Топтық жиынтық. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 37 сабақ.


 

 

 

 Дене шынықтыру сабағының №37 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Топтық жиынтық

Оқу мақсаттары

6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуге үйрету

Бағалау критерийлері

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтай және қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

 

Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;
  • мақсат, тәуекел, қауіпсіздік;

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикалық қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылар арнайы техникалық дайындық жаттығуларын топта шеңберлермен орындайды:

  • барлық бағыттағы сермеу;
  • айналдыру, барлық бағыттағы сегіздіктер;
  • денемен айналдыру, еденде айналдыру;
  • айналдыру (түрлі дене бөліктерінде), шеңберден өту;
  • орташа лақтырып, ұстау;
  • шеңбермен секіру;
  • шеңбермен айналу;
  • шеңбермен тепе-теңдік сақтау;
  • шеңбермен иілу, лақтыру кезіндегі динамикалық элементер, айналып тұрған шеңберден секіру.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабағындағы құралдармен жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді;
  • Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз?

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылар арнайы техникалық дайындық жаттығуларын топта доппен орындайды:

  • шеңбер, сегіздік, бүркелу, қолсыз жұмыс; мойын тұсында беру, дене, бастың үстінде, аяқтың астында;
  • бір немесе бірнеше қағып алулар, ырғақты өзгерту, қағып алу және лақтыру, (қарамай; қолдың көмегінсіз);
  • дененің екі және үш бөлігімен домалау; қарамай денемен домалау, доппен қозғалыста бұрылу;
  • допен жұмыстағы тепе-теңдік; доппен жұмыс кезіндегі еңкеюлер, лақтыру кезіндегі динамикалық элементтер;
  • доппен жұмыс кезіндегі үлкен секірулер.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабағындағы құралдармен жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді;
  • Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз?

Үлкен бос кеңістік.

Гимнастикалық маттар, шеңберлер.

Шеңбермен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=AdJTY9pNzUE

https://www.youtube.com/watch?v=gVPf2GNu9Go

https://www.youtube.com/watch?v=ZkGsJYdwcps

https://www.youtube.com/watch?v=N6RCtCCQMpw

Үлкен бос кеңістік.

Гимнастикалық маттар, доптар.

Доппен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=mUEhfQURlPI

https://www.youtube.com/watch?v=r_eN16gmIOM

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында барлық білім алушылар жұмыс істей алады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс жасау кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу