Тактикалық іс-әрекеттердің негіздері. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 90 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының №90 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 бөлім: Ойын арқылы дағдыларды жақсарту | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Тактикалық іс әрекеттердің негіздері. | |
Оқу мақсаттары | 6.1.5.1. Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу | |
Сабақ мақсаттары | Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсінуге және қолдана білуге үйрету | |
Бағалау критерийлері | Футболдағы тактикаларды, стратегияларды түсіне және қолдана біледі. | |
Тілдік мақсаттар
| Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген. | |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-8мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 9-22мин
23-34мин
| (С, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды. (Т, ЖЖ, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырма беріледі. А) Бағытты өзгертіп фишкалардан «жыланша» өту: - оң аяқпен; - сол аяқпен. Б) Жұппен допты алып жүру: - допты жүрісте беру-қақпаға соққы. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? (Т, Ж, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырма беріледі. «Пасты дәл беру». Алаңға 20х15 м (немесе 15х15 м) көлемде тіктөртбұрыш сызылады. Ойын алаңының ортасына конустармен, фишкалармен 1,5 м болатын қақпа белгіленеді. Тіктөртбұрыштың (шаршының) қарсы бұрышындағы сызыққа екі ойыншы тұрады. Ойыншының біреуі допты параллель серіктесіне береді. Ол допты алып, допты ойын алаңының шетіне дейін алып барады. Одан кейін ойыншылар кері айналып, тапсырманы қайталайды. Допты бергеннен кейін ойыншылар бастапқы орындарына барады. Белгіленген қақпаға алғаш болып 10 рет доп салған ойыншы жеңіске жетеді. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз? | Үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол доптары, фишкалар. Қауіпсіздік ережесіне сілтеме: https://gigabaza.ru/doc/105337.html Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s Допты қақпаға соғу https://www.youtube.com/watch?v=97QETf8tgCM https://www.youtube.com/watch?v=QtsCSd8N0L0 Үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол доптары, фишкалар. Қозғалмалы ойындардағы футбол элементері: ttps://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html
Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s Допты тоқтату https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын барлық білім алушылар түсінеді және қолданады деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Бірін-бірі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| ||||
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру