Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 23 сабақ.
Дидактикалық материал №23
Карточка №1
Дене сымбатына арналған жаттығулар кешені
Аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары көтеріп, саусақтың ұшына көз алмай қарап тұрып, кеудені жоғары қарай көтеру.
Екі қолды дененің екі жағына, жақындатып төмен ұстап, әскери шеруде жүргендей жүру керек: аяқтың ұшын алға созып, табанды түгелдей жерге тигізіп жүру.
Еденге отырып, аяқты айқастыру. Қолды тізеге қойып, арқаны тіктеу.
Еденге жатып, іш пен аяқты еденге тақау, қол саусақтарын арқа жақтан айқастыра ұстау. Кеудені алға созып, басты алдыға, жан-жаққа, артқа бұру. Қолды дененің жанында ұстап, басты ғана қозғаймыз.
Еңкейіп тұрып, басты ақырын бұру. (Омыртқаның кеуде бөлігін бүгу), екі қолды екі жаққа созу.
Екі иықты алдыға-артқа айналдыру.
Жамбасты тіреп жатып, кеудені артқа қарай ию.
Бір орында тұрып, әскерлерше жүру.
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.
Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)
3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).
4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.
5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).
6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).
7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.
8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).
9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).
10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру. 30 сек.
Қозғалмалы ойындар өткізнген кездегі қауіпсіздік ережелері.
Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
Оқушы міндетті:
- Киім ауыстратын бөлмеде спорттық аяқ киімі мен формасын ауыстыруы керек.
- Басқа жаттығушыларға қауіп төнгізетін заттарды (сыра, сағат, білезік және т.б.) шешіп тастауы керек .
- Спорттық киімнің жанқалталарынан үшкір және бөтен заттарды алып тастау керек.
- Мұғалімнің басшылығымен жаттығуды өткізуге керекті құрал жабдықтарды дайындау керек.
- Сабақты өткізуге кедергі болмау үшін доптар мен басқа да спорттық құрал жабдықтарды стелаждарға орналастыру керек.
- Жаттығу өткізілетін орынға мұғалімнің руқсатымен шығу керек.
- Мұғалімнің айтуымен жалпы сап қатарына тұру.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
1. Екі ойыншы ортаңғы сызыққа келіп, оң қолдарымен ұстасып, сол қолдарын белдеріне ұстап тартысады. | Ойынды дұрыс түсіндірмеуі Тегіс жерде ойналмауы Сыныпты екі командаға тең бөлмеулері Алаңнын ортасынан сызық дұрыс сызылмауы Осы сызықтан 2-3 м.жерге дейін оңға және солға параллель екі сызық сызылмауы Ойыншылар екі тең командаға бөлінбеуі Ортаңғы сызыққа келіп, қарама-қарсы тұрмаулары Екі команда бой жағынан да, күш жағынан да бірдей бөлінбеулері Қарама - қарсы тұрған екі ойыншы ортаңғы сызыққа келіп тұрмаулары Оң қолдарымен ұстасып, сол қолдарын белдеріне ұстап дұрыс ережені сақтап тартыспаулары Кім сызықтан асып кетсе, сол ойыншы жеңіледі. Ойында екі команда бірін-бірі өз жағына тартып бітірмейінше аяқталмауы Екі ойыншы бірін-бірі тартқанда, қалған ойыншылар көмекке келмеулері Белдерінен ұстап тартпағандары Тартысуды белгі берілгеннен бұрын бастап кетулері Тартысуды келісім бойынша жүргізеді: бір немесе екі қолмен тартысуға болады Ойыншы қарсыласын ортаңғы сьізықтан 2-3 метр жердегі сызыққа тартып шығуы керектігі Тартысу ыңғайы өзара келісіледі. |
2. Бір немесе екі қолмен тартысуға болады | Қайтадан өз орындарындарына бармаулары Кеңістікті дұрыс пайдалана білмеулері Әр түрлі айла-тәсілдерді пайдалана білмеулері Ойыншылар сызылған сызыққа келіп оң қолдарымен ұстасып өз жағына тартып алуды білмеулері Сол қолдарын белдерінен ұстап тартуды түсінбеулері Өз жағына ойыншыларды тартып алмаулары |
3. Жеңімпаз болып қай команда көп тартып алса, сол атанады | Ойын ережесін дұрыс сақтамауы Ойыншылар бір –бірінің қимыл-қозғалысын қайталамауы Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы Ойын кезінде тез жүгіре алмауы Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар.
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру