Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 23 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №23

Сабақ тақырыбы: Қазақ ұлттық ойындары

Оқу мақсаты:

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну;

Бағалау критериі:

- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;

-өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді және оны шешудің балама жолдарын ұсынады;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)

«Теңге ілу» ойынын ойнату

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

ҚАРЖУ (қақпақыл) Бұл ойын үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – көн киіз немесе кілем үстіне төреші бес асықты арасын алшақтатып шашып тастайды. Ойыншы өзінің қолындағы қолайлы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі бір асықты іліп алып, жоғарыдан түсіп келе жатқан өз асығын жерге түсірмей қағып алады, жаңағы жерден алған асықты жерге қойып, тағы да өз асығын жоғары лақтырып, жерден екінші асықты іліп алып, жоғарыдағы өз асығын қағып алады. Осылай үшінші, төртінші, бесінші асықты алады. Осы бес асықты қателік жібермей қаржып алар болса, 10 ұпай беріледі. Егер қолына ұстаған бес асықтың біреуін түсіріп алса, 1 ұпай шегеріледі. Екеу болса, екі ұпай шегеріледі. Егер жоғары лақтырған асығын 3 рет ұстай алмаса, ойын тоқтатылады.

Дескриптор :

-ойын кезінде қауіпсіздік ережесін біледі.

- ойын ережесіне сай ойын көрсетеді.

-ойында жеңіске жетуге, тактика қолданады.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Мұғалім сұрақ қояды:

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді.

Егер сіз ойын ережесін өзгерткен болсаңың, қалай өзгертер едіңіз?

Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады.

(Футбол, волейбол, баскетбол т.б)

Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу

Қосымша ақпарат ретінде пайдаланыңыз.

Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрінің бірі-

асық ойыны. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі  өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі асығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау… т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай  тіркестер асықтың айырықша мәніне қатысты қалыптасқаны анық.

 Асықтың түрлері:

Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:

Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан  (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.

Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Шүкейт жас малдың асығы.

Қойлық – қойдың асығы.

Ешкімек – ешкінің асығы.

Құлжа – құлжаның асығы.

Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

Топай – сиырдың асығы.

Жабай – ірі асықты айтады.

Қолқар – арқардың асығы

Асықтың тұрысының атаулары:

Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.

Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

Асықтың оңқай не солақай екенін ажырату

Асықтың құрылысы

Асық ойын түрлері

Асық ойынының түрлері өте көп. Ол әр өлкеде әртүрлі атауларға ие және ойнау әдіс-тәсілдері де өзгеше. Сөйте тұра аталмыш ойын түрі осы барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталмыш ойын түрін – «үй ішілік» және «далалық» деп екіге бөліп жіктеуге болады. «Үй ішілік» — ойын түрі  қазіргі заманауи жағдайға икемделіп – «тақта ойыны» деп аталса, ал, «далалық» түрі – «алаң ойыны» делініп жүр.

Асық ойынының «тақталық» түріне:

—         «Хан» немесе «Ханталапай», «Хан ату», «Құлжа ату»;

—         «Құмар»;

—         «Қақпақыл»;

—         «Қаржу» немесе «Қаржымақ»;

—         «Сасыр»;

—         «Төрт асық»;

—         «Бес тас»;

—         «Бес асық»;

—         «Иірмекіл» т.б. жатады.

Асық ойынының «алаңдағы» түріне:

—         «Арқаласпақ»;

—         «Алты атар»;

—         «Омпа»;

—         «Кетсін бір»;

—         «Шыр»;

—         «Бәйге»;

—         «Алшы»;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу