Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 24 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық № 24

Сабақтың тақырыбы : Қазақ ұлттық ойындары

Оқу мақсаты : 8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну;

Бағалау критериі:

- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;

-өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді және оны шешудің балама жолдарын ұсынады;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)

«Кім жылдам » ойынын ұсыныңыз

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

қаржау ойынын

Екінші кезең – көн киіздің екінші бетінде киізді жиектеп орналасқан 8 белгі болады. (2 сурет). Осы белгілерге сегіз асық тігіледі. Екі-алшы, екі–тәйке, екі бүк, екі-шік. Бұлар қарама-қарсы орналастырылады. Ойыншы өз қолындағы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі екі алшы асықты шеберлікпен теріп алып, жоғарыдағы өз асығын жерге түсірмей қағып алуы керек. Осылай жұп асықтарды қате жібермей қаржып алса, 20 ұпай беріледі. Ойын қателіктеріне қарамай аяғына дейін жүргізіледі. Бірақ бір ойыншы екі жұп асықты бір рет қана қаржып ала алады. Қаржый алмаса, 5 ұпайдан айырылады да, келесі жұп асықты қаржып алуға әрекет жасайды. Бірінші және екінші кезеңде қалай ойнаған есепке алынбай-ақ, қатысушы үшінші кезеңге жіберіледі. Үшінші кезең – көн киіздің екінші бетінде киізді жиектеп 9 асық орналастырылады. Ойыншы өз қолындағы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі асықтарды үшүшеуден теріп алып, жоғарыдағы өз асығын жерге түсірмей қағып алуы керек. Осылай үшеуден 9 асықты қате жібермей қаржып алса, 30 ұпай беріледі. Ойын қателіктеріне қарамай аяғына дейін жүргізіледі. Бірақ бір ойыншы үш асықты бірден бір рет ғана қаржып ала алады. Қаржый алмаса, 10 ұпайдан айрылады да, келесі үш асықты қаржып алуға әрекет жасайды. Жеңімпаз үш кезең қорытындысы бойынша анықталады.

Дескриптор :

-ойын кезінде қауіпсіздік ережесін біледі.

- ойын кезеңдерінен өтеді.

-қолындағы асықты жоғары лақтырып жерден 4 асыққа дейін асық көтеріп алады.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Сұраңыз:

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді.

Егер сіз ойын ережесін өзгерткен болсаңың, қалай өзгертер едіңіз?

Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады.

(Футбол, волейбол, баскетбол т.б)

Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушыларға рефлексиялық карточкаларды толтыртыңыз.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу