№ 6 зертханалық тәжірибе «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар». Химия, 10 сынып. сабақ жоспары.


10.3D

Спирттер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің А.Ә.Т:

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

№ 6 зертханалық тәжірибе «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар»

Оқу мақсаты:

10.4.2.27 біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізу;

Сабақтың мақсаты

Орындалған тәжірибелерге сүйене отырып, спирттердің физикалық қасиеттерін (түсін, иісін, суда ерігіштігін) анықтау.

Қаныққан біратомды спирттердің кейбір химиялық қасиеттерін зерттеу.Көпатомды спирттердің сапалық реакциясын белгілеу.

Тілдік мақсат:

Оқушылар

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып спирттердің кейбір қасиеттерін зертханалық тәжірибелер жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

алкоголь, металдармен байланысы, суда ерігіштігі, ерітінді ортасының табиғаты, біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Спирттер суда ериді, себебі ...

Біратомды және көпатомды спирт... ; қаныққан ..., қанықпаған ..., ароматты...;

... гидроксил тобымен байланысқан көмірсутек радикалына сәйкес ...;

Бағалау критерийі

Оқушы

  • біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізе алады
  • спирттердің судағы ерігіштігіне және жану өніміне олардың молекулалық массасының әсерін сипаттайды
  • спирттердің жану реакциясының теңдеуін құрастырады

Алғашқы білім:

8.4А Көміртегі қосылыстары

9.1В Қосылыстар құрылымы

10.3А Органикалық химияға кіріспе

10.3B Көмірсутектер

Құндылықтармен байланыс

Бір-біріне деген құрмет, адалдық, өмір бойы оқу құндылықтары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

1-7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Білімді жаңғырту:

Тапсырма №1 (І) (f)

Мәтінді толықтырыңыздар

Бутанол-1 гидроксил тобы .................. көміртек атомымен байланысқан, сондықтан бұл қосылыс ................ спирт ретінде белгіленеді. Бутанол-2 гидроксил тобы ....................... көміртек атомына байланысқан, осылайша, бұл қосылыс ................... спирт ретінде белгіленеді. 2-метилпропанол-2 құрамында гидроксил тобы ....................... көміртек атомымен байланысқан, осылайша бұл қосылыс .................. спирт болып табылады.

Өзара бағалау жүргізіледі.

Таратпа материал

Ортасы

8 -37 мин

Оқушыларды топқа бөлу.

Тәжірибе №1 Спирттердің судағы ерігіштігін анықтау

Нұсқаулық

Сәйкесінше екі сынауыққа 2 мл этил спирті мен изоамил спиртін құйыңыз. Әр сынауыққа 3 мл су қосыңыз және шайқаңыз.

Тәжірибе №2 Спирттердің жануы

Нұсқаулық

Этил спиртінің аздаған мөлшерін кәрден табақшаға құйыңыз. Сіріңкемен жағыңыз. Тәжірибені изоамил спиртімен қайталаңыз.

Тәжірибе №3 Біратомды спирттерге сапалық реакция

Этанолдың мыс (ІІ) оксидімен тотығуы

Нұсқаулық

Сынауыққа 1 мл этил спиртін құйыңыз. Мыс сымды спиртшам жалынында жақсылап қыздырыңыз. Қыздырылған мыс сымды этил спирті құйылған сынауыққа салыңыз.

Тәжірибе №4 Көпатомды спирттерге сапалық реакция

Глицериннің мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі

Нұсқаулық

Екі сынауыққа 1 мл 10% мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін құйыңыз және 10% натрий гидроксиді ерітіндісінің 3 тамшысын қосыңыз. Көк түсті тұнба түзіледі. Сынауықтың біреуіндегі тұнбаға глицерин тамшысын қосыңыз және тұнбаны шайқаңыз. Екінші сынауыққа этил спиртін тамшылатып қосыңыз.

Тәжірибелер алаңы

Тәжірибе №1 Спирттердің ерігіштігі

Болжам

Бақылау

Қорытынды

Тәжірибе №2 Спирттердің жануы

Болжам

Бақылау

Қорытынды

Химиялық реакция теңдеуін жазу

Тәжірибе №3 Біратомды спирттерге сапалық реакция

Бақылау

Қорытынды

Химиялық реакция теңдеуін жазу

Тәжірибе №4 Көпатомды спирттерге сапалық реакция

Бақылау

Қорытынды

Химиялық реакция теңдеуін жазу

Бейнеролик

Слайд №1-9

Соңы

38-40 мин

Рефлексия

W = сыныппен жұмыс P = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау  = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!