Төтенше жағдайда өзіңді қалай ұстау керек? Дүниетану, 3 сынып, презентация.


“Төтенше жағдайда өзіңді қалай ұстау керек?”

5 сабақ

“Жанды табиғат” 1тарау

“Жыл мезгілдері”

Топқа бөлініңдер: туған күндерің қыста болса – 1 топ; жазда -2 топ; көктемде -3 топ, күзде – 4 топ.

«Артығын тап» (жеке)

Берілген сөздер ретінен артық сөзді тап, қалған ұғымдарды бір сөзбен жалпылап айт.

 

Орман өрті

Қар көшкіні

Жер сілкінісі

Су тасқыны

Ұшақ апаты

Сабақ мақсаты

Сен:

Төтенше жағдай ұғымын түсінесің;

табиғи ортадағы қауіп-қатерді анықтайсың;

табиғи ортадағы қауіпсіздігіңді жоспарлайсың.

Алгоритм құра: берілген қадамдарды ретімен орналастыр.

Үш күнге жететін тамақ пен су алу;

Алғашқы медициналық көмек дәрідорбасы мен медикаменттер алу;

Кез келген апаттық жағдайларда үрейленбеу және басқалардың үрейленуіне жол бермеу;

Газ, су және жарықты сөндіру;

Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты тыңдау;

Құжаттар салынған рюкзак немесе сөмкені әзірлеу;

Радио немесе теледидардан келесі ақпаратты күту;

Жылжымалы электр фонарды салу;

Жылы киім мен аяқ киім алу;

Табиғи апаттық жағдай болған кезде Есіңе түсір!

Мысалы: Сел кезіндегі негізгі 3 әрекет

Алгоритмды тексерейік:

Кез келген апаттық жағдайларда үрейленбеу және басқалардың үрейленуіне жол бермеу

Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты тыңдау

Газ, су және жарықты сөндіру

Құжаттар салынған рюкзак немесе сөмкені әзірлеу

Үш күнге жететін тамақ пен су алу

Жылжымалы электр фонарды салу

Алғашқы медициналық көмек дәрідорбасы мен медикаменттер алу

Жылы киім мен аяқ киім алу

Радио немесе теледидардан келесі ақпаратты күту.

«Мен – зерттеушімін» іскер ойыны (топта)

Топта газет беттерінде жарияланған материалдар негізінде табиғи ортадағы қауіп -қатерді анықтаңдар;

Себеп-салдарын көрсетіңдер;

Бір-біріңнің жұмысына кері байланыс беріңдер.

«Сыртқы және ішкі шеңбер»

Климат пен ауа райының айрмашылығы неде?

Біз қандай климаттық белдеуде тұрамыз?

..... климаттық белдеуді сипатта

Жер шарының ең тығыз халық қоныстанған жерлерін ата? Себебі неде?

Қолайлы және қолайсыз табиғи ортаға мысал келтір.

Адам өмір сүру үшін қандай табиғи жағдайлар болуы шарт деп ойлайсың?

Табиғи жағдай адам қызметіне әсер етеді тұжырымымен келісесің бе? Келіссең, дәлелде.

Табиғи апаттарға не жатады? Олардың зардабы қандай?

Табиғи апаттарды алдын алуға бола ма?

Табиғи апат кезіндегі сенің әрекетің? Нақты бір мысал келтір.

Төтенше жағдай деп қандай жағдайды атайды?

Зауытта болған жарылыс табиғи апатқа жата ма? Неліктен?

Өзіңнің сұрағың

Сонымен:

Сен:

Төтенше жағдай ұғымын түсіндің;

табиғи ортадағы қауіп-қатерді анықтадың;

табиғи ортадағы қауіпсіздігіңді жоспарладың.

Кері байланыс:

“Бағдаршам”

- «Қызыл» – маған түсініксіз болды;

«Сары» – әлі де қайталау керек;

«Жасыл»- маған барлығы түсінікті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу