алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 87 сабақ.


7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Оқу мақсаты:

6.2.4.1. Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдана білу.

Сабақтың тақырыбы:

Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену.

Сабақтың мақсаттары:

Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсінуге және қолдана білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Футболдағы дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

• пас, допты беру

үйлесімдік, реттілік

дәлділік, соққы

допты тоқтату, кеудемен, аяқпен;

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

• Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Тапсырма кезіндегі қимыл-қозғалыс реттілігін қандай?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.

Тапсырма

(Т, ЖЖ, ҚБ) Футболға арналған арнайы жаттығулар:

1) Допты баспен соғу;

2) Допты қақпақылдау(жонглирование);

3) Доппен фишканы өту қарсыласқа тебу;

4) Доппен фишканы барып, қайтып әріптеске тебу;

5) Доппен фишканы өту, допты артпен жүргізіп қайту.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады;

- - Допты баспен соғуды дұрыс орындайды.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

(С, ҚБ) Тапсырма

«Футбол элементтері қамтылған эстафета». Ойын футбол алаңында өткізіледі. Ойыншылар екі командаға бөлініп, әрқайсысы қарсылас қақпаға қарсы орта сызыққа қарай бір-бірден колоннамен сапқа тұрады. Командалардың бірінші нөмірлерінің алдына бір-бірден футбол добы қойылады. Мұғалімнің белгі беруі бойынша бірінші нөмірдегілер допты қақпаға қарай алып жүріп, айып алаңынан асырып тебеді, допты қайта алып, өзінің командасына қарай теуіп барады. Допты өз колоннасына алып келгеннен кейін екінші нөмірдегілерге беріп, колонна соңына тұрады. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

https://gigabaza.ru/doc/105337.html

Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар

http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html

Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI

https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w

https://www.youtube.com/watch?v=kP8m_vje_Js

https://www.youtube.com/watch?v=SJjeHk8qHWQ

Допты қақпақылдау

https://www.youtube.com/watch?v=VVSdK-J77_A

https://www.youtube.com/watch?v=zQ22tAcwdl4

https://www.youtube.com/watch?v=WIMeajstUBk

https://www.youtube.com/watch?v=OTpO1uSIeaI

Назарларыңызға рахмет!


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы