Спорттық ойындардағы техника және тактикалық іс-әрекет. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Пән: Дене шынықтыру

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Класс:

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

2 бөлім. Спорттық ойындардағы сапа мен қозғалыс дағдылары

Сабақтың тақырыбы

Спорттық ойындардағы техника және тактикалық іс-әрекет

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптардан волейбол ойынының техникалық элементтерін меңгерген

Оқыту мақсаттары

9.2.3.1. Әр-түрлі тактика және стратегияларды құрастыру

 Сабақтың мақсаттары

- Шабуыл соққысын жетілдіру

- Оқушыларды волейбол ойынындағы тактикалық комбинацияларды және стратегияларды құрастыру

Бағалау критерийлері

- Шабуыл соққысын техниалық тұрғыдан дұрыс орындайды

- Ойын тактикалары мен стратегиаларын құрастырады және топпен орындап көрсетеді

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

  • кері серпу, ұшып келіп ұру, допты беру
  • допты лақтыру, қағып алу, соғу
  • қарсы тұру, шабуыл, қорғаныс
  • тактика, стратегия, проблема, шешім
  • қауіпсіздік, командалық ойын , көшбасшылық
  • рөлдер және қалыптар: қорғаушы/шабуылдаушы.

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Шабуылдаушы әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?
  • Қорғаныс әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?
  • Ойын ережесін сақтадыңыз ба?

 Құндылықтарды

 дарыту

Денсаулық – жүру, жүгіру тапсырмаларды орындау кезінде. Адалдық – бір-бірін бағалау кезде. Толеранттылық, құрмет, жауапкершілік - екі жақты ойын кезінде.

 Пәнаралық байланыстар

Пән

биология

Кезең

Арнай жаттығуларын орындау кезінде бұлшық еттердің жұмыстарын анықтау барысында.

 Дифференциация

Оқушылардың жеке физикалық деңгейін ескере отырып тапсырман қарапайымнан күрделіге немесе күрделіден қарапайым

 АКТ қолдану дағдылары

Планшеттерді пайдалана отырып тактикалық комбинацияларды құрастыру барысында

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Волейбол ойыны кезіндегі қауіпсіздік техника ережелеріне тоқталу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы – 10 мин.

1 мин.

3 мин.

1 мин.

5 мин.

  • Оқушылардың зейін шоғырландыру;
  • Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, мақсаттарын анықтап алу;
  • Бағалау критерийлерге тоқталу;
  • Түрлі түсті фишкаларды жинау арқылы, топқа бөліну
  • Дене қыздыруға арналған « Х,О» эстафеталық тапсырманы орындау
  • Қоординациялық баспалдақтағы жаттығуларды орындау.

Үлкен ойын алаңы. LED экран, ысқырық, секундомер, конустар.

Сабақтың ортасы- 25 мин.

10 минут

Тапсырма №1 (Ж, ҚБ ) Оқушылар өздерінің топтарында шабуыл соққысын жетілдіру үшін арнайы тапсырмаларды орындайды:

1. Шабуыл соққысын жасау үшін арнай резеңкені тартып қолдың бұлшық еттерін дайындау

2. Допсыз торға шабуыл соққысының имитациясы

3. Араный құрығының көмегімен шабуыл соққысы.

Дескрипторлар:

- тапсырманы орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды

- допқа дұрыс шығады

- қолды артқа сермей жоғары секіріп барып допты соғады

- техникалық тұрғыдан дұрыс орындайды

- шабуыл соққысын орындау барысында ойын ережесін бұзбайды

ҚБ: Өзін-өзі бағалау. Байқау.

Волейбол доптары, ысқырық, уақыт өлшегіш, тор. Шабуыл соққысын орындау техникасына арналған интернет ресурс.

https://www.youtube.com/watch?v=2uo3ukWGuyg

15 минут

Тапсырма №2 (Т, ҚБ) Екі топ оқушылары волейбол ойыны кезіндегі тактикалық комбинацияларды құрастырып орындайды және келесі топқа ұсынады.

Дескрипторлар:

- сұрақ – жауап арқылы ойын тактикаларын анықтайды

- АКТ пайдаланып тактика мен стратегияны құрастырады

-құрастырған тактикалық комбинациясын түсіндіре біледі

- бірлескен топтық жұмыс көрсетеді

- комбинацияларды орындау кезінде волейбол ойын ережесін сақтайды

- шағын ойын барысында құрастырған комбинацияларды қолданады.

ҚБ: бір-бірін бағалау

Планшет, маркер, тақта, волейбол добы.

https://www.youtube.com/watch?v=mrgFunrp6Og осы сілтемеде волейбол ойын тактикасы көрсетілген

Сабақтың соңы – 5 мин.

2 минут.

3 минут.

Тыныс алу жаттығуларына назар аудару сұрақтарға шолу жасау, нәтижелерге тоқталу.

Сабақтың соңында оқушылар «Нысана» рефлексиясын жасайды:

- Түсінікті және қызық болды

-Қиындықтар болды

-Түсініксіз болды

-Жұмыс істейтін нәрсе бар

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу