Тактика және спорттық ойындардағы тактикалық қозғалыс. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Cпорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тактика және спорттық ойындардағы тактикалық қозғалыс.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар әртүрлі дене дайындығының жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік ережелерді сақтай алады.

Оқушылар жеке қорғаныстың қызметтік қозғалысын орындап және түсіне алады.

Оқушылар қарсыластың қозғалысына қарсы тұра алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді білу және түсіну.

Берілген тапсырмаларды орындау.

Баскетбол ойынында техникалық шеберлікті жетілдіру.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: баскетбол ойынының керекті дағдыларын талқылап және талдау.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ортаңғы, шабуылдаушы, қорғаушы, жеке қорғаныс, аймақтық қорғаныс.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ойыншылардың амплуасы, қорғаушыларға қарсы тұру, заслон.

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Ашықтық, шындық.

Пәнаралық байланыс

Физика.

АКТ пайдалану дағдылары

Ғаламтор-ресурстарын қолдану:

https://www.youtube.com/watch?v=8mkreYWVF2s

Алдыңғы білім

«Спорттық ойындардың» бөлімінен, өткен сабақтардың тәжірибесі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-12 минут

Сыныптың жиыны. Бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қою арқылы команда болу үшін, капитандарды таңдайды. Сұрақ: Дәлелденген фол дегеніміз не? Баскетбол ойынын кім ойлап тапты? Баскетболдан соңғы ерлер мен әйелдер арасындағы Олимпиада чемпионы? Толық жауап берген үш ойыншы, өздеріне сыныптан команда жинайды.

Әр команда өздерінің денені қыздыру және ЖДЖ-ын орында өткізеді. Жаттығу жасайтын оқушыны, команда капитаны тағайындайды.

Пресске арналған жаттығулар. Гимнастикалық маттардың үстінде немесе шведскалық қабырғада орындалады.

Спортзал, ысқырық.

Сабақтың ортасы

13-37 минут

Сыныптың жиыны. Мұғалім сыныпқа ноутбукта жеке қорғаныстың тапсырмасы туралы көрсетеді. Көрсетілім қосымша түсіндірумен толықтандырылады.

Топтар жұмыс үшін тапсырманы таңдайды. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылап, және керек болған кезде ұсыныстар жасап тұрады. Өткізілген тапсырманы бағалау.

Топтар басқа тапсырманы орындап, жұмыс жалғаса береді. Мұғалім оқушыларға қауіпсіздік ережелерді естеріне салып отырады.

Жаттығу ойыны. Мұғалім жұмысқа кіріспеген оқушылардың арасынан төрешілер алқасын ұйымдастырады.

Спортзал, баскетбол доптары, ноутбук.

Сабақтың аяғы

38-40 минут

Сыныптың жиыны. Сабақты талдау. Доптың қозғалу траекториясын құрастыру туралы талқылау өткізу.

Спортзал.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Мұғалім оқушылардың дарынды және талантты қабілетін қадағалап отырып, тапсырманы деңгейлеп беру.

Жұпттық жұмыс барысында психолгиялық дайындықты беріп, қарастыру.

Сабақ үрдісі кезінде өзін-өзі және бір-бірін бағалау тәсілі жүреді. Жұптық жұмыс барысында көшбасшылық қасиеттері оянады. Мұғалім оқушылардың бір-бірінің қарым-қатынасын қадағалап отыру керек.

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелер сақтау туралы журналы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу