№ 6 зертханалық тәжірибе «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар». Химия, 10 сынып, презентация.


№ 6 зертханалық тәжірибе «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар»

10.4.2.27 біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізу;

Бағалау критерийлері

Оқушы

біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізе алады

спирттердің судағы ерігіштігіне және жану өніміне олардың молекулалық массасының әсерін сипаттайды

спирттердің жану реакциясының теңдеуін құрастырады

Тәжірибе №1 Спирттердің судағы ерігіштігін анықтау

Нұсқаулық

Сәйкесінше екі сынауыққа 2 мл этил спирті мен изоамил спиртін құйыңыз. Әр сынауыққа 3 мл су қосыңыз және шайқаңыз.

Тәжірибе №2 Спирттердің жануы

Нұсқаулық

Этил спиртінің аздаған мөлшерін кәрден табақшаға құйыңыз. Сіріңкемен жағыңыз. Тәжірибені изоамил спиртімен қайталаңыз.

Қорытынды

Спирттер жанғанда энергия бөлінеді. Этанол көгілдір жалынмен жанады:

С2Н5ОН + 3О2 2СО2 + 3Н2О + Q

Құрамында көміртек атомы көп спирттер жарқырап, тіпті күйеленіп жанады.

Тәжірибе №3 Біратомды спирттерге сапалық реакция

Этанолдың мыс (ІІ) оксидімен тотығуы

 

Нұсқаулық

Сынауыққа 1 мл этил спиртін құйыңыз. Мыс сымды спиртшам жалынында жақсылап қыздырыңыз. Қыздырылған мыс сымды этил спирті құйылған сынауыққа салыңыз.

Қорытынды

Мыс (ІІ) оксидімен тотығып, альдегид түзуі біріншілік спирттердің сапалық реакциясы:

Тәжірибе №4 Көпатомды спирттерге сапалық реакция

Глицериннің мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі

Нұсқаулық

Екі сынауыққа 1 мл 10% мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін құйыңыз және 10% натрий гидроксиді ерітіндісінің 3 тамшысын қосыңыз. Көк түсті тұнба түзіледі. Сынауықтың біреуіндегі тұнбаға глицерин тамшысын қосыңыз және тұнбаны шайқаңыз. Екінші сынауыққа этил спиртін тамшылатып қосыңыз.

Қорытынды

Глицерин жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидімен сілтілік ортада әрекеттесіп, кешенді қосылыс мыс (ІІ) глицератының ашық көк түсті ерітіндісін түзеді:

Бұл – көпатомды спирттердің сапалық реакциясы.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді