Волейбол доптарымен ойындар. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Спорттық ойындардың нұсқалары.

Ортақ тақырып: Адами құндылықтар

Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Волейбол доптарымен ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.1 Қозғалыс қызметінде міндеттерді және рөлдерді талдау.

Сабақ мақсаттары

Волейбол доптарымен тапсырмаларды орындау, жарысқа белсенді қатысу, қозғалыс қызметінде міндеттерді ажырату, рөлдерді анықтай білу.

Бағалау критерийлері

Волейбол доптары бар эстафеталарға белсенді қатысады, ойында әр түрлі қызмет міндеттерді ажыратады, рөлдерін ұстанады.

Тілдік мақсаттар

Теориялық және практикалық жаттығулар арқылы пәнге қатысты терминдер білімі мен түсінігі;

  • стратегия, тактика, сигнал
  • көршіге доп, ортаға доп ойыны

Құндылықтарды дарыту

Дене тәрбиесі бағдарламасында мәдениет пен көзқарас алуан түрлілігіне құрмет қалыптастыру келесілер арқылы насихатталады:

Қазақстанның Олимпиада чемпиондары туралы білімі;

Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Өзгелер көзқарасына құрмет және өзгелерге міндеті тарапынан жауапкершілік сезімі;

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүние тану

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Бұл бөлімде бірлесіп оқыту шеңберінде командалық ойындардың әртүрлі нұсқаларына екпін қойылады. Ерекше назар ойын жағдайында шешімді қабылдау бойынша дағдыларға аударылатын ойын арқылы физикалық қасиеттер дамиды.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы жүгіру жаттығуларын, аяқтың бұлшық еттерін созу, жиыру дағдыларын, ұқалау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

(Б, Т, Ж) «Бердің – отыр!»

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

Ойыншылар 2-3 тең командаға бөлінеді, олар сызықтың артында бір-бірден сапқа тізіліп тұрады. Әр топтың алдында 6-8 метрде қолында допты ұстап капитан тұрады. Сигнал бойынша капитан допты өз командасының бірінші ойыншысына береді. Ол допты ұстап алып оны капитанға қайтарады және тізелеп отырады. Капитан допты екінші ойыншыға лақтырады және т.б.

(Б, Т) «Көршіге доп»

Қатысушылар дөңгелене тұрады, доптар шеңбердің қарама-қарсы жақтарында орналасқан Мұғалімнің сигналы бойынша ойыншылар бір доп екіншісін қуып жеткенше, допты бір бағытта барынша тез бере бастайды. Егер бір мезетте екі доп бір ойыншыда болса, ол жеңіледі. Содан кейін доптар қарама-қарсы жақтарға беріледі, және ойын жалғасады.

Үлкен бос кеңістік.

Волейбол доптары. Осы ойынға арналған сілтеме: http://www.igraza.ru/page-3-1-1.html

Осы ойынға арналған сілтеме: http://www.kis-brys.ru/t/343/l/0

Волейбол доптары, бор, мұғалім ысқырығы.

Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия. Кері байланыс.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі тапсырмаларда балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, оңтайлы қозғалыс дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

.

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Ойындар барысында жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен ойындарда тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын анықтау.

Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі іс-қимылдардың орындалуына байланысты қойылған.

Оқу мақсаты оқушыларға түсінікті, белсенді түрде ынталанып қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт толығымен жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалардың орындалу сапасын бақылау, саралау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жекелей, топтық тапсырмалардың орындалу сапасы.

2: Жаттығулардың орындалу ретінің сақталуы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру.

2: Тапсырмалардың орындалуына ықпал ететін факторлар.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың ішкі жағдайына, оқушылардың үнін есту, жекелеген оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу