Күрделі эфирлер мен майлар. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 9.4С оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Мектеп 

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып 9

Қатысқандар саны: 

Қатыспағандар саны:  

 

Сабақ тақырыбы

 Күрделі эфирлер мен майлар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 

9.4.3.23 – күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктерін, майлардың қызметін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары 

Майлар мен күрлделі эфирлердің құрылысы мен қасиеттерін және қолданылуын түсіну

 Жетістік критерийлері  

  • Күрделі эфир түзілу реакциясын жаза алады;
  • Күрделі эфирлердің қасиеттерін біледі;
  • Майлардың құрылысын және қасиеттері мен қолданылуын біледі.

 Тілдік  мақсаттар 

  

 Пәндік лексика мен терминология:

Алкоголь, алкоголь, метил спирті, денсаулық, әлеуметтік, улану, артық, қалыпты, себептері туындаған, туындаған, әкелетін, қолданатын ішімдіктермен байланысты әлеуметтік және медициналық мәселелерді сипаттағанда, ауызша / тізімдегі улану мөлшері ...

Алкогольді шамадан тыс тұтыну денсаулыққа байланысты проблемаларды тудырады ... Әлеуметтік мәселелер X.

 Құндылықтарды дарыту  

  

  

Прогматизм, гуманизмді дамыту. Сабақта өзара көмек көрсету, оқуға ұмтылу.

 Пәнаралық байланыстар 

Биология

 АКТ қолдану дағдылары  

Презентация жасау. Бейнероликтер көру. Оқу сайтымен жұмыс істеуге болады: https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/karbon-qyshqyldary

Бастапқы білім  

 

8.4 Көміртек және оның қосылыстары

9.4 органикалық химияға кіріспе

9.4 Көмірсутектер. Отын.

Сабақ барысы  

Сабақтың 

жоспарланған 

кезеңдері  

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет   

 

Ресурстар 

Сабақтың басы  

2минут

Сабақ басында: 

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

«ЖҰМБАҚ СӨЗ» ойынын өткізуге болады, өткен сабақтарда алған білімдерін қайталау мақсатында. Ойын барысында тексерілетін терминдер: изомерия, гомологтық қатар, спирттер, этиленгликоль, ашу, гидратация, карбон қышқылы, эфирлену және т.б. мұғалімнің таңдауы бойынша терминдер қосуға болады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, сынып оқушыларына қарап тұруын сұрау. Ал қалған оқушылар тақтада жазылған теримнді тақтада тұрған оқушыға академиялық тілмен түіндіруі керек. Ал тақтадағы оқушы терминді анықтамаларға, түсіндірулерге сай аныққтауы керек.

Бұл жұмыс барысында мұғалім оқушылардың білімін бағалайды және сабақ барысыннда ескереді.

Сонымен қатар эфирлену не екенін қайталау арқылы жаңа тақырыпқа өтуге болады.

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

 Презентация

1-3слайд

Сабақтың ортасы5минут

 

5минут

Тапсырма№1

Топпен жұмыс: Студенттер этанол мен этан қышқылының үлгілерін жинап, содан кейін эфир мен судың түзілуі реакциясын модельдейді. Дәптерге реакция теңдеуін жазады.

Эфирлердің құрылысын, аталуын, изомерлерін, қасиеттерін және қолданылуын презентация арқылы мұғалім түсіндіреді. Егер мүмкіндік болса бейнефильтмер көрсетуге болады.

Мұғалімнің түсіндірмесі: Күрделі эфирлер табиғатта кең тараған. Олар биологиялық өте маңызды қосылыстар. Гүлдер мен жемістердің құрамында күрделі эфирлер болуына байланысты олардың хош иістері болады. Өсімдік және жануарлар майлары күрделі эфирлерге жатады. Карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін қышқылдардың карбоксил тобындағы сутек атомының орнын көмірсутек радикалы басқан сутектің немесе спирттердегі гидроксил тобының орнын органикалық қышқылдың радикалы басқан туындылар деп қарастыруға болады:

R мен R' — бірдей немесе әр түрлі көмірсутек радикалдары.

