Қазақ хандығы қалай құрылды? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Көрнекті тұлғалар» Мерзімі: 3-тоқсан Сынып: 3 | Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қазақ хандығы қалай құрылды? | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||
Бағалау критерийлері | - Қазақ хандығы қалай құрылғанын әңгімелейді; -Қазақ хандығының негізін қалаушыларды біледі; - Қазақ хандығының құрылуының 3 себебін түсіндіреді; -Қазақ хандығы мен қазіргі Қазақстан аумағын салыстырады; - Қазақ хандығы құрылуындағы маңызды оқиғаларды атап шығады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Қазақ хандығы қалай құрылғанын түсіндіреді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Қазақтардың алғашқы мемлекеті қалай аталды? - Жәнібек хан мен Керей ханға ескерткіш неге салынды? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Патриотизмді дамыту қазақ халқының көрнекті тұлғаларымен: Жәнібек пен Керей хандарымен танысу және олардың Қазақстан тарихындағы рөлін түсіну арқылы жүзеге асырылады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: Қазақ хандығы құрылғаннан бері неше жыл өткенін санайды. Қазақ тілі: диалог құрады. Жаратылыстану: «Құс базары» ұғымы. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 1 сыныпта «Саяхат» тарауында оқушылар Ботай мәдениетінің ерекшелігін суреттеп,түрлі дереккөздер негізінде Тұмар патшайым туралы түсінік алған . Оқушылар 3 сыныптың «Уақыт» тарауында ежелгі түркілердің өмір сүру салты туралы мағлұматтар алған. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы
0-5 6 |
Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнежазбаны көру «Қазақ хандығына 550 жыл». Ұзақтығы: 3 мин 37 сек Талқылауға арналған сұрақтар: - "Мың өліп, мың тірілдік"сөзі нені білдіреді? - Жәнібек пен Керей сұлтандар несімен танымал? - Қазақ хандығының 550 жылдығы қашан атап өтілді? - Бұл оқиға біздің еліміз үшін неге маңызды?
| Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Cu27tgy4KmE Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 7-11 12-16 17-18 19-25 26-36 |
Оқушыларға Қазақ хандығының пайда болуы туралы мәтін таратылады. Барлық оқушылар орындарынан тұрып, сыныпта серуендеп мәтінді дауыстап оқиды (Құс базары сияқты). Ары қарай мұғалім белгісі бойынша оқушылар бір-біріне жұп таңдап алып, нақтылаушы сұрақтар қоя отырып, бір-біріне дауыстап оқып береді. Бағалау критерийі: - Қазақ хандығы қалай құрылғанын әңгімелейді.
- Оқушылар Жәнібек пен Керейдің суреттері және мәтін негізінде жұпта рөлдерді бөліп, бір-бірімен әңімелеседі. Талқылауға арналған сұрақтар: Жәнібек пен Керей халыққа бас болып, қоныс аудара бастады. Қалай ойлайсың, олар не туралы әңгімелесуі мүмкін? Жұптасып, олардың сұхбатын өз қиялдарыңмен құрастырып көріңдер. - Оқушыларға болжам жасау ұсынылады: бұдан ары қарай не болады? Оларды жат елде қандай кездесу күтіп тұр? - Болжамнан кейін оқушылар жұппен қазақ хандығының құрылуы туралы мәтінді оқып, өз болжамдарымен салыстырады. Бағалау критерийі: - Қазақ хандығының негізін қалаушыларды біледі; - Қазақ хандығының құрылуының 3 себебін түсіндіреді.
Оқушылар Қазақ хандығының құрылған уақытынан бастап қанша жыл өткенін санайды. Бірінші және дұрыс жауап берген оқушыға көтермелеу мақсатында медаль беріледі. Мұғалім барлық ел болып тойлаған Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы әңгімелейді.
Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа 2 карта таратылады: қазіргі Қазақстанның кескін картасы және Қазақ хандығының картасы. Оқушылар топта қазақ хандығының аумағын салыстыра отырып, кескін картада белгілеулер жасап, қорытындылайды. Өзін-өзі бағалау мұғалімнің дұрыс нұсқасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау критерийі:
Топта оқушылар Қазақ хандығының құрылуы туралы бейне клиптің сценарийін құрастырады.
Талаптар:
Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады. Бағалау критерийі:
| Таратпа мәтін (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Қоныс аударудағы Керей мен Жәнібектің суреті (дидактикалық материалға қараңыз) Мәтін Секундомер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Қазіргі Қазақстан кескін және Қазақ хандығының картасы
Постер, маркерлер, бос кадрлар шаблоны Қарындаштар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | |||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): «3 сәт» стратегиясы Оқушылар сабақ барысында есте жақсы сақталып қалған 3 сәтті атайды немесе жазады (егер уақыт аз болса, жазбаша тапсырады). | Таратпа парақ (дидактикалық материалға қараңыз) | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Барлық оқушыларға бірге (немесе ата-аналармен) "Жаужүрек мың бала" фильмін көруге және талқылау ұсынылады (әдістемелік нұсқаулықты қараңыз). Қабілеті жоғары оқушыларға Жәнібек пен Керей басқаруынан кейін Қазақ хандығын кімдер басқарғаны жайлы зерттеу жүргізу керек. Оқуда кедергісі бар оқушыларға көрген фильм бойынша «Қазақ елінің батырлары» тақырыбында шағын эссе жазуды ұсынуға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Сабақта өзара бағалау және өзін-өзі бағалау сияқты бағалау түрлері қолданылады. Практикалық тапсырма "2 жұлдыз, 1 тілек" әдісімен бағаланады. "Сұрақ-жауап" стратегиясының көмегімен барлық оқушылар Қазақ хандығының құрылу себептерін анықтай алғандықтарына көз жеткізіңіз. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?