Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру. Дене шынықтыру, 4 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру.

Оқу мақсаты: 4.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ:

Қауіпсіздіктің жалпы талаптары:

Сабаққа дәрігерлік бақылаудан өткен және қауіпсіздік ережесімен танысқан соң жіберіледі;

Жарақат алу қаупі: жаттығуды жарамсыз спорт құралдарымен орындағанда және сақтандырусыз орындағанда.

Сабақтын басындағы қауіпсіздік талаптары:

Спорттық киімінің талаптарын назарда ұстау және спорттық аяқ киімнің табаны жылтыр болмауын қадағалау;

Дайындық жаттығуларын жүктеме бойынша өткізу;

Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының пайдалануға, орындарын ауыстыруға рұқсат етілмейді;

Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ, таза шүберекпен сүртіп алу керек.

Жеке гигиена талаптарын сақтау

Дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс;

Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды;

Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек;

Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс;

Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

Қысқа қашықтыққа жоғары сөреден жүгіру негізі және үйрету әдістері

сөре /жүгірудің басталуы/

сөрелік қозғалыс / старттық қозғалыс/

арақашықтық бойымен жүгіру

Мәреден өту амалдары /финиш/

Сөре /жүгірудің басталуы/

Сөреге тұру, шығу әдістері;

Таянатын, итерілетін аяқтарды дұрыс таңдап алу нұсқалары;

Сөрелік қозғалыс / старттық қозғалыс/

Сөрелік дайындық, жүгіру командаларын орындау;

Қозғалыс екпіні.

Арақашықтық бойымен жүгіру

Дененің қалпы;

Аяқ, қолдың үйлесімді қозғалысы;

Жылдамдықты арттыру.

Мәреден өту амалдары /финиш/

Қарқынды барынша арттыру;

Адымның арақашықтығының ұзындығын ескеру;

Секірмей, жүгіру екпінімен өту.

Назарларыңызға алғысымды білдіремін!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу