Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 84 сабақ.


7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Оқу мақсаты:

6.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау

Сабақтың тақырыбы:

Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену.

Сабақтың мақсаттары:

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындауды үйрету.

Бағалау критерийлері :

Ойын кезінде түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын және кейбір жаттығулардағы реттілігін құрастырады және орындайды.

Тілдік мақсаттар

Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

• пас, допты беру

үйлесімдік, реттілік

дәлділік, соққы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

• Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Тапсырма кезіндегі қимыл-қозғалыс реттілігін қандай?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.

(С, ҚБ) Тапсырма

Футболға арналған арнайы жаттығулар:

1. допты кедергілер арасымен алып жүру, келесі серіктесіне пас беру.

2. Серіктесіне пас беру және серіктесінен допты қабылдау.

3. Допты табанның ішкі жағымен серіктесіне беру.

4. Допты табанның сыртқы жақ қырымен серіктесіне беру.

5. Допты аяқтың ұшымен серіктесіне беру.

6. Аяқтың ішкі қырымен алып жүру.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Жаттығуларды орындау кезіндегі қимыл-қозғалыс комбинацияларын және жаттығулардағы реттілігін құрастырады және орындайды.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырма кезіндегі қимыл-қозғалыс реттілігін қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

(С, ҚБ) Тапсырма

«Допты капитанға беру». Ойынға екі топ қатысады. Әрқайсысы өз капитанын таңдайды да, футбол добын алып, оған тиесілі алаңның бір бөлігіне, созылған қолдың қашықтығында және ортаға қолына доп ұстаған капитанды қойып, шеңберге тұрады. Белгі бойынша екі топтың капитандары, кезек-кезекпен, өз шеңберінің әр ойыншысына доптарды футбол әдістерімен (ары-бері бағытта) бере бастайды. Ойын барысында қандай да бір техникалық қателік салдарынан доп кетіп қалса, онда қателік жіберген ойыншы допты орнына қайтарады да, ойын жалғасады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Жаттығуларды орындау кезіндегі қимыл-қозғалыс комбинацияларын және жаттығулардағы реттілігін құрастырады және орындайды.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

https://gigabaza.ru/doc/105337.html

Ғаламтор ресурстарына сілтеме:

Қозғалмалы ойындар.

https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC

Ғаламтор ресурстарына сілтеме: Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар

https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html

Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу