Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 64 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 64

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 бөлім. Топтық ойындар элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар

Оқу мақсаттары

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету.

3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету

 Сабақ мақсаттары

  • Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығулардың орындалуын көрсетеді және тапсырмаларды орындау кезінде айырмашылықтарды және рөлдерді көрсету.

 Бағалау критерийлері

  • Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығуларды орындап көрсете алады;
  • Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру керек екенін түсінеді,
  • Тапсырманы орындау кезінде рөлдерді көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Командалық ойындарда физикалық қасиеттерінің дамуымен қозғалыс дағдыларын көрсетеді және талқылайды.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • жарақат алу, ереже, қауіпсіздік
  • дәлдік
  • жүгіру, жүру
  • допты алып жүру, допты қайтару, допты лақтыру
  • команда, көшбасшы, бір-біріне көмектесу
  • шығармашылық, қабілет
  • эстафеталар, қозғалыс идеялары
  • баламалы шешімдер, стратегия, жоспарлар

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Неге біз тапсырманы орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?
  • Нұсқаулық беруші көшбасшы болып саналады ма?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.

Мәдениетаралық түсінікті дамыту

 Пәнаралық байланыстар

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ қолдану арқылы оқушыларға видео роликтер көрсету. Дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар командалық ойындар арқылы қозғалыс үйлесімдігін дамытады, дәлдікдағдыларын жақсартады. Түрлі дамытушылық ойындары арқылы командалық жұмыста көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Қозғалыс қызметтері арқылы шығармашылық қабілеттері дағдыларын дамытады. Баскетбол элементтері бар эстафеталарда оқушылар баламалы шешімдерді қимыл идеяларында, стратегиялар мен жоспарларда қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

  • Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
  • Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

  • Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
  • Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
  • Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
  • Өкшені артқа лақтырып жүгіру
  • Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
  • Артпен жүгіру
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы керек.

Мұғалім үшін ысқырық, секундомер т.б

Сабақтың ортасы

25 мин.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын талқылауда, топтық немесе қозғалыс ойындарындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардан білетін ережелерді сұрау, және толықтыру. Қауіпсіздіктің не үшін керектігін түсіндіру, талқылау. Ойын кезіндегі, сабақ барысындағы қауіпсіздік ережелерін ескерту. Құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда қауіпсіздікті мұқият сақтау керектігін айту.

«Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар»

Тақырып көлемінде оқушыларға тапсырма беру. Яғни, оқушыларды тең екі топқа бөліп, «Жәмпи» ұлттық көше ойынын ойнату.

Ойынның мақсаты: мергендік және дәлдік қабілеттерді дамыту.

Ойынның шарты: Оқушылар тең екі командаға бөлінеді. Шеңбер сызылады және сол шеңбердің ішіне бос қауашақтар немесе кеглилер тігіледі. Бірінші команда белгіленген жерден жеңіл допты жерлетіп, «боулинг» ойыны сияқты түзу лақтырады. Егер лақтырылған доп кеглилерді құлататын болса, онда топ ойыншылары оны қайта жинап, «жәмпи» деп айлайды. Ал, екінші команданың мақсаты шеңбер ішіне бірінші топтың ойыншыларын кіргізбей, жеңіл доппен ұру арқылы оларды жансыздандыру. Егер бірінші топтың ойыншылары қауашақтарды немесе кеглиді жинаса, онда сол топ қайта допты лақтырады. Егерде барлық ойыншы жансызданып, қауашақтар құрылмаса, онда екінші топ ойыншылар доп лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

Ойынға барлық ойыншы қатысады және оқушылардың мақсаты ойын арқылы дәлдік, мергендік қабілеттерін дамыту. Допты түзу лақтыру арқылы қауашақтарды көздей отырып, дәл тигізу.

Дискриптор:

  • Ойынды өз ережесімен ойнау,
  • Топта белсенділік, ептілік таныту;
  • Допты жерлетіп лақтыру;
  • Мергендік, дәлдік қабілеттерін жетілдіру.

лақтыру әдісі

Ойынды қорытындылау:

Ойынға қатысқан ойыншылардың іс-әрекеттеріне бағалау жүргізу. Жалпы, ойынды қорытындылау. Ойындағы кемшіліктерді, ойыншылардың іс-әрекеттеріне тоқталы. Сұрақ жауап арқылы оқушылардың ойын барысында қандай дағдылары қалыптасқандығын сұрау. Ойын ережесіне сай жүргізілді ме? Қауіпсіздік сақталды ма? Бұл ойынға қандай балама ойын құрастыруға болады? Дәлдік, мергендік, ептілік дағдыларды дамытатын тағы қандай ойындарды білетіндігін сұрау және сол ойындарды ережемен ойнату.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалім үшін ысқырық, кеглилер немесе бос қауашақтар, жеңіл доп, бор т.б.

Қозғалыс ойындарына сілтеме:

http://engime.org/kirispe-ltti-imil-ozfalis-ojindari.html

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Ашық сұрап-жауаптар

Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.
  • Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.
  • Сабақта оқушыларға тапсырмалар немесе жаттығулар төменнен жоғарыға қарай беріледі.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз:

Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және бармақ арқылы бағалау және жаттығуларды орындау

Оқушылар қозғалыс дене жүктемелері дағдыларына

арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу