Қауіпсіздік ережесі. Арнайы дайындық жаттығулары. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.


 Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ

5 бөлім: Шаңғы/ кросс/коньки дайындығы

Күні: Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 8 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі

Арнайы дайындық жаттығулары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.4.1. Сабақтар өткізу аясында денені қыздыру және қалпына келтіруде негізгі компоненттерді анықтау

Сабақ мақсаттары

Сабақтар өткізу аясында денені қыздыру және қалпына келтірудегі негізгі компоненттерді анықтауға үйрету

Бағалау критерийлері

Сабақтар өткізу аясында денені қыздыру және қалпына келтіруде негізгі компоненттерді анықтай біледі.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • денсаулықты нығайтуда физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылай және көрсете алады.

Пән лексикасы және терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • ЖЖС: минутына соққы
  • тынығу сәтіндегі тамыр соғысы, жұмысшы тамыр соғысы, қалпына келу сәтіндегі тамыр соғысы
  • жүрек-тамыр жүйесі
  • ширату, қалпына келу техникасы
  • тамыр соғысын ұлғайтатын жаттығу
  • жартылай доға қалыбынан бұрылу
  • доға бойынша сырғанау
  • табиғи және жасанды кедергілер
  • бір уақытта екі адымдық, бір уақытта бір адымдық, коньки жүрісі
  • «жартылай доға», «доға» тәсілдерімен тежелу
  • физикалық қасиеттер компоненттері (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік)
  • эстафеталар және ойындар

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

Кілттік дағдыларды дамыту

Тапсырмаларды орындау кезінде балама шешу жолдарын ұсыну арқылы ойлау дағдыларын (сыни және креативтік) дамытады.

Алдын ала білімі

Оқушылардың алдыңғы сабақтардың және сабақтан тыс қызметтердің негізінде шаңғы, кросс және коньки даярлығы бойынша бірқатар түсініктері мен қозғалыс дағдылары дамыған.

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(С) Мұғалім оқушылармен амандасады.

Содан кейін техникалық дағдыларын жақсарту үшін ерекше қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған қандай жаттығуларды білетіндерін анықтау үшін келесі сұрақтар қойылады:

  • Қандай әдістер шаңғы, коньки немесе кросс даярлығында жылдамдықты арттыруға септігін тигізеді?
  • Неліктен кейбір тапсырмалар басқаларына қарағанда көбірек физикалық белсенділікті талап етеді?
  • Шаңғы, коньки және кросс даярлығы кезінде біз қандай қауісздік шаралары туралы білуіміз керек?

Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Оқушылармен сабақтың тақырыбын анықтайды «Қауіпсіздік техникасы. Арнайы даярлық жаттығулары».

) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(С, ҚБ) Білім алушылар шаңғы/кросс/коньки айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Оқушыларға шаңғыны тарату. Шаңғыны қолдарына ұстап алаңға бару.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сабақтар өткізу аясында денені қыздыру және қалпына келтіруде негізгі компоненттерді анықтай біледі.

-Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

-Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

(С, Т, ҚБ) Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ бой сергіту кешенін, ал екінші топ қозғалыс әрекетінен кейін ағзаны қалпына келтіру техникасы кешенін құрастырады. Қалыпты жағдайдағы тамыр соғысын өлшеп, жазады да, бой сергіту мен қалпына келу техникасын көрсетеді. Бой сергіту мен қалпына келтіру жаттығуларынан кейінгі тамыр соғысын өлшейді. Бой сергіту мен қалпына келтіру жаттығуларының маңызын талқылайды.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сабақтар өткізу аясында денені қыздыру және қалпына келтіруде негізгі компоненттерді анықтай біледі.

- Бой сергіту және қалпына келу техникасының маңызын түсінеді;

- бой сергіту және қалпына келу техникасын анықтайды және көрсетеді.

Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыздар? Қимылдарды жақсы орындау үшін осы тапсырмада сіздерге қандай дағдылар қажет?

(С, Ж, ҚБ) Бір мезгілдегі адымсыз жүріс әдісін түсіндіру және үйрету. Үнемі екі шаңғы сырғанап, барлық уақытта жылдамдықты бір мезгілде таяқшаларды қатты серпу арқылы орындалады.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сабақтар өткізу аясында денені қыздыру және қалпына келтіруде негізгі компоненттерді анықтай біледі.

-Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

-жаттығуларды орындау кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

-болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

-Үнемі екі шаңғымен сырғанап, таяқшаларды қатты серпу арқылы жүреді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Коньки дайындығы.

Оқушылар келесі жаттығуларды орындайды:

  • Алдымен оң аяқпен итеріліп сол конькимен, содан кейін сол аяқпен итеріліп, оң аяқпен сырғанайды. Қол бұл сәтте қарқынды жұмыс жасайды.
  • Доғамен сырғанау;
  • Жыланша тәрізді (ирек) - екі аяқпен сырғанау. Оны орындаған кезде иықтың жамбасқа қатысты қарсы бұрылысына назар аудару қажет, бұл қозғалысты табиғи орындауға мүмкіндік береді.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сабақтар өткізу аясында денені қыздыру және қалпына келтіруде негізгі компоненттерді анықтай біледі.

-Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;

-аяқтарын дұрыс қояды;

-арақашықтықты сақтайды;

-техникасын бұзбайды.

Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыздар? Қимылдарды жақсы орындау үшін осы тапсырмада сіздерге қандай дағдылар қажет? Конькиді жақсы тебу үшін қандай физикалық қасиеттер болуы керек?

Үлкен бос кеңістік.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh

Шаңғы, коньки тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

http://86.mchs.gov.ru/pressroom/news/item/2438588

Үлкен бос кеңістік. Дене тәрбие жаттығуларына сілтеме:

https://erketai.org/bala-densauligi/balalarga-arnalgan-dene-jattigulari/

Үлкен бос кеңістік.

Шаңғы жабдықтары

Шаңғымен Бір мезгілдегі адымсыз жүріс интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=djAFGn4tEao

https://www.youtube.com/watch?v=KfHeVGWu2Y0

Үлкен бос кеңістік. Конькилер, фишкалар.

Конькимен арнайы жаттығулар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=C81tKh3XXK8&t=309s

https://www.youtube.com/watch?v=D3Zg9AY4TmM

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет? - деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтар өткізу аясында денені қыздыру және қалпына келтіруде негізгі компоненттерді барлық оқушылар анықтай алады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға, денені қыздыру және қалпына келтірудегі негізгі компоненттерді анықтау бойынша сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау қалыптастырушы бағалау арқылы барлық сабақ бойы, сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды

рефлексиялау арқылы жүзеге асады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу