Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 22 сабақ.
№22 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)
Кіріспе бөлім
Мұғалімді мұқият тыңау, сұрақтарға жауап беру. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін тапсырмаларды мұқият орындау.
Жүру жаттығулары:
-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,
-қол белде, өкшемен жүру,
-қол алда, жартылай отырып жүру,
-қол желкеде, толық отырып жүру.
Жүгіру жаттығулары:
-қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;
-қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;
-сол қол алда, артпен жүгіру;
-қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;
-қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары:
-Б.қ. қол белде, иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;
-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 ретайналдырамыз;
-Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;
-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;
-Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп-жазу, қыз балалар 25 рет отырып тұру.
Негізгі бөлім:
Ұжымда жұмыс атқару
Мақсаты: оқушылардың ұжымда жұмыс жасау дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.
Оқушылар жұппен «Допты ұшырау» ойынын ойнайды. Сынып бір-бірінің соңынан сапқа тұратын бірнеше тең командаларға бөлінеді. Бірінші саптың алдында бір метрде 2,5 м биіктіктегі екі тіреудің арасына жалаушасы бар жіп тартылып байланады. Бірінші саптың ойыншыларына бір доптан таратылады. Дабыл бойынша бірінші саптың ойыншылары допты жіптен әрі тез лақтыруы қажет және тез жүгіріп оларды келесі жақта ұстап алады. Допты жерге тигізіп ұстай алмаған ойыншы ойыннан шығады. Одан соң екінші сап осы тапсырманы орындайды. 2- турда қашықтық 1,5м-ге дейін, 3-турда – 2 м.ге дейін және т.б. созылады. Қорытынды турдан кейін ойыншылардың көп санын сақтап қалған команда жеңіп шығады.
Тапсырмалардың нұсқалары ұсынылады:
№ 1 нұсқа
Екі команда волейбол алаңының екі жағына өздерінің қалауынша тұрады. Әрбір ойыншының қолында доп болады. Мұғалімнің дабылы бойынша доптарды торға бір, екі қолдарымен, тездетіп лақтырады. Өз жағында бірде-бір доп қалмаған тарап жеңіп шығады.
№ 2 нұсқа
Екі команда волейбол алаңының екі жағына өздерінің қалауынша тұрады. Әрбір ойыншының қолында доп болады. Мұғалімнің дабылы бойынша доптарды торға секіріп барып тездетіп лақтырады. Өз жағында бірде-бір доп қалмаған тарап жеңіп шығады. Допты жүріп, жүгіріп, адымдап басып лақтыруға болады.
Дискриптор:
-ойын ережесін сақтайды;
- топта белсенді қызмет жасайды
«Сабақты қорытындылау»
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.
Қимыл-қозғалыс ойындарға керекті құралдар
Ысқырық секіртпе шығыршық (обруч)
резеңке доп конустар атлетикалық кедергі
Гимнастикалық маты гимнастикалық орындық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру