Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 87 сабақ.


7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Оқу мақсаты:

6.2.4.1. Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдана білу.

Сабақтың тақырыбы:

Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену.

Сабақтың мақсаттары:

Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсінуге және қолдана білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Футболдағы дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

• пас, допты беру

үйлесімдік, реттілік

дәлділік, соққы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

• Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Тапсырма кезіндегі қимыл-қозғалыс реттілігін қандай?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.

Тапсырма

«Футбол добымен теннис ойнау». Ойын алаңының өлшемі ойыншылар санымен анықталады. 1х1 ойын барысында алаң 10х5 метрден артық болмау керек. 4x4 ойнаған кезде өлшемі 20х10 метр болғаны дұрыс. Шамамен 1-1,5 метр биіктікке тартылған арқан алаңды екі бөлікке бөліп тұрады. Әр топ допты қарсыласы қағып жібере алмайтындай етіп оның жағына қарай лақтыруға тырысады. Егер доп арқан астынан өтсе немесе оны беру кезінде оған тиіп кетсе; егер доп алаң шетіндегі жерге тисе, қате болып табылады. Допты ойынға қосқан кезде аяқты көтеру арқылы орындалады. Әр қателік жеңілген ұпай болып саналады. Ойын 20 ұпайға дейін жалғасады. Егер бір топта 20 жеңіліс ұпайы, ал екінші топта 19 болса, онда ойын топтың бірі 2 ұпайға артық болғанға дейін жалғасады.

Доптың бейтарап жерге түсуі де қателік болып саналады. Ойыншылардың оны басуына рұқсат етілмейді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады.

- Допты тоқтату техникасын дұрыс орындайды.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

(С, ҚБ) Тапсырма

Футболға арналған арнайы жаттығулар:

1) Допты баспен соғу;

2) Доппен фишканы өту қарсыласқа тебу;

3) Допты қақпақылдау(жонглирование);

4) Доппен фишканы барып, қайтып әріптеске тебу;

5) Доппен фишканы өту, допты артпен жүргізіп қайту.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады;

- Доппен еркін жұмыс жасайды.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

https://gigabaza.ru/doc/105337.html

Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар

http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html

Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI

https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w

https://www.youtube.com/watch?v=kP8m_vje_Js

https://www.youtube.com/watch?v=SJjeHk8qHWQ

Допты қақпақылдау

https://www.youtube.com/watch?v=VVSdK-J77_A

https://www.youtube.com/watch?v=zQ22tAcwdl4

https://www.youtube.com/watch?v=WIMeajstUBk

https://www.youtube.com/watch?v=OTpO1uSIeaI

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу