Мен қазақстандықпын. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім «Өзім туралы» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 1 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Мен қазақстандықпын | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.5.1 Оқушыларға және достарына өзінің көзқарасы мен пікірін білдіру; 2.2.6.1 Рәміздерді қысқаша сипаттау, мәнін түсіну; 2.2.6.2 Мемлекеттік рәміздердің семантикасын түсіну; 2.2.6.3 Өз сөзімен Тұңғыш Президентіміз, оның Қазақстандағы тәуелсіздік алудағы рөлі туралы әңгімелеу; 2.1.5.12 Топ немесе ұжым мүшесі ретінде жұмыс істеу қабілетін дамыту. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар мемлекеттік рәміздерге сипаттама бере біледі; Еліміздегі көптеген ұлт өкілдерінің татулықта тұрып жатқандары туралы туралы әңгімелейді. Өз сөздерімен Отан, Астана, туған жер туралы әңгімелеп айтып береді. | |||||
Жетістік критерийлері | Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін біледі және таниды; мемлекеттік рәміздерде бейнеленген ұлттық нақыштағы элементтердің (шаңырақ, тұлпар, жұлдыз, көк түс, күн, қыран және т.б.) мәнін түсіндіре алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылардың әңгімелеу барысында мемлекеттік рәміздер, елтаңба, көк ту, әнұран, ұлттық нақыш, шаңырақ, ежелден, ел, бірлік, даңқ, тәуелсіз, қазақ тілі, мен қазақстандықпын сөздері мен сөз тіркестерін үштілде пайдалануы арқылы сөздік қорларын молайту. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге және ұлттық тілге деген мақтаныш пен құрмет сезімі қалыптасады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сабақ Әнұранды шырқау кезінде музыка пәнімен, концептуалды карта жасау мен сурет салу барысында өнер пәнімен және «Менің Қазақстаным» тақырыбында әңгімелеу кезінде қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланысады. | |||||
АКТ | Оқушылар өз таныстырылымдарын PowerPoint бағдарламасында қорғайды; Елімізді дәріптейтін бейнебаяндар көрсетіледі. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қазақ (қазақстандық) болу деген нені білдіретінін түсіндіретін таныстырылым, мен қазақстандықпын, туған жерім – Қазақстан тақырыптарында буклеттер, альбомдар, постерлер, кітапшалар дайындады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 10 минут | (МТ) Қонаққа мектептегі шетел мұғалімдері және орыс сыныптарынан оқушылар шақырылады. (Ұ) Оқушылар жартылай шеңберде тұрып салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұранды шырқайды. Интербелсенді тақтадан елімізді дәріптейтін бейнебаян көрсетіледі. Сұрақтар: -Балалар, біздің еліміз көпұлтты мемлекет. Сендер елімізде тұратын қандай ұлт өкілдерін білесіңдер? -Біздің сыныпта оқитын өзге ұлт балаларымен қарым-қатынастарың туралы айтып беріңдерші. -Балалар, сендер нағыз қазақстандық екендеріңді неден сезінесіңдер? /Оқушылар мысалдар келтіріп, өз ойларын айтады/ | https://www.youtube.com/watch?v=PBPFWmzB-Xs https://www.youtube.com/watch?v=qZ_uyHHKAxc | ||||
Сабақ ортасы 25 минут
| (Т) (Қ) Оқушылар топқа бөлініп қонақтарға қазақстандық болу деген нені білдіретінін әңгімелейді. 1-топ. Туды қысқаша сипаттап, таныстырады. Ту туралы тақпақтар айтады. Айнымайды аспаннан Біздің тудың бояуы. Оны халық қашанда Биікке іліп қояды. 2-топ. Елтаңбаны сипаттап таныстырады. Жарқыраған әр тандыМемлекеттік Елтаңба.Халқымыздың бейнесінКең таныта өрлесін. 3-топ. Тұңғыш Президентіміз туралы дайындаған альбомдарды көрсетіп, әңгімелейді. 4-топ. Слайд арқылы туған қаласы мен өз мектептерін таныстырады. 5-топ. Әнұран туралы түсінік береді. (Ұ) Қонақтар өз ойын ортаға сала отырып, зерттеу негіздемесі ретінде оқушылармен бірге қазақ (қазақстандық) бейнесін құрайтын факторларды көрсету үшін концептуалдық картасын жасайды. Үлгі:
(Ө) Мақал жаттау және мағынасын ашу. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Оқушылар қонақтарға Әнұран, Елтаңба, Ту, Талдықорған, Астана қалалары бейнеленген ашық хат таратып береді. Көк тудың астына жиналып «Көк тудың желбірегені» әнін шырқайды. | https://www.youtube.com/watch?v=sMMhHuz7TdA | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылардың тақырып бойынша әңгімелері мен қосқан үлестері мадақталып, сабақ соңында естелік суреттер беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар келген қонақтарға жеке сөздерді /Астана, Қазақстан, Отан, туған жер, Елтаңба, Ту, Әнұран/ үш тілде айтып береді. | Топпен жұмыс барысында оқушылардың әңгімесі сырттай тыңдалынады. Оқушылардың мемлекеттік рәміздерді тану және оның маңыздылығын түсіндіре алу білігі бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Партада отыру кезінде денені тік ұстап, арқасын орындықтың жақтауына тигізіп отыру ескертілді. АКТ мен топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру