Лабораториялық жұмыс №5 «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары». Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні: ______________________________________________ Сынып: ____

Лабораториялық жұмыс №5 «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары»

Оқу мақсаты: 11.4.2.43 спирттер мен фенолдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

1.Этанол мысалында спирттердің қасиеттерін: жанғыштығын, сумен араласуын, рН- ортасын және фенолдың химиялық қасиетін зерттеңіз.

Жұмыстың барысы

Жұмыстың барысы

Байқалған өзгерістер

Спирттің жануы

Кәрлен табақшаға 3-4 мл этил спиртінің ерітіндісін құйып, жанғыштығын тексеріңіз.

Спирттің суда ерігіштігі

Сынауыққа 3-4 мл этил спиртінің ерітіндісін құйып, үстіне 2-3 мл су құйыңызда суда ерігіштігін тексеріңіз.

рН ортасы

Сынауыққа 1-2 мл этил спиртін құйып, әмбебап көрсеткішімен рН ортасын тексеріңіз.

Біратомды спирттердің сапалық реакциясы- этанолдың мыс (ІІ) оксидімен тотығуы

Спиртшамның жалынында ілмегі бар мыс сымды қатты қыздырыңызда 1 мл этанол ерітіндісі құйылған сынауыққа түсіріңіз.

- Қыздырғаннан кейін мыс сым қандай түсті болады? Неліктен? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Көпатомды спирттердің сапалық реакциясы – глицериннің мыстың (II) гидроксидімен өзара әрекеттесуі

1. Таза пробиркаға 1-2 мл натрий гидроксидінің ерітіндісін құйыңыз және тұнба түзілгенше мыс (II) сульфаты ерітіндісін қосыңыз.

2. Түзілген тұнбаға глицерин ерітіндісін қосып, шайқаңыз.

Фенолдың сапалық реакциясы – фенолдың темір (III) хлоридімен өзара әрекеттесуі

Фенол ерітіндісі бар стаканға бірнеше тамшы темір (III) хлоридінің ерітіндісін қосыңыз. (бейнебаянды қараңыз)

2. Этил спиртінің суда ерігіштігі туралы не айтуға болады? Өз жауабыңызды молекулааралық байланыстар тұрғысынан түсіндіріңіз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Спирттер басқа органикалық қосылыстар сияқты тотығу реакциясына да түседі.

Этанолдың жану реакциясының реакция теңдеуін жазыңыз:

_____________________________________________________________________________

* Айналуларды жүзеге асырыңыз және реакциялардың өту шарттарын көрсетіңіз:

Н2С=СН2 → C2H5OH → CH3COH

CO2

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Cпирттердің химиялық қасиеттерін сипаттайды және айналуларды жүзеге асырады;

1. Химиялық тәжірибені орындайды;

2. Бақылауды сипаттайды және қорытынды жасайды;

3. Жүзеге асатын реакция теңдеулерін құрастырады;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?