Топтық жиынтық. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 38 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының №38 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Топтық жиынтық | |
Оқу мақсаттары | 6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну | |
Сабақ мақсаттары | Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінуге және қолдана білуге, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсынуды үйрету | |
Бағалау критерийлері | Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсініп, балама жолдарын ұсына алады. | |
Тілдік мақсаттар
| Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар. | |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-8мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. Білім алушылар гимнастикалық қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 9-22мин
23-34мин
| (Т, Ж, ҚБ) Білім алушылар заттармен орындалатын топтық композицияларды құрастырады, әуендік сүйемелдеуді таңдайды және орындайды: Секіртпемен әдістер:
Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Тапсырманы орындау барысында қандай балама түрлерін ұсындыңыздар? (Т, Ж, ҚБ) Білім алушылар заттармен орындалатын топтық композицияларды құрастырады, әуендік сүйемелдеуді таңдайды және орындайды:
шеңбермен иілу, лақтыру кезіндегі динамикалық элементер, айналып тұрған шеңберден секіру. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Тапсырманы орындау барысында қандай балама түрлерін ұсындыңыздар? | Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық маттар, секіртпе жіптер. Секіртпе жіппен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=a6Y9wgl5vxw https://www.youtube.com/watch?v=wLMLNFLAUQM Секіртпе жіптің ұзындығын қалай таңдау қажет? https://www.youtube.com/watch?v=CKdRJzycCTA Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық маттар, шеңберлер. Шеңбермен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=AdJTY9pNzUE https://www.youtube.com/watch?v=gVPf2GNu9Go https://www.youtube.com/watch?v=ZkGsJYdwcps https://www.youtube.com/watch?v=N6RCtCCQMpw | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін барлық білім алушылар түсінеді және қолдана алады және оны шешудің балама жолдарын ұсына алады деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолданған кезде және балама түрлерін ұсынған кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| ||||
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру