Мен қазақстандықпын. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Туған өлкем | Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімніңаты-жөні
Қатысқаны: Қатыспағаны: | ||
Күні:2 тоқсан | |||
Сынып: 2 сынып | |||
Сабақ тақырыбы | Мен қазақстандықпын | ||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.3.5.2 бақылаулар негізінде ҚР мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау | ||
Сабақ мақсаттары |
| ||
Бағалау критерилері | Мемлекеттік рәміздерді атайды, қолдану аясын атайды | ||
Тілдік мақсаттар
|
| ||
Құндылықтар дыдарыту
| Сыйластық Жауапкершілік. | ||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, математика | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | Неліктен атамекен бәрінен қымбат? | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 2 минут |
Қоңырау үні естілді Сабағымыз басталды. Оқушылар тынышталып, Қатар, қатар тік тұрды. | Слайд | |
Сабақтың ортасы 3 минут 3 минут 2 минут 2 минут 10 минут 3 минут 3 минут 6 минут 3 минут | (Ұ)(Ж)қызығушылығын ояту: Мұғалім оқушыларды көздерін жұмып, олардың нағыз Қазақстандық екенін сезінуге немесе ұғынуға көмектесетін екі зат туралы ойлауын сұрайды. Олар көздерін ашқан кезде оқушылардың жауаптары тыңдалады. -Балалар, көз алдарыңызға не елестеді? (Ту, Астана қаласы, Бәйтерек, Елтаңба, Президент, т.б.) - Неліктен? (Себебі, ...........................) Оқушылардың жауаптары тыңдалады. -Балалар, қалай ойлайсыздар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ? (оқушылар жауабы тыңдалады) Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. (Ұ) Интерактивті тақтадан «Тәуелсіз Қазақстан» бейне жазбасы көрсетіледі. (Ұ)(Ж) «Сен маған мен саған» - Қазақстан қандай ел? - Қазақстанның мелекеттік нышандары қандай? - Қазақстанның астанасы қай қала? - Ел президенті кім? - Мемлекеттік нышан деген не? (Оқушылар бір-біріне бейнежазба бойынша сұрақтар қоя отырып, жауа алады. Үшінші оқушы қойылған сұраққа толықтырулар енгізуге болады). (Т) Оқушыларға өздерімен қатарлас шетелдік туристердің мектептерін тамашалауға келгенін көз алдарына елестетуді сұралады. Мақсатымыз: туристерге мемлекеттік рәміздердың мән-мағынасын ашу арқылы өз елімізді таныстыру. Тапсырманы орындамас бұрын «Мемлекеттік рәміздер» бейнежазбасы көрсетіледі. Тапсырманы орындау үшін оқушылар үш топқа бөлінеді. 1-топ: Елтаңба 2-топ: Ту 3-топ: Әнұран /әрбір топ өзіне берілген мемлекеттік рәміздердің мағынасына сай постер құрастыру керек/ Тапсырма орындалып болған соң, топтар бір өз постерлерін қорғайды, бірін-бірі бағалайды. Бағалау критерийлері:
Әрбір критерийдің дұрыс орындалуына 1 баллдан қойылады. Жоғарғы балл-5 балл. /Оқушылар бірін-бірі бағалайды/. (Т) Оқушыларға суреттер таратылып беріледі. -Балалар, мына суреттерде не бейнеленген? /әрбір топ оқушылары «тізбектеле» отырып сұрақтарға жауап береді/. -суреттерде мемлекеттік нышандар қай жерде орналасқан? (оқушылар сурет бойынша жауап береді?) -неліктен деп ойлайсыздар? (оқушылардың жауаптары тыңдалады, толықтырулар енгізіледі). (Т) –Балалар, біз мемлекеттік рәміздердің алатын орны туралы білдік. Бұл Қазақстанның тәуелсіз, егемен, бейбіт ел екендігінің белгісі. Қазақстанның тұрғылықты халқы –қазақ халқы, яғни Біз бен Сіз. –Ал қазақ халқы қандай халық? (Қазақ халқы - қонақжай халық. Қазақ халқы еңбекқор халық, өнерлі, шешен халық, т.б.) -дұрыс айтасыздар! Қазақ халқы батырлығымен, қонақжайлығымен қатар суырыпсалма өнерлі, шешен халық. Қазір сіздер сол өнерлі жалғастырушы ретінде өздеріңізді көрсететін боласыздар. Тапсырма: «Мәңгілік ел!» өлең құрастыру. Оқушыларға А4 форматында ақ қағаз таратылып беріледі. (3 топ) Топ басшысы өлеңнің бірінші жолын жазады да, қағазға жазған бөлігін бүктейді. Әрі қарай өлеңнің екінші жолын жанында отырған оқушы жазады, жазған бөлігін бүктейді. Осылай өлең жолдарын құрастыру тізбектеу әдісі арқылы жалғасады. Тапсырма орындалып болған соң топ басшысы өлеңді толығымен оқиды. Негізгі сөздерді атайды. /Қазақстан-тәуелсіз ел. Бай ел. Туымыз желбіресін, т.б./ Оқушылар бірін-бірі «Шапалақтау» арқылы бағалайды. (|Ұ) Сабақтың қорытындысы ретінде «Көк тудың желбірегені» әні орындалады. | слайд Бейнежазба «Мемлекеттік рәміздер» бейнежазба Постер құрастыру Слайд Суреттер А4 форматындағы ақ қағаздар «Көк тудың желбірегені» бейнежазба | |
Сабақтың Соңы 3 минут | Рефлексия «Бес саусақ» әдісі1.Мен бүгін ..... білдім. 2.Мен бүгін ..... істедім. 3.Маған ...... жеңіл болды. 4.Маған .... қиын болды. 5.Мен өзімді ...... бағалаймын. Бағалау: Оқушылар өздерін пайыздық көрсеткіш арқылы бағалайды.Өз орындарын анықтайды. | Пайыздық көрсеткіштер | |
Дифференциация –қабілеті жоғары оқушыларға топтық жұмыс жасауда деңгейлік тапсырмалар беру | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Қалыптастырушы бағалау. «Пайыздық көрсеткіш » әдісі бойынша бағалау. | Денсаулық сақтау технология лары. Қауіпсіздік Техникасы ның ережелері |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды