Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 15 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №15
Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 8.2.7.1 жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді бағалай білу;
оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.
ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)
Кім жылдам ойыны
Тапсырма 1
«Ақ сүйек»
Ойын қатысушылары сапқа тұрады. Жетекші «ақ сүйекті» алып, әндетеді (резеңке допты, ағаш кілтті, кескіш таяқтарды және т.б. пайдалануға болады):
Ай толықсып аспанда
Туған кезде, шашбаулым,
Ойнаймын деп Ақ сүйек
Қуана бер мақтаулым, шашбаулым.
Осыдан кейін жетекші сүйекті ойыншылар сабының артына лақтырады. Бұл сәтте сүйектің қайда ұшқанын көрмеу үшін, ешкім кері қарамауы тиіс. Сүйек құлаған кезде, жетекші «Сүйекті жылдам және шапшаң іздеңдер!» деп жариялайды.
Ойынға байланысты қосымша ақпарат
Ақсүйек ойыны – айлы түндерде ойналатын жастардың кең таралған дәстүрлі ойыны. Ақсүйек ойынында лақтырылатын сүйектің өзі «ақсүйек» деп аталады. Бұл ойынды ай жарық түндері, көбінесе жаздыгүні қыз бен жігіт, бозбалалар ауыл сыртында ойнайды. Мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түнінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланылған. Ақсүйек ойынының бірнеше нұсқасы бар.
1-нұсқасы. Ойыншылар екі жақтан жарты шеңбер жасап жиналады. Ойыншылар саны алты адамнан кем болмауы керек (И.И.Ибрагимов). Кейде сүйек орнына сиырдың қылшығынан құмға езіліп жасалған жүн доп қолданған. Келісім бойынша бір ойын жүргізуші таңдалып алынады. Ол бір таяқты кезектесіп «ұстасу» арқылы ойыншылар екі топқа бөлінеді де ойынды бастайды. Екі топтың да ойыншылары киімдерін шешіп, екі жаққа үйіп қояды.
Содан кейін ойын бастаушы А.-ті немесе жүн допты алады да, барынша алысқа лақтырады. Сүйек лақтырылған соң оны іздеп жан-жаққа жүгіреді. Ойынға қатысушылар А.-ті лақтыруға оны ұстап алуға немесе түскен жерінен тауып алып, үюлі тұрған қарсыластарының киімдеріне барып бір-бір заттан алып кетуге тырысады. Ал, қарсыластары болса, оларға кедергі жасап сүйекті немесе допты тартып алып, өз қарсыластарының киімдеріне қарай ұмтылады. Қарсыластары сүйекті немесе шарды бір-бірлеріне лақтырып беру арқылы қарсыластарының тымақ немесе аяқкиім сияқты заттарын алып өз жақтарына қашып келуге тырысады. Осылай ойын бір жақ жеңгенше жалғаса береді. Сөйтіп А.-ті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағыларға жеңілген есебінде айып салынады. Ойын кезінде басқа сүйекті пайдалануға болмайды.
2-нұсқасы. Екі топқа бөлінген ойыншылар өз араларынан бір адамды «қарақшы» ретінде сайлап алады. Ойын басшысының біреуі А.-ті алады да, оны барынша алысқа лақтырады. Екі топтың ойыншылары теріс қарап тұрады да, лақтырылған сүйектің жерге түскен дыбысы естілгенге дейін орындарынан қозғалмай тұрады. Сүйек жерге түсе салысымен, сол жаққа қарай екі топтың да ойыншылары түгел іздеп тауып әкелуге кіріседі. Сүйекті тауып алған адам үш рет «Ақсүйек» деп айқайлайды да «қарақшыға» қарай жүгіреді. Басқалары болса, А.-ті тауып алған адамға қарай жүгіріп, онан тартып алмаққа ұмтылады. Егер ала алмай қалса, онда ол өзі барып «қарақшыға» тапсырады. Содан кейін екінші топтың ойын басшысы сүйекті лақтырады. Қайсы топ сүйекті көп лақтырса, сол топ жеңген болып саналады. Алдын ала А.-ті қанша рет лақтырулары керек екендігін келісіліп алынады. Жеңгендер жеңілген топты мазақтап, «Алай аттым, бұлай аттым, ақсүйекті жалаттым» деп қолдарын соға мазақтайды.
А. ойынында отқа табыну, табиғаттың жандануы және табиғат мезгілдерінің ауысуы, осыған орай, шаруашылық маусымның ауысуы көрініс тапты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру