Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 23 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №23

Сабақ тақырыбы: Қазақ ұлттық ойындары

Оқу мақсаты:

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну;

Жағымды орта құру сілтемесі :

https://www.metod-kopilka.ru/sbornik_treningov_dlya_sozdaniya_kollaborativnoy_sredy-13710.htm

Қазақтың ұлттық ойындарына сілтеме : http://collegy.ucoz.ru/publ/88-1-0-6604

Қазақтың ұлттық ойындарына сілтеме:

https://infourok.ru/prezentaciya-na-temu-kazahskie-nacionalnie-igri-866150.html

Қазақтың ұлттық ойындарына тақия тастамақ сілтеме http://pedagogic.ru/books/item/f00/s00/z0000019/st200.shtml

Бағалау критериі:

- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;

-өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді және оны шешудің балама жолдарын ұсынады;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)

.Тақия тастамақ ойыны

Мұғалім оқушыларға ұлттық ойын мазмұнымен таныстырады. Оқушылар дөңгеленіп, шеңбер құрап отырады. Оқушылардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс. Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Бастаушы белгіснен кейін балалар көздерін ашады. Жан жағына жылдам қарап, тақияны өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан дер кезінде тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, өлең, би және т.б. Және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою өрнек бейнесі беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз.

Дескриптор :

-Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Саралау жүзеге асырылады:

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Мұғалім сұрақ қояды:

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді.

Егер сіз ойын ережесін өзгерткен болсаңың, қалай өзгертер едіңіз?

Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады.

(Футбол, волейбол, баскетбол т.б)

Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу