Нәруыз денатурациясы мен сапалық реакциялары. Химия, 11 сынып, қосымша материал 2.
Практикалық жұмыс
I.Нәруыздардың сапалық реакциялары.
1. Биурет реакциясы. Нәруыздың молекуласындағы пептидтік байланыстардың болуын сілті қатысында мыс (II) сульфатының аз мөлшерімен әсер еткен кезде күлгін түске боялуымен дәлелденеді.
2. Цистеин реакциясы. Құрамында күкірті барα-аминқышқылдарын анықтауға арналған реакция жұмыртқа белогының ертіндісінің натрий гидроксидінің 20% ерітіндісі және қорғасын (II) ацетатының ертіндісімен қайнатқан кезде сұр-қара тұнба түзілуі байқалады.
3. Құрамында ароматтық радикалдары бар a-аминқышқылдарын анықтауға арналған ксантопротеиндік реакция. Концентрленген азот қышқылын тауық / сиыр етіннің бір бөлігіне тамызған кезде сары бояу пайда болады.
II. Жұмыртқа белогының денатурациясы:
- Қыздыру кезінде.
- Күкірт қышқылының ертіндісімен әсер еткен кезде.
- Ауыр металдардың тұздарымен (мыс (II)сульфатымен)әсер еткен кезде.
Нәруыздың қайтымды және қайтымсыз денатурациясы түсінігіне анықтама беріңіз.
Тәжірибе нәтижелері
№ | Әдісі | нәтиже | қорытынды |
1 | Биурет реакциясы Бірдей көлемдегі ақуыз ерітіндісі мен натрий гидроксиді ерітіндісі бар сынауыққа мыс (II) сульфатынан бірнеше тамшы тамызыңыз. | ||
2 | Ксантопротеин реакциясы
Сынауықтағы 2мл ақуыз ерітндісіне бір тамшы концентрлі азот қышқылынан тамызыңыз | ||
3 | Цистеин реакциясы
Ақуыз жанғанда өзіне тән «мүйіз иісі» иіс бөледі. Мұны жібек кіпті жағу арқылы немесе құс қауырсынын жағып Ақуыз құрамындағы бұл элементті келесі әдіспен дәлелдеуге болады. Ақуыз ерітіндісіне бурдей көлемде сілті қосып қыздырады да бірнеше тамшы қорғасын ацетаты ерітіндісінен тамызады.
| ||
4 | Денатурация ақуыз ерітіндісін жанарғыда қыздырыңыз | ||
5 | ақуыз ерітіндісіне бірнеше тамшы мыс купоросы немесе қорғасын ацетаты ерітіндісінен тамызыңыз | ||
6 | ақуыз ерітіндісіне бірнеше тамшы күкірт қышқылы ерітіндісінен тамызыңыз |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?