Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 14 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық 14
Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты: 8.2.7.1 жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді бағалай білу;
Сабақтың басында оқушыларды сабақ ьақырыбы, оқу мақсаты бағалау критерииі мен таныстырыңыз.
Оқушылрға жағымды орта құру үшін «Кім жылдам» ойынын ұсыныңыз. Ойын ережесін оқушылар балама түрін ойластырып шығарсын
Арқан тарту ойынының жалпы ойын ережесімен таныстырыңыз.
Арқан тарту» ойыны ертеден белгілі халық арасында кең тараған ойынның бірі. Қара күшке бейімі болғандықтан көбіне ерлер ойыны болып есептелінеді. Әрқилы мерекелерде күндіз ойналады. Ойынның екі түрі кездеседі. Бірі – ер адамдардың жекпе-жегі де, екіншісі топ болып ойнау. Ойын өтетін жер тегіс, шағын алаң болуы керек.
Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта тұрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш» … деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді.
«Арқан тарту»
«Арқанға жақында» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі таспа ортадағы бақылау сызығынан 3 м басып өтетіндей арқанмен кейін шегіне алған кезде, ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды.
Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.
Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Біз өз бойымызда тапсырмалар мен мәселелерді шешуге қабілетті дамытуымыз керек? Өз топтарыңызда қандай қиындыққа тап болдыңыз?
Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады. (Футбол, волейбол, баскетбол т.б)
Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтыртыңыз.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығуларын орындатыңыз.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Мұғалім үй жұмысын береді:
- пән терминологиясын жаттау;
- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру