Күрделі эфирлер мен майлар. Химия, 9 сынып, қосымша материал.


Күрделі эфирлердің құрылысы және олардың табиғатта таралуы

Күрделі эфирлер құрылысы

Күрделі эфирлер – гидроксиль топтарындағы –OH сутек атомын көмірсутек радикалы Rорынбасқан қышқыл туындылары.

Карбон қышқылдарының күрделі эфирлерінің жалпы формуласы: R – C(O) – O – R'.

Күрделі эфир құрылысы ацил тобындағы радикалдың құрылысына (R – C = O) және алкил орынбасарындағы оттек атомымен (– OR) байланысқан радикалдың құрылысына байланысты.

Күрделі эфир атаулары сәйкес түзілген қышқыл мен спирт атауларымен аталады, мысалы:

  • сірке қышқылының метил эфирі CH3COOCH3 (метилацетат);
  • құмырсқа қышқылының этил эфирі HCOOC2H5 (этилформиат).

Карбон қышқылдарының күрделі эфирлері – қышқыл мен спирт арасындағы этерификация реакциясының нәтижесінде пайда болған өнімдер.

Күрделі эфирдің табиғатта таралуы

Күрделі эфирлердің иісі бар және көптеген жеміс пен өсімдіктердің эфир майларының құрамында болады.

Қолданылуы:

Синтетикалық күрделі эфирлерді жеміс эссенциялары түрінде басқа да хош иісті заттармен бірге жеміс шырынынан тұратын сулар, кондитерлік заттар өндірісінде қолданылады.

Сонымен қатар күрделі эфирлер әтір, одеколондар дайындауда да қолданылады.

Кейбір күрделі эфирлер (сірке қышқылының этил эфирі) еріткіш ретінде қолданылады.

Майлардың түзілуі және олардың қасиеттері

Майлар құрылысы

Майлар пропантриол-1,2,3-тің үш атомды спиртпен қосылған триэфирлі органикалық заттар. Ол глицерин деген атпен таныс. Оларды ұзын тізбекті майлы қышқылдар деп те атайды.

Тағам майларының типтері.

Майлардың жіктелуі:

  • Өсімдік және жануар текті;
  • Қатты және сұйық (агрегаттық күйі мен бөлме температурасына байланысты);
  • Қаныққан және қанықпаған.

Құрамында майлардың мөлшері көп болатын өсімдіктекті өнімдерге рапс, соя бұршақтары, зәйтүн, жержаңғақ, күнжіт, кокостар және какао бұршақтары жатады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?