Әр снарядтарды лақтыру. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар №8

1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына дамыту

Мектеп: НЗМ ФМБ. Тараз қ.

мерзімі:

Мұғалімнің аты: Есалиев А.А

сынып: 6

Қатысқаны:Қатыспағаны

Сабақ тақырыбы

Әр снарядтарды лақтыру

Оқыту мақсаты, осы сабақта қол жеткізетін (оқу бағдарламасына сілтеме)

қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау

 Сабақ мақсаты

Снарядтарды лақтырудағы қимыл – қозғалыс реттілігіне үйрету

 Бағалау өлшемдері

Оқушылар оқу жаттығу орнын өз бетінше дайындай алады;

Оқушылар лақтыру әдістерін түсінгендігін көрсете алады;

Кіші допты қашықтыққа лақтыра алады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • жеңіл атлетикадағы қозғалыс дағдылары жайлы өз білімдерін салыстырады.лақтыруды көрсете алады

 құндылықтар

 

Құрмет, жауапкершілік, коллаборативті мәдениет, өмір бойы оқу

 Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сынып бойынша білімін сүрау не білетінін сұрақ арқылы анықтау.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сыныпта Жоспарланған іс-шаралар

Ресурсы

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру активити «Шаттық шеңбер»

Сабақтың тақырыбын, оқыту мақсатын, критериилерін түсіндіру.

Жүгіру жаттығулары,жаттығу барысында жарақат алып қалмауын қадағалау.

Жалпы денені дамыту жаттығулары.

Ысқырық,тенис добы,

Негізгі бөлім

Тапсырма №1 - Кіші допты қашықтыққа лақтыру бойынша түсінігін қалыптастыру

- кіші допты лақтыру тәсілдері бойынша түсінігін қалыптастыру (сурет арқылы)

- жабдықтарды лақтыру бойынша жарыс ережесімен таныстыру.

Оқушыға бағытталған сұрақ:

Тапсырма №2 – оқушыларды екі топқа бөліп кіші допты лақтыру тәсілдеріне үйрет

- допты дұрыс ұстау;

допты қолға ұтағанда бас бармақ , сұқ саусақ , ортанғы саусақ арқылы устап лақтырған дұрыс.

-Кіші допты қолды артқа сермеп тік алға адымдап дұрыс лақтыруды көрсету;

Допты оң қолмен лақтырғанда лақтыратын бағытқа сол иығын беріп,допты ұстаған қолды иықтан асырып лақтыру керек.

Оқушылар жұп болып қозғалыс әрекеттерін орындау кезінде қол мен аяқты үйлестіру үшін жаттығулар кешенін орындайды.

1. Аяқты кеңінен алшақ қойып тұру, бір-біріне бүйірлей, оқушылардың бірінің қолында баскетбол добы. Денені бұрып, допты серігіне лақтыру. 10-20 рет қайталау.

2. Бір-біріне қарап, аяқты алшақ қойып тұру. Бірінші оқушы толтырылған топты (1 кг) оң (сол) қолымен төмен ұстайды. Алдын ала отырғаннан кейін, допты бір қолмен төменнен лақтыру. Серігі допты екі қолымен қағып алып, бір қолымен лақтырады. 10-20 рет қайталау.

3. Бір-біріне қарап, аяқты алшақ қойып отыру. Серіктестердің бірінің қолындағы толтырылған доп (салмағы 1 кг) кеуде тұсынан, алға жан-жаққа. Қолды жылдам түзеуге екпін жасап, допты бір-біріне лақтыру. Серіктестер арасындағы арақашықтық дайындық деңгейіне байланысты.Әр оқушынын арақашықтығын оқушы деңгейіне қарай 2-метр немесе одан ары орналатырамыз ,оқушылардын тапсырманы орындау барысын бақылау,

.

Сабақ соңы

Кері байланыс

Маған сабақтың тақырыбы түсінікті болды

Жаңа материалды меңгергенде қиындық болды ма?

Үйге тапсырма беруебетке лақтыру дағдыларын үйрену.

Саралау - қалай көп қолдау көрсетуге жоспарлап отырсыз? Егер сіз көп қабілетті оқушылардың алдына қоюға қандай міндеттер жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғары оқушылар ойын ережесіне сай жарыс өткізіп, меңгере алмай жатқан оқушыларды ролдік жұмыстарға жұмылдыру.

Бағалау - сіз оқушылардың материалының меңгерілу деңгейін тексеру жоспарлап қалай?

1.Сұрақ жауап. ....

2.Оқушылардың іс-әрекетін бақылау ........

Денсаулық және қауіпсіздік сәйкестігі.

Допты лақтыруда және ойындарында қауіпсіздік техникасын сақтау.

Жалпы баға

Сабақтың екі аспектілері қандай (қалай оқыту және танып ойлаймын) сондай-ақ барды?

1:

2:

Қандай (қалай оқыту туралы және оқыту туралы ойлануға) Сабақтың жақсартуға ықпал мүмкін?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу