Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 22 сабақ.


Дидактикалық материал22

  Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

 Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.

 Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)

 3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).

 4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды   алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.

 5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).

 6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).

 7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.

 8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).

  9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).

 10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру. 30 сек.

Қозғалмалы ойындар өткізнген кездегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ өтілу уақытында қауіпсіздік талаптары.

Доп ойындары.

Оқушы міндетті:

  • Ойыншылардың бастарына допты лақтырмауы керек.
  • Ойыншыларға доптың лақтыру күшін оларға дейінгі қашықтықтың сәйкестігін өлшеу керек.
  • Алыңдағы ойыншылар мен доптың қозғалысын бақылау керек.
  • Допқа жақын орналасқан ойыншыға, допты алуына кедергі жасамау керек.
  • Бірінші болып допқа иелік еткен ойыншыдан допты қолынан тартып алмау керек.
  • Допты өзіңе тигізбеу мақсатында құлап және еденге жатып қалмауы керек.
  • Екі қолды төменнен құшақпен допты қағып алу керек.

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

1.Ойыншылар бекіністі волейбол добымен құлатады

Ойынды дұрыс түсіндірмеуі

Тегіс жерде ойналмауы

Ойыншылар дөңгелек бойымен тұрмаулары

Олардың бір-біріне арақашықтықтары қол созымдай болмауы

Әрбір ойыншының алдынан дөңгелек сызылмауы

Оның ішінде 3 таяқтан бекініс жасалмағаны

Таяқтардың бастары байланбағаны

Жүргізуші тағайындалмағаны

Дөңгелектің ортасында қорғанысты қорғау үшін тұрмағаны

Дөңгелек бойындағы ойыншыларда волейбол добының болмауы

Берілген белгі бойынша ойыншылар доппен бекіністі құлатуға тырыспағаны

Қорғаушы допты аяғымен, қолымен қағып, бекіністі қорғай алмағаны

Бекіністі бұзған адам қорғаушының орнына бармауы

Ойыншылар дөңгелек ішіне кірмеуі керектігі.

Қорғаушы, бекіністі қолымен ұстамауға тиісті.

Егер бекініске доп тиіп, бірақ құламаса, онда ол әлі алынған жоқ, сондықтан қорғаушы оны қорғауға тиіс.

Егер бекіністі қорғаушының өзі құлатып алса, онда осы уақытта доп кімде болса, сол бекіністі қорғауға барады.

2. Қорғаушы допты

аяғымен, қолымен қағып,

бекіністі қорғауы

Қайтадан өз орындарындарына бармаулары

Ойын кезінде тез жүгіре алмауы

Ойыншылар арнайы белгіге келу екенін білмеуі

Кеңістікті дұрыс пайдалана білмеулері

Әр түрлі айла-тәсілдерді пайдалана білмеулері

Ойыншылар доппен бекіністі құлату керектігін білмеуі;

Қорғаушы допты аяғымен, қолымен қағып, бекіністі қорғау керектігін.түсінбегені

Қорғаушы бекіністі қорғау үшін әр түрлі айла-тәсілді пайдаланбағаны

3. Ойын белгілі бір уақыт аралығында ойналады

Ойын ережесін дұрыс сақтамауы

Ойыншылар бір –бірінің қимыл-қозғалысын қайталамауы

Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы

Ойын кезінде тез жүгіре алмауы

Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары

  • Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар.
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу