Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Командалық ойындар. Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1 Қозғалыс қызметінде рөлдер мен міндеттерді қолдану.

3.1.2.1 Жүйелі жаттығулар жинағын жақсарту және орындау.

 Сабақ мақсаттары

Командалық ойындарда ролдер мен міндеттерді анықтау, жүйелі жаттығулар жинағын орындағанда қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау.

 Бағалау критерийлері

Әр түрлі қозғалмалы ойындарда рөлдер мен міндеттердің маңыздылығын анықтайды, ажыратады, жаттығулардың кешенінің реттілігін сақтап, жүйелі орындалуын көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, басқа сөзбен айту); мысалы; адал ойын, ереже, жарыс, ынтымақтастық, өзге адамдардың сұранысын және мүмкіндіктерін түсіну.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылар денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты түсініктері нығаяды. Сондай-ақ оқушылар секіру, лақтыру, бір орыннан беру, допты алып жүру секілді машықтарын жақсартады.

 Пәнаралық байланыстар

Жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылардың қозғалыс ойындарында, спорт ойындарының элементтерінен кейбір дағдылары мен шеберліктері, ойын алаңында қозғалы дағдылары бар. Дене тәрбиесі пәнінің алдыңғы өткен бөлімдерінен және үй жағдайындағы тәрбиеден алған тактика мен страиегияның қарапайым тактикаларын біледі.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Жаттығудың басталғанын және аяқталғанын жариялау үшін мұғалімге ысқырық.

Сабақтың ортасы

(Б, Ж, Ф) Оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім шеңбердің ортасына 2-3 допты бірінен соң бірін домалатады. Доп тоқтамауы тиіс және шеңберден шықпауы тиіс. Оны аяқпен немесе қолмен итеруге болады. Егер оқушы ойынның шартын сәтті орындаса, мұғалім қосымша бірнеше допты ойынға қосады. Егер топ шеңбердің ортасына тұрып қалса, оны мұғалім алады. Шеңбердегі доп санын неғұрлым көпке жеткізу қажет.

(Б, Ж, Тәж, Ф) Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастаушы шеңбердің ортасына тұрып, допты алып «Допты көкке!» деп лақтырады. Қалғандары шеңбердің ортасынан алысқа кетіп қалуға тырысады. Бастаушы тоқтап, орнынан қозғалмастан өзіне жақын тұрғанға допты лақтырады. Осылайша доп тиген ойыншы жүргізуші болады. Егер жүргізуші допты ұстай алмай қалса, «Тоқта!» деп айқайлайды. Допты көкке лақтырып, ойынды жалғастырады.

(Б, Ж, К, Ф) Оқушылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай көршісіне жылдам беруге тырысады.

(Б, Тж, Ф) «Қол хоккейі». Ойын алаңы волейбол алаңының көлемінен аспайды. 5-6 оқушыдан тұратын ойыншылар шағын допты қолдарымен домалатады. Ойынның мақсаты – допты бір-біріне беру арқылы және жеке өзі болып қарсыластың жағына қарай, сызықтан өткізу. Топтың сәтті әрекеттері бір ұпаймен бағаланады.

Әрбір тапсырма түріне үлкен бос кеңістік. Диаметрі орташа 3-10 дана доптар.

Орташа диаметрлі доптар.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім командалық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Қимыл-қозғалысқа құрылған ойындарды ойнау кезінде ықтимал қауіптердің алдын алудың жолдарын ұсыну. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақта ойын, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Өзін-өзі сақтандыруға дағдыландыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу