Кремний және оның қосылыстары. № 9 көрсетілім  "Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері" . Химия, 9 сынып, презентация.


Activity 1 Өткен тақырыпқа шолу:

«ТИ» әдісі (true or false)

1. Кремний периодтық жүйеде ІІІ период, ІV топтың қосымша топшасында орналасқан.

2. Кремнийдің сыртқы энергетикалық деңгейінде 3 электрон бар.

3. Жер қыртысында мөлшері бойынша оттектен кейін екінші орында.

4. Табиғатта кремний тек қосылыс түрінде кездеседі.

5. Кремнийдің 3 аллотропиялық түрөзгерісі бар.

6. Кремний металдармен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш болады.

7. Кремний қышқылының тұздары – силикаттар.

8. Кәдімді жағдайда кремний белсенді элемент.

9. Таза кремний - шала өткізгіш.

10. Мүмкін болатын тотығу дәрежелері 0,+4.

Activity 2

Жаңа тақырыпты болжау.

Cабақ тақырыбы:

Кремний және оның қосылыстары. 

№ 9 көрсетілім  "Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының 

модельдері" 

Сабақ мақсаты:

-кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру;

-кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор түрін сипаттау;

-кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру.

Бағалау критерийлері:

кремнийдің маңызды қосылыстарын біледі және оларға сипаттама береді;

кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттап, реакция теңдеулерін құрастырады;

кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіреді.

Бейнесюжет

Twig.bilim.kz

https://twig-bilim.kz/kz/film/solar-power

Activity 3

«Күн батареясы» туралы бейне-фильмді көріп, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Жарықты электр тоғына түрлендіретін құрал қалай аталады?

Оның басқаша атауы қалай?

Күн батареясының тиімділігі туралы не айтасыңдар?

Электр өткізгіштігі өткізгіш пен оқшаулағыш арасында болатын материал қалай аталады ?

Не себептен жартылай өткізгіштер заманауи электрониканың негізі болып саналады ?

Activity 4

9 көрсетілім  "Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері"

«Аквариум» әдісі

Activity 5.(G) мәтіндермен жұмыс

1-топ: “Кремний диоксидіндегі химиялық байланыс түрі және кристалдық тор типі”

2-топ: “Кремний карбидіндегі химиялық байланыс түрі және кристалдық тор типі”

3-топ: «Кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттері»

1-топ:

Дескриптор:

*Кремний диоксидіндегі химиялық байланыс түрі мен кристалдық тор типін көміртек атомымен байланыстыра отырып анықтайды, талқылайды.

2-топ:

Дескриптор:

*Кремний карбиді туралы қысқаша сипаттама береді.

3-топ:

Дескриптор:

*Кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін реакция теңдеулерін құрастыра отырып талқылайды.

Activity 6

А)

Суретті зерделеп, кремнийдің қолдану саласын анықтаңыз. Бөлшектерде болып жатқан өзгерістерге сипаттама беріңіз.

Дескриптор:

Суретке мұқият қарай отырып кремнийдің қолдану аясын болжайды;

Көк түсті бөлшектерде болып жатқан өзгеріске сипаттама береді.

В)

Дескриптор:

Проблемалық сұрақтың шығу сеьептерін және оны шешу жолдарын ұсынады.

Қорытынды шағрады.

С)

Кремний натрий гидроксидімен әрекеттескенде (қ.ж) 3,36 л сутек газы бөлінген болса, құрамында 10 % қоспасы бар қанша кремний реакцияға түседі?

Дескриптор:

Реакцияға түскен кремний массасын есептейді.

Activity 7

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Дескриптор:

Кремний мен алмаздың молекулалық құрылымын және байланыс түрін дұрыс анықтайды.

Кремний мен алмаздағы көміртегінің химиялық байланыстарының және құрылымының ұқсастығы жайында қорытынды шығарады;

Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіреді.

Кремний қышқылының массасын және мөлшерін есептейді.

Кремнийдің неше байланыс түзетінін анықтап,

себебін түсіндіреді.

Activity 8

Бекіту:

«Кіші дөңгелек үстел» стратегиясы.

Топ ішінде «Кремнийдің бүгінгі өмірде алатын орны» тақырыбына әр оқушы дәптеріне бір сөйлем жазады. Дәптерлерін бір біріне беріп, жазылған сөйлемнің мағынасына сәйкес сөйлемдермен толтырады.

Рефлексия «Бағдаршам түстері»

Қызыл-түсіндім

Сары- жартылай мағлұмат түсіндім

Жасыл-толық мағлұмат түсіндім

 

Үй тапсырмасы «Кремний жартылай өткізгіштері негізіндегі қондырғылар» тақырыбы бойынша брошюра дайындау қажет.

Бағалау критерийі:

Зерттеу пәніне, терминологияға, заманауи тенденцияларды және осы аймақта ахуалдарды түсінуі мәтінде көрсетілу қажет.

Келтірілетін материалдың (қолданылатын ресурстардың тізімі) әртүрлілігі және ой-өрісі кең.

Стильдік шешім, ресімдеудің көркемділігі және құрылымдық ұйымдастырылуы ғылыми брошюраның жанрына сәйкес болуы қажет.

Брошюраны ауызша ұсыну кезінде зерттеу пәніне ие болуы және жақсы шешендік дағдылар көрсетілуі қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?