Орын алған жер: | |
Себебі: | |
Салдары: | |
Топтың көзқарасы: |
- «Мен – зерттеушімін» іскер ойынына газет мақалаларының сілтемелері мен сканкөшірмелері:
https://kaz.nur.kz/1723447-ttense-zagdaj-sko-da-tagy-bir-auyldy-topan-su-basty.html
https://kaz.nur.kz/326577-pavlodarda-orman-ortenip-zhatyr.html
https://kaz.nur.kz/326865-almatyda-kuatty-zher-silkinisi-boldy.html
- «Сыртқы және ішкі шеңбер» ойынының таратпа қима материалы:
Климат пен ауа райының айырмашылығы неде? |
Біз қандай климаттық белдеуде тұрамыз? |
Қоңыржай климаттық белдеуді сипатта |
Экваторлық климаттық белдеуді сипатта |
Полярлық климаттық белдеуді сипатта |
Тропикалық климаттық белдеуді сипатта |
Жер шарының ең тығыз халық қоныстанған жерлерін ата? Себебі неде? |
Қолайлы және қолайсыз табиғи ортаға мысал келтір. |
Адам өмір сүру үшін қандай табиғи жағдайлар болуы шарт деп ойлайсың? |
Табиғи жағдай адам қызметіне әсер етеді тұжырымымен келісесің бе? Келіссең, дәлелде. |
Табиғи апаттарға не жатады? Олардың зардабы қандай? |
Табиғи апаттарды алдын алуға бола ма? |
Табиғи апат кезіндегі сенің әрекетің? Нақты бір мысал келтір. |
Төтенше жағдай деп қандай жағдайды атайды? |
Зауытта болған жарылыс табиғи апатқа жата ма? Неліктен? |
Өзіңнің сұрағың |
- Қосымша төтенше жағдайлардың қима суреттері:
https://www.namfs.org/natural-disasters/ |
http://www.smrbyallaction.com/tips-prepare-natural-disaster/ |
- Теориялық ақпарат
Қолайсыз табиғи құбылыстарға соңы алапат су тасқынына ұласатын нөсер жаңбыр мен дауыл (өте қатты жел) да жатады. Қазіргі заманда спутниктер арқылы ғарыштан бақылап, апаттардың алдын алуға болады.
Барлық аймақтарда қауіпсіздікті бақылайтын арнайы қызметкерлер бар, олар қауіпқатер жайында алдын ала хабарлайды. Қатер төнген жағдайды адамдар басқа жерге көшіріледі. Қолайсыз табиғи-климаттық құбылыстар ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Ыстық,құрғақ желдің жиі соғуынан құрғақшылық пайда болады.
Жыл сайынғы құрғақшылықтан егін шаруашылығы зардап шегеді, астықтың шығымы төмендейді. Судың тапшылығынан ауыл шаруашылығы өнімдері азаяды. Кейде мұндай желдер алапат шаң көтереді. Ауыл шаруашылығына, егістікке қатқақ, қатты аяз, нөсер, бұршақ өте қауіпті. Кей жерлерде ауа температурасының күрт төмендеуінен, көктемгі суықтың ызғарынан қатқақ пайда болады. Олар егістікке, мәдени көгөністерге, жеміс ағаштарына көп зиян әкеледі.
Жазда күн күркіреуінің соңы нөсер жаңбыр мен қатты желге, бұршаққа ұласады. Соның салдарынан астық шіриді, жолдар жарамсыз болады, электр сымдары үзіледі. Қолайсыз ауа райы әуежай жұмыстарына, ұшақтардың ұшуына кедергі келтіреді.
Геологиялық және табиғи-климаттық апаттарға жер сілкінісі, вулканның атқылауы, лай көшкіні, қар көшкіні, сел және т.б. жатады.
Лай көшкіні – таудан немесе биік жар басынан төмен қарай ауыр салмақпен сырғып құлаған лай батпақ.
Сел – тау өзенінің арнасынан кенеттен асып, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты су ағыны. Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, мұздың бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның іс-әрекетінен пайда болады.
Қар көшкіні – тау шыңдары мен құлама беткейлерінен төмен қарай құлаған қар массасы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағында қар көшкіні қаупі бар.
Көктайғақ – қыста жылымықтан кейін суықтың қайта түсуінен мұз болып қатуы.
Жер сілкінісі – жер асты дүмпуі әсерінен жердің беткі қабатының қозғалуы. Дауыл – 30 м/с жылдамдықпен ұзақ соғатын жойқын жел.
Су тасқыны – қардың еруі, жауын-шашынның көп болуы, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу.
Құрғақшылық - ыстық күнде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде жетіспеушілігі.
Жұт– ауа райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының экономикалық күйзеліске ұшырауы. Қазақ халқы жұтты “жеті ағайынды” дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?