Күрделі эфирлер кіші және үлкен молекулалы, қаныққан, қанықпаған, ароматты қышқылдар мен спирттерден түзілуі мүмкін. Күрделі эфирлерді спирттер мен бейорганикалық қышқылдарды әрекеттестіріп те алады. Атаулары: Күрделі эфирлердің аттары олардың құрамына кіретін қышқылдар мен спирттердің қалдығынан құралады (27-кесте). Халықаралық номенклатура бойынша қышқылдың атына спирт радикалының атын қосымша етіп, -оат жалғауын жалғап атайды: H - COOC2H5 - құмырсқа қышқылының этил эфирі (этилформиат немесе метилметаноат). CH3 - COOC2H5 сірке қышқылының этил эфирі (этилацетат немесе этилэтаноат)

Изомерлері: Күрделі эфирлердің изомерлерін оны құруға қатысқан қышқыл мен спирттің радикалдарына байланысты топтардың изомерленуі бойынша анықтайды. Күрделі эфирлер карбон қышқылдарымен класаралық изомерлер. Мысалы, С3Н6O2 изомерлері:

Физикалық қасиеттері және құрылысы

Қарапайым карбон қышқылдарының күрделі эфирлері түссіз сұйықтықтар, суда ерімейді. Күрделі эфирлердің көбінің иістері жағымды. Молекула арасында сутектік байланыс жоқ болғандықтан, сәйкес қышкылдарға қарағанда күрделі эфирлердің қайнау те мпературалары төмен болады.

Химиялық қасиеттері: Гидролиздену реакциясы. Күрделі эфирлердің гидролизі этерификация реакциясына кері реакция, қышқыл немесе сілті қатысында жүреді. Күрделі эфир сумен әрекеттесіп айырылып, реакция нәтижесінде қышқыл және спирт түзіледі:

CH3COOC2H5 + H2O → CH3 - COOH + C2H5OH

Студенттерге майдың да эфирлерге жататынын айтып, гидролизденуі мүмкін екенін ескерту. Студенттерді майларға арналған жалпы формуламен таныстыру және жалпы формулаға сәйкес майларды анықтауды сұрау.

Тапсырма №2

Төменде келтірілген эфирлердің ішінен майларды теріп жаз:

Студенттерден майларды жіктеу туралы сұрау. Оқушы жауаптарын толықтыруға болады: Майлар құрылымы бойынша қаныққан және қанықпаған деп бөлінеді.

Қаныққан майларға май қышқылдарының көмірсутек тізбегінде қос байланысы болмайтын заттар жатады.

Қанықпаған майлар – көмірсутектік тізбекте кемінде бір немесе бірнеше қос байланысы бар май қышқылдарынан тұратын майлар. Мысалы, бір қос байланыс бар май қышқылы – олеин қышқылы, екі қос байланыс – линол қышқылы, үш қос байланыс – линолен қышқылы.

Қатты майлар негізінен қаныққан майлардан тұрады, ал сұйық майларда әдетте қанықпаған майлардың үлесі жоғары болады.

Оқушылардан өсімдік объектілерінде май болуын дәлелдеуді сұрау.

Оқушылар майды анықтау жолын ұсынулары керек: сүзгі қағазына шекілдеуік дәнін тазартып салып, химиялық қасықшамен езгілеу кезінде сүзгі қағазында май дақтарының қалуын айтулары керек.

Тәжірибе жүзінде орындауды ұынуға болады.

Уақытқалса немесе үй тапсырмасы ретінде ҚБ жұмысын ұсынуға болады.

Презентация

Шарстрежнді модельдер жасауға арналған жинақтар

Білімланд сабағынан ұсынуға болады:

https://twig-bilim.kz/kz/film/esters-and-perfumes

Майды сапалық анықтауға арналған құрал жабдықтар: сүзгі қағазы, күнбағыс дәні, химиялық қасықша.

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы 

3минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: 

- нені білдім, нені үйрендім 

- нені толық түсінбедім  

- немен жұмысты жалғастыру қажет  

 

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі критерийлер бойынша бағалай алады 

соңғы-слайд

Үй тапсырмасы

Мазмұндау және 1-7тапсырмаларды орындау (229-233беттер)

15-слайд

Химия оқулығы, 9сынып, авторы Н.Н.Нұрахметов.229-233беттер.

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау  оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?  

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы    

Гарднер бойынша саралау немесе деңгейлік тапсырмалар беру.

Қосымша тапсырма

Әр тапсырманы өзара және өзін өзі бағалап отыру, топтық жұмысты бағалау.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия  

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?  

Жеткізбесе, неліктен?  

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?  

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?  

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?  

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.   

 

Жалпы баға  

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 

1: 

 

2: 

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 

1:  

 

2: 

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?