Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім:Командалық, топтық ойындар.

Ортақ тақырып:Атақты тұлғалар.

Мектеп:ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Б.С. Ахметов

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1 Қозғалыс қызметінде рөлдер мен міндеттерді қолдану.

3.1.2.1 Жүйелі жаттығулар жинағын жақсарту және орындау.

Сабақ мақсаттары

Топтық ойындарда дәлдік пен мергендікті дамытатын дене жаттығуларын анықтау, орындау және ойындарда рөлдер мен міндеттерді қолдану, жаттығулар жинағының үлгілерін жетілдіру.

Бағалау критерийлері

Дәлдік пен мергендікті дамытады, жүйелі жаттығулар жинағын жақсартуды анықтайды, орындайды және топтық ойындарда белсенділік танытады, рөлдер мен міндеттерді ұтымды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Қозғалыс ойындары қозғалыс дағдыларын қалай дамытатындығын баяндап және көрсете алуды меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін:

  • жүректің жиырылу жиілігі: тыныштықта, жүктеме кезінде;
  • қашушы, қуушы;
  • ереже, бағалау жүйесі;
  • қауіпсіздік;
  • адал ойын, ереже, жарыс, ынтымақтастық, өзге адамдардың сұранысын және мүмкіндіктерін түсіну.

Құндылықтарды дарыту

Отбасындағы және мектептегі дене тәрбиесінің арқылы бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің, негізгі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ету.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану; Көшбасшылық ойындардың сілтемесі:

http://summercamp.ru/%D0%98%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%BD%D0%B0_%D0%BB%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%BE

Бастапқы білім

Оқушылардың қозғалыс ойындарында, спорт ойындарының элементтерінен кейбір дағдылары мен шеберліктері, ойын алаңында қозғалы дағдылары бар. Дене тәрбиесі пәнінің алдыңғы өткен бөлімдерінен және үй жағдайындағы тәрбиеден алған тактика мен страиегияның қарапайым тактикаларын біледі.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы жүгіру жаттығуларын, аяқтың бұлшық еттерін созу, жиыру дағдыларын, демді ретке келтіру жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Жаттығудың басталғанын және аяқталғанын жариялау үшін мұғалімге ысқырық. секундомер.

Сабақтың ортасы

(Б, Ж, Ф) Оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім шеңбердің ортасына 2-3 допты бірінен соң бірін домалатады. Доп тоқтамауы тиіс және шеңберден шықпауы тиіс. Оны аяқпен немесе қолмен итеруге болады. Егер оқушы ойынның шартын сәтті орындаса, мұғалім қосымша бірнеше допты ойынға қосады. Егер топ шеңбердің ортасына тұрып қалса, оны мұғалім алады. Шеңбердегі доп санын неғұрлым көпке жеткізу қажет.

(Б, Ж, Тәж, Ф) Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастаушы шеңбердің ортасына тұрып, допты алып «Допты көкке!» деп лақтырады. Қалғандары шеңбердің ортасынан алысқа кетіп қалуға тырысады. Бастаушы тоқтап, орнынан қозғалмастан өзіне жақын тұрғанға допты лақтырады. Осылайша доп тиген ойыншы жүргізуші болады. Егер жүргізуші допты ұстай алмай қалса, «Тоқта!» деп айқайлайды. Допты көкке лақтырып, ойынды жалғастырады.

(Б, Ж, К, Ф) Оқушылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай көршісіне жылдам беруге тырысады.

(Б, Тж, Ф) «Қол хоккейі». Ойын алаңы волейбол алаңының көлемінен аспайды. 5-6 оқушыдан тұратын ойыншылар шағын допты қолдарымен домалатады. Ойынның мақсаты – допты бір-біріне беру арқылы және жеке өзі болып қарсыластың жағына қарай, сызықтан өткізу. Топтың сәтті әрекеттері бір ұпаймен бағаланады.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік.

Диаметрі орташа 3-10 дана доп.

Орташа диаметрлі доп.

Диаметрі орташа 1-3 дана доп.

Орындықтар/аумақты белгілеу үшін конустар.

Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Командалық, топтық ойындарда дәлдік пен мергендікті дамытуға бағытталған жаттығулар жинағына назар аударады, анықтамалар береді. Оқушылар жаттығулар жинағын жақсартудың ұтымды тұстарын анықтап, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Командалық, топтық ойындарда тапсырмаларды орындағанда негізгі қозғалыс дағдыларына, сапаларына мән беру. Физикалық жүктемелер барысында күшті дұрыс жұмсауды ұстану. Жүйелі жаттығулар жинағын орындалуының мағынасын ашу, жақсарту. Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар бойынша жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар негізгі қозғалыс дағдыларын қайталап, сынып алдында өз бетінше көрсету. Тапсырмалардың деңгейлерін күрделендіру, орындалу нұсқаларын ұсыну.

Оқушылар жұптық және топтық қозғалыс қызметінде рөлдер мен міндеттерді қолдану, ұтымды, белсенді жұмыс істеуі. Білім алушы дене жаттығуларының сауықтыруға пайдасын түсіну, қателерін түзету, өзіне ыңғайлы тәсілдерін, ұтымды амалдарды пайдалану. Бірлескен жұмыста жүйелі жаттығулар жинағын тиімді қолдану. Тапсырмалар барысында дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. Физикалық жүктемелер барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі, басқа орындаушылардың сапасын бағалау.

Негізгі дене жаттығуларын орындауда, тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға жете назар аудару.

Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу. Демді ретке келтіру тәсілдері.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқушылар командалық, топтық ойындарда оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, негізгі дене жаттығулар жинағын жүйелі орындайды, қателерін анықтайды, түзетеді.

Түрлі деңгейлі жүйелі жаттығулар жинағын жұппен және топпен орындап қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Түрлі деңгейдегі дәлдік пен мергендікті дамытатын жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника қауіпсіздік ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіруге тапсырмалар берілді, әр түрлі ыңғайлы, ұтымды қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Командалық, топтық жұмыста денсаулықты нығайтуға ықпал ететін тапсырманың шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Жекелеген деңгейлі тапсырмаларды құру, орындалуын қадағалау.

Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Жаттығулар барысындағы амал-тәсілдердің орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың, жаттығулардың айырмашылығы.

2: Жаттығулар жинағына жүйелі ықпал ететін факторлар. Тапсырмалардың, жаттығулардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігі, ынтымағын және әділдігін ұстану, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Жұппен және топта жұмыс істеуге және жүйелі жаттығулар жинағын жақсартуға, дәлдік пен мергендікті дамытуға байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу