Қауіпсіздік ережесі. Жаттығу және тыныс алу техникасы арқылы физикалық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 51 сабақ.


Сабақ жоспары № 51

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Шаңғы/кросс/коньки дайындығы Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Жаттығу және тыныс алу техникасы арқылы физикалық қасиеттерді дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

8.3.2.1 денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құру және көрсету, оның маңыздылығын түсіну

 Сабақ мақсаттары

Кросс дайындығы кезінде денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендете алады.

Техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне біледі.

 Бағалау критериі

  • Кросс дайындығы кезінде денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендете алады, техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне біледі.
  • Кросс дайындығы кезінде денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құрады және көрсете алады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • денсаулықты нығайтуда физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • денсаулық, жаттығу, қалпына келу техникасы
  • жүрек соғу жылдамдығы
  • бағыт, кеңістік
  • «шырша» «баспалдақ» тәріздес шаңғымен биікке көтерілу.
  • бір уақытта екі қадаммен, бір уақытта бір қадаммен және конький тәрізді сырғанау.
  • «жартылай доға», «доға» тәсілдерімен тежелу
  • эстафеталар және ойындар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • таза ауада дене шынықтыру сабағын өткізу, сіздің денсаулығыңыз үшін қандай пайдасы бар?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Физикалық белсенділік видео сілтеме http://sosmektebi.kz/kz/project/fizicheskie-uprazhneniya/

Жүгіру сілтемесі https://www.youtube.com/watch?v=PYBSqAU_wIg

Бастапқы білім

Шаңғы, кросс және коньки даярлығы сабақтарында әр түрлі жабдықты пайдалану және қозғалыс әрекеттерін орындау кезінде қиындықтарды және қауіп-қатерлерді ұғынады. Жаттығу мен қалпына келтіру әдістерінің негізгі компоненттерін түсінеді

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

  • Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- Жаттығу мен қалпына келтіру әдістерінің негізгі компоненттерін түсінеді.

-Өздерінің тактикалық және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру үшін жаттығулардағы реттілік пен комбинацияны түсіндіреді және көрсетеді.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(ж) «Миға шабуыл» (әдіс) өткізеді

Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.

Оқушылар тамыр ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

(Жж ,ф) Бес минут жүгіру жаттығуын жасаңыздар (төзімділік): оқушылар жұбы осы жаттығу барысында әр конуста сынып бойынша неше уақыт белсенді болғандарын анықтайды. Мұғалім әр минутты хабарлап отырады. Оқушалар әр бес минуттан кейін журек қағысын есептеп жазады, қалпына келтіреді. Осыны апта бойын қайталаңыз, оқушылардың төзімділігін анықтаңыз

(Б, Т, Ж, Ф) Оқушылар 2 командаға бөлінеді. Жүргізушінің белгісі бойынша ойыншы фишкаға дейін жүгіреді. Ол командаға оралған кезде, оған екінші ойыншы «тіркеледі», енді екеуі қашықтықты белсенді жүгіреді. Командалардың барлық қатысушылары паровоз болып тіркеліп, қашықтықты жүгіріп өткенге дейін әрекет қайталанады. Тапсырманы бірінші болып орындаған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор :

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-жаттығу кезінде ағзадағы өзгерістерді біледі.

- тамыр соғысын дұрыс есептей алады..

-топта жұмыс барысында құрмет көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Сұраңыз: динамикалық созылу дегеніміз не? Статистикалық созылу дегеніміз не? Күштілікті дамыту үшін қандай жаттығулар қажет етеді?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:

http://rpp.nashaucheba.ru/docs/index-100773.html

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Таңғы жаттығулар https://www.youtube.com/watch?v=efIL5ySOwM4

https://www.youtube.com/watch?v=PYBSqAU_wIg

Сабақтың соңы

35-40

VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН

 2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН

3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН 

стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу